. Мәдени-танымдық құзыреттілік
– жаңа заман сұраны-
мына сай студенттің болашақ өмірде өзге халықтың мәдениеті
мен ұлттық болмысын тану арқылы олармен бірлесе қызмет ету
дағдыларын қалыптастыру, адами болмысын жетілдіру, мәдени
әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар нәтижесінде қол жеткі-
зілетін ерекше құзыреттілік. Мұнда ұлттық сана, ұлттық бол-
мыс, елжандылық рух қалыптастыру, өз елін сүюге, мемлекеттік
тіл иесі болып отырған халықты құрметтеуге үйрету мәселелері
алға шығарылады.
Білім беру үрдісінде осы мәдени-танымдық құзыреттілікті
сөз мәдениетін оқыту арқылы қалыптастырудың ғылыми негіз-
дерін белгілей отырып, Ж.Дәулетбекова мәдени-танымдық құ-
зыреттілігінің аясында қалыптастырылуы керек біліктерді ұс-
ынған болатын [30]. Біз соларды басшылыққа ала отырып, жоба-
лай оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін гуманитарлық бө-
лімдерде меңгертудің ерекшелігіне қарай студенттер меңгеруге
тиіс мәдени-танымдық құзыреттіліктердің компоненттерін бы-
лай сараладық:
жоба жұмыстарын орындау арқылы қазақ тілінің өзіне
ғана тән ерекшеліктерін тереңдей таниды;
қазақ тіліндегі қатысымдық әдеп нормаларының оның
халықтық болмысынан шығатынын түсінеді;
қазақ тіліндегі этномәдени лексиканың мән-мағынасын
түсіне отырып пайдаланады;
мәдени семантикаға сай сөздердің мәнін таниды;
тіл мен танымның, тіл мен салт-дәстүрдің сабақтасты-
ғын түсінеді;
ұлттық-мәдени ұғымдарды ажырата алады.
6. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік – студенттің қоғамдық
ортада өз орнын белгілеуіне, басқалармен тіл табыса отырып,
ортақ мақсат үшін бірлесе еңбек етуіне қажетті дағдыларды
дамыту нәтижесінде қалыптасады. Мемлекеттік тіл қоғам мүше-
лерінің басын біріктіріп, бір мақсатта ортақ мүдде үшін қызмет
етуінің
басты шарты деп белгіленіп отырған
қазіргі Қазақстанның
тіл саясатын жүзеге асыруда болашақ мамандардың бойында
осы құзыреттіліктің қалыптасуына көп тәуелді. Мәдени-таным-
дық құзырет студенттердің таным көкжиегін кеңейтуге бағыт-
талса, әлеуметтік-мәдени құзырет оның тілді қолдану әрекетін-
дегі мәдени сапасына негізделеді.
Тұлға мәдениеті – қоғам дамуының көрсеткіші, өркение-
тінің өлшемі. Мемлекеттік тілде сөйлейтін қоғам мүшелеріне
қойылатын басты талаптың бірі – қазақ тілін әлеуметтік-тұр-
мыстық қатынаста ғана емес, қоғамның барлық саласында қол-
данумен қоса сол тілдің өзіндік әдеп нормаларын меңгеру. Бұл,
алдымен, болашақ мұғалімдер үшін маңызды, өйткені мұғалім-
нің барлық іс-әрекеті оқушы үшін үлгі аларлықтай деңгейде
болғаны абзал. Сол үшін студенттерге қазақ тілінен берілетін
білім мазмұнында ұсынылған тақырыптарды игеру үшін сөйлеу
әдебі түрлерін меңгеріп, қажетті дағды мен білік қалыптастыру
қажет. Студент жобалар орындау арқылы сөйлеу әдебінің өзін
таныстыру, топ мүшелерін таныстыру, алғыс айту, назарын
аудару, өтіну, шақыру және қоштасу секілді сөйлеу актілеріне
тән нормаларын ұстанады. Осы арқылы студенттің пікірлесуші-
лермен қазақша қарым-қатынас құру үшін ресми және бейресми
жағдайда қажетті орамдарды ұтымды қолдану дағдылары қа-
лыптастырылады. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік қалыптас-
тыру негізінде студент белгілі бір сөйлеу жағдаятында өз пікірін
сыпайы білдіруге, бір нәрсеге объективті түрде баға беруге тө-
селеді. Қазақ тіліндегі ауызша немесе жазбаша ақпаратты хабар-
лау, қабылдау, оған қатысты жауап беру немесе өз ойын жеткізу
мақсаттарының әрқайсысының ерекшелігіне қарай, тиісті сөз
әдебіне тән орамдарды қолдануға үйренеді.
Студенттерге берілетін «Қазақ тілі» пәнінің білім маз-
мұны талаптары бойынша, сұхбат тақырыбына сай мазмұнын
алдын ала болжай білуге, әңгімелесушінің не айтқысы келгенін
алдын ала түсініп, жауап беруге даярлануға, беретін жауапты
даярлауда әңгімелесушінің не айтқанын дұрыс ұғынуға, сұрақ-
жауап репликаларының өзара байланыстылығын түсінуге үлгі
ретінде ұсынылған сұхбатты негізге ала отырып, тілін дамытуға,
коммуникативтік білік-дағдылар қалыптастыруға ұмтылуы тиіс.
Міне, осы жерде әңгімелесудің нәтижелі болуы оған қатысушы
тұлғалардың ішкі мәдени әлеуетіне тікелей байланысты. Ол мә-
дениет жеке адамның тәрбиесіне, қоғамдық ортада өзін-өзі ұс-
тай білу қабілеттеріне келіп саяды. Сол себепті соңғы жылдары
ғалымдар мемлекеттік тілде қарапайым ғана тілдесуді емес,
сұхбат жасаудың мәдениетін қалыптастыруға ден қоя бастады.
Мысалы, ғалым Ә.Әлметова тілді оқыту үрдісінде эт-
номәдениеттану бағытындағы ұлттық танымға тән аялық
білімнің орны мен рөліне қатысты әр түрлі көзқарастарды
қарастыра келіп мынадай қорытынды жасайды: «лингвоел-
тану бағыты тілдерді оқыту жүйесі үшін өз ұстанымы бар
маңызды мазмұнды иелене алады. Оқыту жүйесі бірқатар
қажетті амал-тәсілдер мен мәдениеттануға қатысты білімді
әр деңгейге бөліп, мөлшермен беруді ұсынады. Сонымен қа-
тар барлық осы тұжырымдамалар мәдениетті оқып-үйрену-
ден шығады, мұндағы мақсат тек қана тілді үйрету емес, со-
нымен бірге мәдениетаралық тілдесу құралы ретінде де оны
егжей-тегжейлі үйренуді мақсат етеді» [35].
Жобалай оқыту технологиясы негізінде қазақ тілін оқыту
үдерісінде лингвомәдениеттану ғылымының басты ұстаным-
дары, қағидалары басшылыққа алынды. Ғалым В.А.Маслова:
«Язык хранит увлекательную повесть тысячелетних усилий че-
ловека познать и объяснить мир и себя в этом мире», -деп көр-
сеткендей [36], студент екінші бір тілді меңгеру арқылы сол ха-
лықтың өміртанымын, болмысын, мәдениетін танумен бірге, сол
тілде сөйлеу арқылы оның мәдени талғамын, әдеп нормаларын
сол қалпында сақтайды. Сондықтан студенттің тілді меңгерудегі
қалыптастырылатын құзыреттілігінің бірі әлеуметтік-мәдени
құзырет болуға тиіс деген өз тұжырымымызды ұсындық.
Студенттің әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті меңгеру үде-
рісінде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, отбасылық,
оқу-кәсіби, ойын-сауық салалары бойынша жазылған мәтіндер
ұсынылып, жоба дайындау барысында одан да күрделі әдебиет-
термен жұмыс жасау міндеттеледі. Мәтіндегі сұхбаттық ма-
териалдарға, оның мәдени сапасына мән беріле отырып, ондағы
клишелер мен этикеттік орамдарды өз тілінде қолдану іскерлік-
терін дамытуға арналған жаттығулар орындатылады. Күнделікті
сабақ барысында тақырыптың ерекшеліктеріне қарай сұхбат кө-
лемін белгілеуде мынадай шарт қойылады: тұтастай алғанда әр
деңгей бойынша диалогтар құрылымы 5-6 реплика, клишелер-
ден тұрады. Ал жоба тұсаукесерін жасауға дейінгі аралықтағы
талдау, бірлесе талқылау барысында оған шек қойылмайды.
Студенттер өзінің мүмкіндігінше, сұхбат құрып, өз ойларын
қазақ тілінде жеткізуге жұмылдырылады.
Жұмыс жүйелі жүру үшін алғашқыда тақырып бойынша
тілдесімдер әр қилы етіп ұйымдастырылады. Мысалы: құптау /
құптамау, келісу / келіспеу, алғысын білдіру / өкінішін білдіру,
қолдау / қарсы болу, шақыру және т.б. түрде репликаларды қа-
тысымда қолдануға жаттықтырылады. Бұл мақсат жүзеге асуы
үшін қажетті минимум белгіленді. Мәселен, ауызша және жаз-
баша шағын мәтін құру үшін, 6-8 фраза, 4-5 реплика және ең аз
мөлшерде 500 сөз білуі керек, жоғары деңгейде 2500-3000 сөздік
қор құрайды.
Студенттердің қатысымдық мәдениетке төселуі үшін сөй-
леу актілерінің түрлерін іріктеп, соған сай тілдік дағдыларын
жетілдіруге назар аударылып отырды. Ол жалаң жаттығу бол-
мау үшін, арнайы тілдік жағдаяттар ұсынылды. Ал сол жұмыс-
тардың нәтижесі жобаның әр кезеңіндей тапсырмаларды орын-
дауда туындаған шынайы тілдік қажеттіліктерде бекітілді. Атап
айтқанда, сәлемдесу, танысу, өтініш айту, құттықтау және т.б.
сөйлеу актілерінде, құптау, қарсылық білдіру жағдайларында
студенттер тілдесімге қажет сөздерді талғап үйренді. Бұл тұр-
ғыда тілдің ауызша және жазбаша түрлерінің ерекшелігі де еске-
рілді:
ауызша қарым-қатынасқа түсуге арналған сөйлеу жағ-
даяттық тапсырмаларда диалог, полилог, монологтық сөйлеу үл-
гілері басшылыққа алынды;
жазбаша қарым-қатынасқа түсуге арналған тапсырма-
ларда стандартты құжат үлгілері, жаттығулар, хаттар, әңгіме
жазу түрлері (резюме, құттықтау хат, т.б) негізге алынды.
Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, лингвоелтану
жағдаятында қарым-қатынас орнату мақсатындағы тіл үйрену-
шінің өзінің сөйлесім қажеттілігін қанағаттандыра алуы және өзі
туралы негізгі ақпаратты бере білуіне қол жеткізілді.
Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясы арқылы мең-
гертуде қалыптастырылатын әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктер
аясындағы студенттерден талап етілетін біліктер төмендегіше
сараланды:
-
студенттердің жоба жұмыстарын орындауда қазақ тіліне
тән сөз саптау нормаларын ұстанады;
-
өз сөздерінде қазақ тілінің табиғатына тән сыпайылық-
ты танытатын эвфемизмдерді орынды қолдана біледі;
-
сөйлеу актілеріне қажетті этикеттік орамдарды орынды
жұмсайды;
-
көпшілік алдында сөйлеуде және сұхбаттасу үрдісінде
өз ойы мен пікірін мәдениетті жеткізуге қажетті тілдік құрал-
дарды дұрыс таңдап қолданады;
-
пікірталас кезінде өз көзқарасын өтімді етіп жеткізудің
амал-тәсілдерін дұрыс пайдаланып, түсіністікке қол жеткізеді;
-
әдеби тіл нормаларын ұлттық тілдің өзіндік ерекшелік-
теріне орай қолданады;
-
қазақ тілінің этномәдени және эстетикалық даралығын
таниды.
Сонымен, қазақ тілін жоғары оқу орындарының гумани-
тарлық бөлімдеріндегі дәрісханаларда жобалай оқыту техноло-
гиясын қолдану барысында студенттердің өмірлік дағдыларын
қалыптастыруға қажетті құзыреттіліктерді бір-бірімен сабақтас-
тықта, өзара бірлікте қарастыру білім берудің сапасын заман
талабымен ұштастыруға, сол талапқа сай деңгейінде ұйымдас-
тыруға әкеледі. Құзыреттіліктер шартты түрде осылай жіктел-
генімен, олар бір студенттің бойында тұтастықта көрінеді де
оның адамдық, азаматтық тұлғасын танытатын қасиеттердің не-
гізін құрайды. Сондықтан бұл мәселеге білім мен тәрбиенің, ма-
мандық пен адамдықтың қатар, бірге өрілу үрдісі деп қарау
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |