Ойын технологиясы
Лекцияда қолданылатын
белсенді әдістер
Жобалай оқыту технологиясы
Компьютерді қолдана отырып өткізілетін оқу және іскери
ойындар
Практикалық сабақтарда
қолданылатын белсенді
әдістер
Белсенді
оқыту
әдістері
15-сурет – Белсенді әдістер тиімді қолданылатын қазақ тілін
жобалай оқыту түрлері
Қазақ тілінің сапалы оқытылуы – мемлекеттік тілді да-
мыту саясатымен де, педагогикалық мақсатпен де, әлеуметтік
сұраныспен де тікелей байланысты мәселе. Сондықтан да қазақ
тілін өзгетілді дәрісханада оқыту әдістемесінің жаңа арнаға бұ-
рылуына қолайлы мүмкіндіктердің барлығын талдау, тану және
қолдан келгенше қазақ тілін оқыту тәжірибесіне енгізу арқылы
үлкен міндеттерді шешуге әр оқытушы және тұтас әдіскер-
ғалымдар тобы өз үлесін қоса алатыны даусыз. Бұл бағыттағы
жұмыстар дәстүрлі оқыту жүйесі мен қазіргі студент білім беру-
дің маңызды субъектісіне айналған жаңа жүйенің – кредиттік
оқу жүйесінің арасындағы айырмашылықты түсіну және соған
сай әр оқытушының өзінің оқу-оқыту үдерісіндегі орны мен рө-
лін дұрыс бағамдау нәтижесінде ұйымдастырылғанда белгілі бір
нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондай жаңа бағыттағы жаңа
технологияның бірі – жобалай оқыту технологиясы арқылы
оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйесінің басым бағыттарын өзара
талдау жасау осы мәселенің саналы шешілуіне ықпал етері
анық. Мәселен, келесі кестеде (5-кесте) бұл айқынырақ көрініс
тапқан деуге болады:
5-кесте
Дәстүрлі және жобалай оқыту жүйелерінің белгілерін
салыстыру кестесі
Салыстыру
негіздері
Дәстүрлі оқыту жүйесінде
Жобалай оқыту
технологиясы жүйесінде
Оқыту
мақсаты
Студенттерге білім беру
Студенттердің жеке басы-
ның қабілеттерін, теория-
лық білім алу арқылы тео-
риялық ойлауы мен тілін
дамыту
Тұғыры
Студенттердің жеке басының
қажеттіліктері мен қызығу-
шылығын қоғамдық қажет-
тіліктерге бағындыру
Студенттердің теориялық
ойлауының дамуына, дү-
ниетанымының ғылыми не-
гізде қалыптасуына, сөйлеу
тілінің алған теориялық бі-
ліміне сай дамуына бағыт-
тау
Оқытушы
мен
сту-
денттердің
қарым-қа-
тынасы
Студенттер – оқу әрекетінің
объектісі. Оқытушы – түсін-
діруші, студент – білімді қа-
былдаушы.
Оқытушы - субъект; сту-
денттер –субъект, Субъект-
субъект қарым-қатынасына
негізделген, оқытушы мен
студенттің
ынтымақтас-
тығы.
Мұғалім-
нің
қызметі
Студенттерге қажетті білім
мазмұнын игерту
Студенттердің
оқылып
отырған тіл құбылысын та-
нымдық объект ретінде
меңгеруіне жағдай жасау
Студент-
тердің
қызметі
Оқытушы айтқан білім маз-
мұнын меңгеру, берілген тап-
сырмаларды орындау
Оқытушының басшылығы-
мен өміртаным заңдылық-
тарын өз бетімен игеруге
дағдылану
Студент-
тердің
білімін
бағалау
Нақты критерийлер арқылы,
басқа студенттермен салыс-
тыру арқылы бағалайды
Студенттердің дара тұлға
ретінде өсу барысын анық-
тай отырып, рейтинг жүйе-
сімен болашақта қандай
мүмкіндіктері
танылаты-
нын болжай отырып баға-
лайды
Жоғары оқу орындарында мұғалім даярлауда оларға
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін меңгерту – бо-
лашақ қазақстандық маманның сапалы даярлауының бір көр-
сеткіші. Гуманитарлық бағыт мұғалімдерін даярлауда оларға қа-
зақ тілін кәсіби деңгейде меңгертудің тиімді жолы – жоба әдісін
қолдану.
Тарих және құқық пәндері мұғалімдерін, орыс тілі және
әдебиеті пәні мұғалімдерін, бастауышта оқыту мұғалімдерін
даярлауда оларды кәсіби тұрғыдан қазақ тілінің даналық сөздері
мен ой маржанына баулу мен тәрбие беру арқылы болашақ
қазақстандық мектепте оқитын балалардың дамуына жайлы
мүмкіндіктер қаланады.
Гуманитарлық бөлім студенттерінің кәсіби тұрғыдан да-
муына қазақ тілі пәнін оқыту арқылы жоба әдісін қолдану көп-
теген игі нәтижелер бере алады. ЖОО-да білім беруді жаңаша-
ландыру үдерісінде студенттердің белсенділігін арттырудың бір
жолы қазақ тілінен олардың мамандығына байланысты жоба-
ларды орындату болып келеді.
Оқытушы қазақ тілінен жоба орындаушы студенттердің
ойын технологиясынан хабардар болуына мүмкіндік беруі ке-
рек. Ойын әдістері қазақ тілін меңгеруде күнделікті жұмыспен
бірге студенттердің жоба орындау барысындағы шығармашы-
лық-ізденім жұмыстарын да қызықты және әсерлі ететін оқы-
тудың ұтымды тәсілдерінің бір жолы болып табылады. Ойын
әлемінің қызықты шарты қайталау, есте сақтау, алынған мәлі-
метті бекіту мен меңгерудегі бір сарынды әрекетке эмоциялық
жағымды әсер береді, ал ойын қызметіндегі эмоциялық әсер сту-
денттің барлық психологиялық үдерістер мен әрекеттеріндегі
белсенділігін арттырады.
Ойынның тағы бір ұтымды тұсы – білімді жаңа жағдайда
қолдана алу қабілетінің дамуына және студенттердің қазақ тілі-
нен меңгерілген оқу материалын өзіндік тәжірибеден өткізуіне
септігін тигізеді және оқу үдерісін түрлендіреді, оқушыларды
ынталандырады. Осы кездегі ойын әдістерінің студент алатын
білімнің ақпараттық жағынан кеңеюіне де өзіндік пайдасын ти-
гізе алады.
Ойын – жобалық тапсырмаларды орындау барысында
студенттің қызығушылықпен қолданатын әдістердің бір түрі.
Ойын – оқыту құралы. Оқыту үдерісінде ойынды қолдану – кез-
дейсоқ нәрсе емес. Педагогтар мен психологтар білім берудегі
дағдарыстарды жеңуде ойынның дамытушылық мүмкіншілігі
зор екенін атап өтеді. Бұл әдіс шет елде білім беру ісінде кең
өріс алып отыр.
Ойын барлық әрекет түрінің әмбебап практикалық аспабы
ретінде қолданылады. Педагогикалық әрекеттің негізгі мәні бі-
лім беру ғана емес, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ес-
кере отырып, таным қызметін басқару және проблемалық-та-
нымдық жағдайларды құрудан тұрады.
Ойын технологиясының маңызын айта келе, зерттеуші ға-
лымдар ойын әдісінің төмендегідей қызметтерін бөле-жара көр-
сетеді :
сергіту (бұл ойынның негізгі қызметі – сергіту, шабыт-
тандыру, өз ісіне риза болу, қызығушылығын арттыру);
қарым-қатынастық (сөйлеу диалектикасын меңгеру қыз-
меті);
диагностикалық (нормативтік тәртіптен ауытқушылық,
ойын барысында өзін-өзі тану);
терапиялық (тұрмыста пайда болатын түрлі қиындық-
тарды жеңу);
өзін көрсете білу (жасырын мүмкіндіктер мен қабілет-
тердің танылуы);
ұлтаралық қарым-қатынас (жалпыадамзаттық әлеумет-
тік- мәдени құндылықтарды меңгеру);
әлеуметтілік (қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне қо-
сылу);
эстетикалық (ойыннан ерекше әсер алу) [37].
Ойында барлық студенттер тең деңгейде болады. Онда
өзіне берілген тапсырманы әр студенттің тіпті қазақ тілінен тия-
нақты білімі жоқ студент те орындай алады. Тіпті тілден дайын-
дығы төмен студент ойын үстінде өзін бұрын беймәлім болып
келген жаңа қырынан көрсетуі де мүмкін. Өйткені кей жағдайда
ойынды өткізу кезінде пәндік білімнен гөрі тапқырлық пен зе-
ректік маңыздырақ рөл атқаратын жайлар да кездеседі.
Өзара теңдік сезімі, тапсырманы орындау үстіндегі өзін
еркін сезіну, қуаныш және еліктеушілік атмосферасы – осының
бәрі студенттің сенімін арттырады, ұялшақтық, жасқаншақтық
сезімдерін жеңе білу мүмкіндіктерін қалыптастырады. Ойын қа-
тынастары арқылы студент материалды еркін меңгеріп кетеді
және оның бойында өзіне, өз ісіне риза болу сезімі оянады.
Жоба орындау үдерісіндегі ойын әдістері студенттің бел-
сенділігін арттыратын түрлі ойын әдіс-тәсілдері және жағдай-
лар арқылы жүргізіледі. Түрлі жағдайда ойын белгілі бір драма-
лық шығарма тәрізді, оның өз сюжеті, қайшылықтары және қа-
тысушы тұлғалары болады.
Ойын жағдайлары ойын сабақтарының барысында бірне-
ше рет қайталануы мүмкін және әр жағдаяттың ерекшелігіне
қарай кей кезде ол жаңа нұсқада ойналады. Ойын барысында
ұсынылатын жағдаяттар – нақты өмірдегі жағдайлардың бала-
масы. Оның өмір шындығына жақындығы ойындағы негізгі те-
кетіресте (конфликт) жарыс ойындарында ашыла түседі.
Жарыс ойындары – қазіргі таңда ойын әдістерінің ішінде
жиі қолданылатын түрі. Мұндай ойындар студенттің ойлау шап-
шаңдығын қалыптастырады. Ойын шарты алдын-ала белгілі
болғанмен, ойын барысында міндетті түрде күтпеген жағдайлар
болады, осындай кезде студент кідіріп қалмай жылдам шешім
қабылдай білуге жаттығады. Жобаны орындау үдерісінде ойын
әдістері мен жағдайларын жүзеге асыру мынадай негізгі ба-
ғыттар бойынша жүргізіледі:
студенттер алдына дидактикалық мақсат ойын тапсыр-
малары негізінде қойылады;
оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;
оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;
оқу қызметіне дидактикалық тапсырмаларды ойынға
ауыстыратын жарыс элементтері енгізіледі;
дидактикалық тапсырмалардың сапалы орындалуы
ойын нәтижелерімен байланыстырылады.
Оқыту үдерісіндегі ойын қызметі төмендегідей болып са-
раланады (16-сурет):
Достарыңызбен бөлісу: |