А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет36/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

16-сурет – Жобаны орындау барысында қолданылатын 
ойынның атқаратын қызметтері 
Ойынның бұл аталған қызметтері бір мақсатқа жұмылды-
рылғанмен, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. 
Атап айтқанда:
1. 
Білімдік қызметі
білім алушының есте сақтау, зейін, ақ-
паратты қабылдау, жалпы оқытуда білім және біліктерін, тілдік 
ұғымдарды меңгеру қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді. 
Ойын әдістерінің қызметтері 
қарым-
қатынастық 
білімдік 
релаксациялық 
психологиялық 
дамытушылы
қ 
cергіту 
тәрбие 


Мұның бәрі ойынның эмоционалдық және ойлау қызметінің, 
шешім қабылдау білігінің қалыптасуын талап ететін және басқа 
да оқыту мүмкіндіктеріне бай ерекше ұйымдастырылған оқу
қызметі екенін көрсетеді. 
2. 
Тәрбиелік қызметі
ойын барысында зейінділік, ойын 
бойынша серігіне адамгершілікті қатынасы, ізеттілік, өзара 
көмек және өзара қолдау сияқты қасиеттерге тәрбиелейді
қарым-қаты-нас мәдениетін қалыптастырады.
3. 
Сергіту қызметі
жоба
орындау барысында жағымды ат-
мосфера қалыптастыра отырып, сабақты қызықты, тартымды 
етеді де, тіпті кейде ертегі әлеміне немесе ерекше оқиғаға 
айналдырады. 
4. 
Қарым-қатынастық
(коммуникативтік) қызметі тілдік 
ұғымдарды сөйлеу тілінде сапалы және сауатты қолдана білуде 
студент топтарын біріктіреді, жаңа эмоционалды-коммуника-
тивтік қатынастарды қалыптастырады. 
5. 
Релаксациялық қызметі тілдік
теорияларды белсенді 
меңгеруде жүйкеге салмақ түсуінен пайда болған эмоцио-
налдық шаршауды жоюға көмектеседі. 
6. 
Психологиялық қызметі
студенттің әрекетін неғұрлым 
сапалы ету мақсатында жеке физиологиялық біліктерді қалып-
тастырып, ауқымды ақпараттарды меңгеру үшін студенттің 
психикасын қайта құрудан тұрады. Психологиялық тренинг 
жүзеге асырылады, өмірдегі жағдайларға жақын рөлдік ойын-
дарда және басқа да ойындар кезінде қалыптасатын түрлі жеке 
психологиялық қабілеттердің пайда болуынан байқалады. 
7. 
Дамытушылық қызметі
дара тұлғаның резервтік мүм-
кіндіктерінің белсенділігін арттырып, оның бойындағы жеке қа-
сиеттердің даму үйлесімділігіне бағытталады.
Жобаны орындату барысында ойынды қолданудың кри-
терийлері бар, олар мынадай болып келеді:

когнитивтік; 

процессуалдық; 

іс-әрекеттік; 

эмоционалдық. 
Мұндағы 
когнитивтік критерий
жүргізілетін ойын әдісі 
жайында мұғалім білімінің, мағлұматының және де ойынның 
тиімділігі жөнінде түсінігінің болуын талап етеді.


Процессуалдық критерий
субъектіде өзінің көздеген мақ-
сатына жету үшін ойынды өз мүмкіндігіне қарай пайдалана білу 
біліктілігінің қалыптасуы, педагогикалық үдеріс шеңберінде 
ойын әрекеттерін жобалай білуін қажет етеді. 
Іс-әрекеттік критерий
– бұл мұғалімнің күнделікті 
педагогтік қызметінде ойын әдіс-тәсілдерін жүйелі пайдалану 
деңгейі. 
Эмоционалдық критерий
мұғалімнің өзіндік педагоги-
калық ойын әдістерін жүзеге асыруға деген құлшынысы мен 
ойынды өзінің сабақ барысындағы қажеттілігіне сәйкес пай-
далануға деген қызығушылығының болуы.
Ойын технологияларын зерттеуші ғалымдардың бір тобы
іскерлік ойынның студент білімі мен білігін арттырудағы мәніне 
көңіл бөлу қажеттігін айтады. Іскерлік ойынның басты 
ерекшелігі бұл технологияның төмендегідей кезеңдерінің 
мазмұнынан бай-қалады (6-кесте) [38]. Оның әр кезеңіне тән 
жұмыстар қатаң орындалғанда ғана іскерлік ойын өз мақсатына 
жетеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет