А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

Бекіту сұрақтары: 
1.
Қатысымдық (коммуникативтік) құзыреттіліктің тілді меңгер-
тудегі мәні. 
2.
Тілдік-лингвистикалық құзыреттілікті қалыптастырудың ғы-
лыми негіздерін анықтаңыз. 
3.
Ақпараттық құзыреттіліктердің студенттің білім алуындағы 
маңызы. 
4.
Проблеманы шешу құзыреттілігінің студентті болашақ маман-
дығына дайындаудағы рөлі. 
5.
Мәдени-танымдық құзыреттіліктердің компоненттерін атаңыз. 
6.
Әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктер аясындағы студенттерден 
талап етілетін біліктерді саралаңыз. 
7.
Студенттің жалпы сөйлесім әрекетінің дұрыс жүзеге асуының 
талаптары. 


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ 
ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ 
Жобалай оқыту технологиясы бойынша істелетін жұмыс-
тарға қойылатын талаптар: 
1.
Оқытушы кез келген проблемалық жобаларды қорғау 
немесе олардың ғылыми шешімдерін, өзіндік дәлелдемелерін 
жалпыға түсіндіру үшін жобаның сценарийін мынадай құрамда 
ұсынуы қажет: 
-
тақырыптың аты;
-
қойылатын проблема; 
-
тақырыпқа сай нақты ұстаным, мысалы, «қатардан қал-
ма және дәлелде», т.б.; 
-
жеке өзіндік көзқарас (пікір); 
-
қорытындылар мен түйіндемелер. 
2.
Полемикалық сипатта шешен сөйлетуге бейімдейтін 
сұрақтар қамтылуы қажет. Олардың бұл мәселе қажет пе? оның 
қойылуы міндетті ме? деген сауалдарға жауап беретіндей өткір 
болуына көңіл бөлінеді. Мысалы: Қазақстанда гендерлік саясат-
тың өзектілігін айту қажет пе? 
3.
Аудиторияны тартудың тілдік тәсілдерін қамту керек. 
Мәселен, риторикалық сұрақтарды пайдалануға болады. Оқу-
тәрбие тақырыбына қатысты жоба жұмысының кіріспе сөзін 
«Жастарды қалай тәрбиелеуіміз керек? Оқу мен тәрбиенің бір-
лігін қалай жүзеге асыруға болады? Осы екі ұғымды бүкіл оқу 
үдерісінде бірге қамтудың қандай мүмкіндіктері бар? Міне, осы 
мәселе бойынша ойлануымыз керек» деп бастау тыңдаушы-
лардың назарын аударуға және өз сөзінің басты бағытын 
танытуға оң ықпал етеді. 
4.
Жоба жұмысында орындаушының тілдік дағдыларын 
дұрыс қалыптастыруға көңіл аударылуы тиіс. Ол үшін арнайы 
клишелерді орынды пайдалану талап етіледі. Мысалы: 
-
мен өзімнің жобамды ұсына отырып мынандай пробле-
малық сұрақтарға жауап іздегім келеді...; 
-
мәселенің шешімін таппай тұрып, _______ жөнінде айту 
әлі ертерек...;
-
бұл сіздерге белгілі (таныс) тақырып. Сіздерді бұл та-
қырып қызықтыратын болуы керек; 


-
мен мынадай пікірге келдім...; 
-
сіздер мені қолдайды деп сенемін;
-
қысқаша айтсам,...;
-
егер сөзімді, пікірім мен ойымды қорытындыласам, ...; 
-
мен сіздерге өзімнің жеке пікірімді дәлелдеуге тырыс-
тым;
-
бұл дәлелдемелер мен келтірілген фактілер бізді кәміл 
сендіреді;
-
сонымен, ең бастысы...;
-
бұл дәлелдер ойымызды толық жеткізу үшін (сендіру 
үшін, еске салу үшін, алдын ала сақтандыру үшін) келтірілді;
-
мен сөзімді мынадай нақыл сөзбен түйіндегім келеді: 
«______».
Әрине, барлық сабақты жобалай оқыту технологиясымен 
өткізу мүмкін де емес, қажет те емес. Өйткені үнемі бір әдіске 
жүгіне беру студенттердің қызығушылығын төмендетері сөзсіз. 
Сонымен қатар мұндай сабақтар студенттің көп уақытын алады. 
Сондықтан оқытушы пәннің мазмұнына қарай жобалау әдісімен 
негізінен СӨЖ/СОӨЖ жұмыстарын ұйымдастыру тиімді. Онда 
студенттер қойылған проблеманың өте маңызды, кәсіби маман-
дығына пайдалы жақтарына көңіл бөледі. Осыған орай жобалай 
оқыту технологиясын қолдануда мынадай талаптар қойылады: 
1. Бірнеше пәннен іргелі білімді талап ететін проблемалар-
дың болуы. 
2. Тұжырым-нәтиженің теориялық, практикалық жағынан 
студент үшін танымдық маңызының жоғары болуы. 
3. Студенттердің дербес өз бетімен орындауына ыңғайлы 
болуы. 
4. Жобаның мазмұндық-құрылымдық бөлігін бірнеше 
кезеңге бөліп қарастыру. 
5. Зерттеу әдістерін әрекет деңгейіне қарай бірізді қол-
дану. Атап айтқанда: 
- проблеманы және одан шығатын дидактикалық міндет-
терді анықтау; 
- болжамдар және оны шешудің жолдарын ұсыну; 
- қажетті және тиімді әдістерге талдау жасау
- нәтижені көрсетудің формаларын: тұсаукесер, рөлдік 
ойын, баяндама т.т. анықтау; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет