А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет37/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

6-кесте 
Іскерлік ойынды өткізу жүйесі
Дайын-
дық
кезеңі 
І. Ойынға дайындық
- ойынның бағыты 
- іскерлік ойынның жоспары 
- ойынға жалпы сипаттама 
- ойынды өткізу нұсқауы 
- ойынды материалдық 
қамтамасыз етумен байланысты 
дайындық жұмыстары 
ІІ. Ойынға кіріспе 
-мақсат пен міндеттердің нақ-
тылануы 
- шарты мен нұсқауы 
- уақыт кесімі, ережелері 
- рөлдердің бөлінуі 
Өткізу 
кезеңі 
І. Тапсырмалар 
бойынша 
топтық жұмыс 
- қажетті әдебиеттермен
жұмыс 
- тренинг 
- «ойға шабуыл» 
- ойын техникаларымен жұмыс 


ІІ. Топтар
арасындағы 
пікірсайыс 
- топтардың қатысуы 
- пікірлерді қорғау 
- пікірсайыс ережесі 
- сарапшылар жұмысы 
Талдап 
қорыту 
кезеңі 
- ойын тұжырымы 
- талдау, пікірталас 
- жұмыс нәтижесін бағалау және өзін-өзі бағалау 
- тұжырым және жалпы қорытындылар 
- ұсыныстар 
Іскерлік ойындар міндетті түрде проблемалық сипатқа ие 
болады. Сондықтан оларды орындау нәтижесінде студенттерде 
мынадай іскерліктер қалыптасады: 
1.
Проблеманы түсіну іскерлігі, яғни студент ұсынған не-
месе келіп түскен ақпараттың мазмұнын бұрынғы игерген білім, 
дағдыларын пайдалана отырып түсінеді; 
2.
Проблеманы сипаттау іскерлігі, яғни материалдың мә-
нін түсініп, өздерінше болжамдар жасауы; 
3.
Проблема қою іскерлігі, яғни ақпаратты жеткізудің 
формасын ойластыру, бір формадан екіншіге ауысу; 
4.
Проблеманы шешу іскерлігі, яғни проблеманың 
шартына, мақсатына қарай оны жоспарлау, талдау жасау, шешім 
қабылдауы; 
5.
Нәтижені (шешімді) ой елегінен өткізу іскерлігі, яғни
шешімді толықтыруы, ол үшін басқа ақпараттарды іздестіруі, 
нәтижені бағалауы; 
6.
Қабылданған шешімді хабарлау, яғни оны жеткізудің 
формасын ойластыру, ойын екінші адамға түсінікті етіп жеткізе 
білу іскерліктері қалыптасады. 
Проблемалық жағдаятқа талдау жасалғаннан кейін оқыту-
шы студенттерге «ойға шабуыл» әдісін қолданады. Онда сту-
денттерге проблеманың туу себебін ойластыру тапсырылады. 
Оқытушы оған алдын ала сұрақтар құрастырып, дайындалады, 
проблеманың басқа да нұсқаларын ұсынады. 
Студенттер проблеманың бір нұсқасын таңдауы немесе өз 
дері тарапынан ұсынылған проблеманың себебін, шешімінің 
дұрыс-бұрыстығын дәлелдеуге тырысады. Егер студенттер 
тарапынан басқа да проблемалар ұсынылса, олардың әрқайсысы 


тақтаға жазылып, студенттер оның қойылу себебін іздейді. 
Оқытушы түрткі жасап, жетекші сұрақтар қою арқылы сту-
денттердің жауаптарын толықтырып отырады.
Студенттердің ұсынған болжамдарының дұрыс-бұрысты-
ғын бірден айтпай, өздеріне әрі қарай ойлануды тапсыру тиімді. 
Бұл болжамдар студенттердің әрі қарай топқа бөлініп, мәселені 
шешудің басқа да жолдарын іздестіруіне түрткі болады. Ал оқы-
тушы қосымша ақпарат көзін айтып, оларды ізденуге бағыттап 
отыруы тиіс. 
Кей кездерде проблеманың шешімі дұрыс та болмауы 
мүмкін, бірақ бұл үрдістегі негізгі мәселе олардың ізденуі, ол 
үшін әрекет етуі, қосымша ақпараттарды пайдалануы, өздерінше 
бір тұжырымдар жасауға қалыптасуы. Сонымен, проблеманы 
шешудегі ізденістер олардың жобалау әрекетінің формасы 
болып табылады.
Оқытушы ізденістің барлық кезеңіне қатысып отырады, 
кеңес береді, бірақ өзінің беделін пайдаланып, мәселенің түйінін 
өзі белгілемейді. Өйткені жобалай оқыту технологиясы студент-
тердің өз бетімен жұмыс істеу әрекетіне негізделеді. Студенттер 
жеке де, топпен де белгілі бір уақытта мәселенің шешімін 
дайындайды. Мәселені шешу үшін студенттің бойында 
интеллектуалды қабілеттер: талдау, салыстыру, жинақтау, ойша 
жобалау, болжамдар жасау, ақпарат көзін іздеу, бағалау т.т. 
болуы керек, яғни студенттердің бойында осындай қасиет-
тердің қалыптасуы көзделеді. Мұндай іскерлік бірден қа-
лыптаспайды, ол үшін алдын-ала жүргізілетін дайындық жұ-
мыстарына тікелей тәуелді болады. 
Дайындық жұмыстарының құрылымы мынадай болуы 
мүмкін: 
1)
Жұмыстың тақырыбын, оның жобасын, типін, қатысу-
шылардың санын анықтайды. 
2)
Оқытушы тақырыптың ішінен проблема туғызатын мә-
селені айқындайды, бірақ студенттерге оны міндеттемейді. Сту-
денттер оқытушының қойған сұрақтарына қарай проблеманы өз-
дері анықтайды. 
3)
Дидактикалық міндеттерді айқындап, оны орындайтын 
студенттерді топқа бөледі, тиімді әдістерді, ақпарат іздеу 
жолын, шығармашылық шешімдерді талдайды. 


4)
Студенттерді өз жоспарлары бойынша дербес, топпен 
шығармашылық міндеттерді шешуге жұмылдырады. 
5)
Топ болып немесе сабақта алынған нәтижені талдау. 
6)
Жобаны қорғау. 
7)
Жасалған тұжырымдарды ары қарай дамытуға байла-
нысты болжамдар жасау, бағалау, жобаны қорытындылау. 
Жобалай оқыту технологиясымен оқытудағы ең маңызды 
мәселе – проблеманы дұрыс қоя білу және оны шешуге студент-
терді ұйымдастыра алу. Проблема белгілі бір тақырыптан 
алынатыны белгілі. Алайда онымен бірдей болмайды. Проблема 
тақырыптан ерекшеленеді. Атап айтқанда, проблема қарама-
қайшылыққа құрылады, ары қарай талдауды, шешуді қажет 
етеді. Жобалай оқыту технологиясында қарама-қайшылық оқы-
латын пәннің мазмұнына қатысты туады. 
Үлгі өрнек келтірейік.
Оқу пәні
: Қазақ тілі.
Тақырып: Ойды жеткізудегі септік жалғауларының 
маңызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет