А. А. Сатбекова


Жоба тақырыбы: «Қазақ мақал-мәтелдері»



Pdf көрінісі
бет33/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

Жоба тақырыбы: «Қазақ мақал-мәтелдері» 


Жобалау алгоритмі
 
 
Сабақтың мақсаты:
1.
Оқу-танымдық мақсат: Студенттерді қазақша мақал-
мәтелдерді дұрыс қолдануға баулу. 
2. Дамыту мақсат:
а) студенттердің қазақша мәнерлеп оқу техникасын да-
мыту; 
ә) төл дыбыстарды дұрыс айта білу. 
3. Тәрбиелік мақсат: студенттерді қазақ әдеби сөзі әлемі-
мен таныстыра отырып, қазақша сөйлеу мәдениетіне баулу. 
Сабаққа қатысты эпиграф:
«Өнер алды – қызыл тіл»
Сабақтың құрылымы: 
1-кезең. Тақырыпқа қызығушылық таныту 
2-кезең. Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу, олардың мағы-
насын түсіну. 
3-кезең. Берілген мәтіндерге ой-пікірлерін білдірту.
4-кезең. Ойын түрлері 
5-кезең. Қорытындылар жасау
Жобада қолданылатын әдіс-тәсілдер: ақпараттық, зерттеу 
әдістері 
Ұйымдастыру кезеңі. 
(Студенттер бір-бірімен шағын топпен ынтымақтастық 
әдістемесі бойынша жұмыс жасайды)
Топ құрамы 
Топтағы рөлдер 
Топты жабдықтармен 
қамтамасыз ету 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
М
М
а
а
қ
қ
с
с
а
а
т
т
т
т
а
а
р
р
д
д
ы
ы
а
а
н
н
ы
ы
қ
қ
т
т
а
а
у
у
 
 
 
 
 
 
 
 
М
М
а
а
қ
қ
с
с
а
а
т
т
т
т
а
а
р
р
д
д
ы
ы
і
і
с
с
к
к
е
е
а
а
с
с
ы
ы
р
р
у
у
Р
Р
е
е
ф
ф
л
л
е
е
к
к
с
с
и
и
я
я


1 топ
5 студент 
2 топ 
5 студент
3 топ 
5 студент
Отан, ел туралы мақал мәтелдері 
Аталған тақырыптағы мақал-мәтелдердің 
маңызы туралы шағын баяндама жасайды. 
Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер 
Осы тақырыпта ақын-жазушылардың ой-
пікірлерін жинақтайды. 
Адам туралы мақал-мәтелдер 
Осы тақырыпта альбом жасайды, суреттер 
салады. 
Елжандылық 
сезімді 
қалыптастыратын 
суреттер, плакаттар 
Мақалдарға 
қатысты 
синоним 
сөздерінің 
тізбесі 
Адам туралы антоним 
сөздері жазылған пла-
кат 
Отан, ел туралы мақал-мәтелдер 

Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы. 

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 

Отанды сүю – отбасынан басталады. 

Отан оттан да ыстық. 

Ел іші – алтын бесік. 

Пәлен жерде алтын бар, өз жеріндей қайда бар. 

Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы. 
12-сурет – Отан сүю тақырыбындағы суреттер 
Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер: 
 



Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет. 

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. 

Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп. 

Өмірдің өзі – ұлы ұстаз. 

Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім
– жанып жатқан шырақ. 

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. 

Кітап – алтын қазына. 

Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден 
сұра. 

Өзі білмегеннің аузына қарама. 

Оқымаған бір бала, оқыса екі бала. 

Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді. 

Білім – арзан, білу – қымбат. 

Білім инемен құдық қазғандай. 

Еңбегі жоқ ғалым – ыстығы жоқ жалын. 

Асыл – таста, өнер – жаста. 
13-сурет – Өнер-білім мәнді сурет 
 

Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. 

Адам әдет етеді, әдет түпке жетеді. 



Адам болып туған соң, адам болып өлу – парыз. 

Адам деген – ардақты сөз. 

Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде. 

Ақ жүрген адам азбас. 

Адам жайын ауылдас білмейді, істес біледі. 

Елде елу түрлі адам бар. 

Жақсы адам – елдің ырысы, жақсы жер – жанның 
тынысы. 

Адамның көркі – еңбек, заман көркі – адам. 

Кісімін дерсің, кім екеніңді басыңа іс түскенде білерсің. 

Кісі қатесіз болмас, от түтінсіз болмас. 

Талабы жоқ жас – қанаты жоқ құс. 

Асыл адам жасына жетпей марқаяр. 

Он адам жүрген жерде із қалады, мың адам жүрген 
жерде жол қалады. 

Әркімнің өзі шығар биігі бар. 
Студенттердің меңгеруі тиіс белсенді сөздігі жадынама 
түрінде беріледі: 
1.
Отан – Родина 
2.
ел – страна
3.
алтын бесік – золотая колыбель 
4.
жер – земля 
5.
күрес – борьба
6.
шаһар – қала 
7.
шипа – лекарство 
8.
туған жер – родная земля 
9.
парыз – долг, обязанность 
10.
адамның көркі – красота человека 
11.
асыл – благородный, драгоценный 
12.
талабы жоқ – нет стремления, требования 
13.
жалын - пламя 
14.
ұлы ұстаз – великий учитель, наставник, педагог 
15.
ақыл – разум, ум, интеллект
16.
ел аралаған – обойти страну 
17.
сыншы - критик 
18.
арзан - дешевый 


19.
қымбат - дорогой 
20.
із қалады – останется след 
21.
марқаяр - подрастающий 
22.
заман – время, эпоха, эра 
23.
әркім - каждый 
24.
от түтінсіз болмас – нет дыма без огня 
25.
бейнет – мука, труд, тяжба 
26.
зейнет – блаженство (пенсия, наслаждение) 
27.
өнер – искусство, мастерство, ремесло 
28.
қанат - крыло 
29.
із – след
30.
қазына – клад, достояние, богатство, казна 
31.
білім – знание, образование 
32.
әдет – навык, обычай, привычка 
33.
ауылдас – земляк (землячка), односельчане
34.
күрес – борьба 
35.
үлес – вклад, доля, часть
Сабақтың барысы: 

1-кезең. Тақырыпқа қызығушылық таныту. 
Оқытушы.
Қазақ халқында мақал-мәтел «сөздің атасы» 
болып танылады. Мақал-мәтел белгілі бір мәселеге байланысты 
тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, жиі 
қолданған үлгілі және тәрбиелік мәні зор сөздер. Онда халық-
тың дүниеге деген көзқарасы көрінеді. 
Студент.
Мақал-мәтел біз үшін өте керек. Өйткені мақал-
дап сөйлесу адам баласын жақсылыққа тәрбиелейді, мен доста-
рыммен сөйлесу кезінде әрдайым мақалдарды қолданамын. Мы-
салы: Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет деген мақал адам-
дарды білімге баулиды, білім алуға шақырады, алды қиын бол-
са, соңында жақсы нәтижелерге жететінін айтады.
(Өзінің ма-
қал-мәтел туралы шағын баяндамасын мәнерлеп оқиды).
2-кезең. Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу, олардың 
мағынасын түсіну. 
Оқытушы слайдтарды көрсете отырып, ондағы мақал-
мәтелдерді өзі оқып, кейін студенттерге оқытқызады. 


1-топ. 
Отан, ел туралы мақал - мәтелдердің маңызы ту-
ралы шағын баяндама жасайды. 
2-топ.
Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер туралы ақын-
жазушылардың ой-пікірлерін жинақтайды. 
3-топ. 
Адам туралы мақал-мәтелдерге арналған альбом 
жасайды, суреттер салады. 
3-кезең. Берілген сұрақтарға жауап беру.
Студенттер келесі сұрақтарға жауап береді: 
1.
 
Мақал – мәтелдің айырмашылығы неде? 
2.
 
Мақал-мәтелдердің түрлерін атаңыз. 
3.
 
Мақалдың тәрбие жұмысындағы рөлі қандай? 
4.
 
«Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» деген ма-
қалға түсініктеме беріңіз. 
5.
 
«Бай болмасаң, болма, білім-өнерге сай бол»- деген ма-
қалда негізгі байлық неде екенін көрсетеді? 
6.
 
«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» мақалы-
ның мәнін түсіндіріңіз. 
7.
 
«Адам жайын ауылдас білмейді, істес біледі» деген 
мақалды қандай жағдаятта қолдану керек? 
8.
 
«Білім инемен құдық қазғандай» деген мақалды қан-
дай ситуацияда қолдану керек? 
9.
 
«Он адам жүрген жерде із қалады, мың адам жүрген 
жерде жол қалады» деген мақалды қалай түсінесіз? 
10.
 
Өнер-білім туралы 5 мақалды жатқа айтыңыз. 
11.
 
«Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады, құлағы жоқ, 
көзі саудың ақылы солады», - мағынасын түсіндіріңіз. 
12.
 
Адам туралы 5 мақалды жатқа айтыңыз. 
13.
 
Отан, ел туралы 5 мақалды жатқа айтыңыз. 
14.
 
«Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» деген 
мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.
 
4-кезең. Ойын түрлері 
1. Кімнің күні жарқын? 
Топ басшылары тақтаға шығады. Тақтада үш дөңгелек 
суреті салынған, олар өздерінің тақырыптары бойынша мақал-
мәтел айтады және әр айтқан адам дөңгелекке күн сәулесін 


қатысымдық 
интеллектуалдық 
эмоционалдық 
Жеке тұлғаның 
қасиеттері
табандылық 
креативтік 
бейімделу 
мақсат қоя білу 
жауаптылық 
салады. Белгіленген уақытта күнге көп сәуле салған капитан 
жеңімпаз атанады. 
2. Кім жеңеді? 
Топ мүшелеріне оқытушы мақал-мәтелдің басын айтады, 
ал қатысушылар сол мақалды немесе мәтелді аяқтауы керек. Кім 
бірінші болып барлығына жауап береді сол топ жеңеді. 
3. Дұрыс сөз.
Үш топтан бір адам шығады, әр қатысушыға бір сөз 
беріледі. Ол сол сөздерден тұратын мақал-мәтелдерді айтады. 
4. Дәл қолдан.
Әр топқа үш мақал-мәтелден беріледі. Олар берілгендерді 
нақты ситуациялар жасап, сол ситуацияларда қолданады. 
Мақалды орынды қолданған топ жеңеді. 
5. Пантомима.
Топқа актив сөздігінен сөздер беріледі. Олар берілген 
сөздерден пантомима жасайды. 
6. Поэзия.
Оқытушы
өлең жолдарын оқиды, тез оқуы
керек, ал ойын-
ға қатысушылар өлең жолдарынан мақал-мәтелдерді тауып 
алады. 
7.Сөздерді тап.
Бірнеше әріптер жазылады. Қатысушылар сол әріптерден 
сөздерді тауып мақал-мәтел құрастырулары керек. 
5-кезең. Қорытындылар жасау.
Сабақ аяқталған соң, барлық мақсаттарға қол жеткізіледі. 
Онда студенттің бойында жағымды қабілеттер қалыптасады. 
Қолданбалы-практикалық жобалар арқылы қалыптасатын жеке 
тұлғаның бойындағы қасиеттер құрамы төмендегі суретте (14-
сурет) көрсетеміз. 


14-сурет – Қолданбалы-практикалық жобалар арқылы 
қалыптасатын жеке тұлғаның бойындағы қасиеттер 
Негізінде, жобалай оқыту технологиясы қазақ тілін оқыту 
үдерісінде қолданылғанда, студенттің жеке тұлғасын дамытуға 
бағдарланады. Сондықтан да оқытушының тікелей басшылы-
ғымен орындалатын жобаларды студентті өзін-өзі жеке тұлға ре-
тінде тануға жасалынған айқын мүмкіндік деп те бағалауға бо-
лады. 
Студенттер жобаны орындауда оқытушыны тек ақылшы 
деп қана емес, ынтымақтастықпен бірлесе отырып орындауға 
басшылық ететін жанашыр ретінде де тани алады. Сонымен 
бірге ынтымақтастықтың кілті өзінің курстастарымен де тіл та-
бысып отырып қана жобаның болжамын дәлелдеуге мүмкін-
діктер таба алатынына көзі жетеді.
Осының барлығы келіп, жобалай оқыту технологиясының 
білімді бірлесе отырып іздену – өмірдің қиындығы мен ауыртпа-
лығын жалпыадамзаттық проблема, ал одан шығу жолдарын 
іздеу де жалпыадамзаттық проблема екенін тануға алып келеді. 
Ал бұл болашақ педагог үшін аса қажетті қабілет болып сана-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет