- сөздерді,
сөз тіркестерін қатесіз жазу;
- мәтіндерді сауатты жазу;
- ресми және бейресми тілдік формаларды жазу;
- жоспар түзіп жазу;
- жоспар негізінде тезис жазу;
- сұраулы сөйлемді жаза білу;
- жауаптарды жаза білу;
- шағын мәтіндерді көшіріп
және құрастырып жазу;
- қысқа монолог, диалог, полилог үлгілеріндегі мәтіндерді
сауатты жазу.
Жазылымға ұсынылған мәтін түрлері:
-
эпистолярлық мәтіндер;
-
қарым-қатынас мәтіндері (алғыс айту, т.б.);
-
прагматикалық мәтіндер (газет-журнал материалдары
бойынша);
-
көркем мәтін (тақпақ, өлең, ертегі).
Айтылым бойынша:
-
өзінің ойын айтады;
-
көзқарасын білдіреді;
-
идеясын айтады;
-
оқығаны бойынша ойын білдіреді;
-
тыңдағанының мазмұнын айтады.
Тілдесім бойынша:
-
пікірлесушімен өз ойын бөлісе алу;
-
сұрақ арқылы
диалогті өрбіте алу;
-
диалог мазмұнына қарай тілдік орамдарды қолдану;
-
құптау, қарсылық білдіре алу;
-
пікірлесушіні сөзге тарта білу;
-
өз сөзіне қызықтырудың тәсілдерін қолдану.
Осы талаптардың орындалуы студенттің жалпы сөйлесім
әрекетін дұрыс жүзеге асыруына ықпал етті, соның нәтижесінде
олар мемлекеттік тілді еркін қолдануға төселді.
Студенттердің
монологтық, диалогтық және полилогтық
сұхбат түрлерін меңгертуде мәтіндер іріктелді Атап айтқанда:
монологтық сөйлеуге қатысты қарапайым-тұрмыстық, әлеумет-
тік-мәдени, мәдениеттаным, оқу-кәсіби сала бойынша берілетін
мәтін түрі: қарапайым, базалық, жоғары еркін деңгейге арналған
шағын бейімделген (адаптацияланған)
және бейімделмеген
(адаптацияланбаған) мәтіндер.
Диалог – мәтін түрлері тыңдалым, оқылым, жазылым,
сөйленім әрекеттеріне байланысты іріктеледі.
Монолог – мәтін түрлері тыңдалым, оқылым, жазылым,
сөйленім әрекеттеріне байланысты іріктеледі.
Полилог – мәтін түрлері тыңдалым, оқылым, жазылым,
сөйленім әрекеттеріне байланысты іріктеледі.
Мәтін
көлемі стандарттағы, силлабустағы талаптар
бойынша белгіленеді.
Сөйленім әрекетін қалыптастыру берілген модульдік жүйе
арқылы жүзеге асырылды (10-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: