А. А. Сатбекова


ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ



Pdf көрінісі
бет34/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР 
 
Студенттер қазақ тілі бойынша орындаған жобаларды өз-
дерінің мектептегі іс-тәжірибесінде жүзеге асырып, оқушылар-
мен бірге оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік алады. Сондықтан 
студенттердің белсенді оқыту әдістерін меңгеруі – қазақ тілінен 
жобалар орындатуда қажет болып саналатын маңызды іскерлік-
тің бірі. 
Белсенді оқыту әдістері қазақ тілін оқыту барысының же-
келеген сабақтарының кезеңінде болсын, тұтас оқыту үдерісін-
де болсын, өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Осы икемділігі 


мен қолдануға қолайлылығының арқасында белсенді оқыту 
әдістері қазақ тілін тиімді оқытуда студенттің тіл меңгеруінде 
нәтижелі мәнге ие болады.
Белсенді оқыту әдістерін қолдану тек білім алушының 
белсенділігін арттыру үшін қолдану дегенді білдірмейді. Белсен-
ді оқыту әдістерінің жүйелі қолданысы мен бірізділікте дамы-
тылып отыруы ғана көзделген түпкі мақсатқа жеткізері хақ.
Жобалай оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін мең-
гертуде белсенді оқыту әдістерін қолданудың өзіндік логикалық 
ретті жолы болады. 
Біріншіден, студенттерге белсенді оқыту әдістерін жоба-
лай оқыту үдерісінде жүйелі қолдану арқылы қазақ тілін 
оқытуда дәстүрлі жүйедегі әдістердің қазақ тілін жедел және 
сапалы оқытуға жеткіліксіз екенін студенттің саналы түсінуіне 
мүмкіндік жасау керек. Оған оқытушы қазақ тілінің оқыту құ-
ралдарын, бағдарламалары мен оқулықтарын талдау арқылы 
және студенттер арасында жүргізілген түрлі тест, сауалнама, 
жаттығу-тапсырмалар арқылы көз жеткізуге болады. 
Екіншіден, оқытушы белсенді оқыту әдістерін нақты жо-
баны орындату барысында дидактикалық, тәрбиелік, дамыту-
шылық мақсаттардың әрқайсысына сай іріктеп алып, оны сту-
денттердің қызығушылығын арттырудың бір жолы ретінде де 
пайдалануы нәтижесінде оқыту үдерісі де жандандырылатын 
болса, студенттің бұл әдістерді саналы қолдануы жүзеге асады.
Үшіншіден, қазақ тілін оқыту үдерісінде белсенді әдістер-
ді қолдану студенттің білімді саналы түрде меңгеруіне де тірек 
ретінде қолданылуы тиіс. Сонда студенттің өзі-ақ кейбір әдісте-
мелік құралдарда беріліп жүрген қандай да бір жалған түсінік 
тудыратын («Алмас орманда келе жатып, ағаш басынан телеви-
зор көріп қалды» деген сияқты т.б.) оқыту өрнектерін мүлде 
қолданбауға саналы түрде келеді. Бұл жоба жұмыстарында ба-
рынша пайдалы және қажетті мағлұматтарды орынды қолдануға 
мүдделі ететін болады. 
Төртіншіден, қазақ тілі сабақтарында белсенді оқыту
әдістерін неғұрлым өмірге жақын жағдаяттармен байланысты-
рып қолдану да студенттің білімі мен білігінің ұштасуына 
әкелетінін оқытушы ескеруі тиіс. Бұл орайда алынған білімді 
арнайы ұйымдастырылған тілдік жағдаят арқылы практикалық 


дағдыға айналдыру мүмкіндігінің үлкен екені дау тудырмайды. 
Ойындық жобалардың өзінде де студенттің белгілі бір пробле-
малық жағдаятты шешуге қатысуы арқылы сол сабақта алған 
білігі автоматтандырылып, оның өмірлік дағдыларын қалыптас-
тыруға жол ашатын болады.
Бесіншіден, студенттердің шығармашылық, ізденімдік қа-
білеттерін дамыту мақсатында орындалатын жұмыстардың жүр-
гізілу жүйесі мен бағдарлары да белсенді оқыту әдістеріне не-
гізделуі оқытушы жадында тұруы қажет. Мысалы, жобалай 
оқыту технологиясы аясында студенттің белгілі бір атау этимо-
логиясын зерттеуі, қазақ тіліндегі жарнамалардың тіліне талдау 
жасау, көше атауларының тарихын зерделеу, т.б. бағыттағы жұ-
мыстар студенттердің шығармашылық қабілетінің ұшталуына 
жақсы әсер ететіні сөзсіз.
Алтыншыдан, белсенді оқыту әдістерінің тиімділігін сту-
денттің күнделікті шынайы өмір салтына байланысты тексеру 
жолдарын нақтылап белгілеу де оқытушының шеберлігін көр-
сетеді. Студент өзінің мамандығы бойынша қазақ тілінде ғы-
лыми баяндама жасауына, реферат жасауына қажетті білік-
дағдылар қалыптастырып, пәнаралық байланыс негізінде кәсіби 
пәндер оқытушысымен бірлесе отырып, интеграциялық сабақ 
өткізілсе, студенттің өзі меңгерген білімнің деңгейін тексеруіне 
мүмкіндік туар еді. Бұл орайда, әсіресе, пәнаралық жобаларды 
сапалы жүргізудің жүйесі қалыптасатыны да анық. 
Іскерлік ойындар 
“Пресс-конференция” 
“Ойға шабуыл” 
Оқу ойындарында 
қолданылатын белсенді 
оқыту әдістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет