10-сурет – Сөйленімге жаңа технологиялар тұрғысынан
қойылатын модульдік талаптар
Сөйленім
модульдері
4- модуль
Сөз сапасын түсінуі арқылы коммуникативтік
мақсатқа жету.
Нәтижесі:
мүмкіндігінше еркін сөйлеу.
1- модуль
Сөйленім
барысында
жай, түсінікті,
әрбір
сөзге,
қазақша
интонацияға,
екпінге
мән
беріп сөйлеу
Нәтижесі:
қазақша сөйлеу
мәнерін
психологиялық
жағынан игеру.
3- модуль
Сөйленім,
спонтандық
сөйлеу
жағдайында актив
(пассив
10%)
сөздерді
еркін
қолдану
Нәтижесі:
қатеге
көп
алаңдамай,
қазақша жылдам
сөйлеу.
2- модуль
Өз ойын дәл, айқын білдіретін сөздер мен сөз
тіркестерін қолдану
Нәтижесі:
жартылай еркін сөйлейді.
Осы құзырет аясында тілдік-лингвистикалық біліктер
тілді меңгертудің базасын қалыптастыратын, студенттердің әде-
би тіл нормасына сай сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын
жүйе ретінде маңызды орын алады.
Тілді меңгертуде қазақ тілінің грамматикасын беру жайы
да әлі күнге дейін нақты минимум ретінде белгіленбей келеді.
Бұл мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралық-
тағы әр сыныпта, мемлекеттік тілді оқытудың деңгейлерінде
грамматиканың шашыраңқы, жүйесіз берілуіне себеп болып
отыр. Грамматиканы анық білмеудің салдарынан қате сөз, қате
мәтін жасау дағдыға айналған. Оқытушылардың басым бөлігі
қазақ тіліндегі сөздерді мағынасына қарай іріктеп ала білсе,
бірақ оны грамматикалық тұрғыдан қате қолданса, оған қа-
лыпты жағдай деп қарайтыны да жасырын емес. Зерттеу жұ-
мысында тілді оқыту сапасын көтерудің бірінші шарты ретінде
дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту қойылды. Студенттердің сөй-
леу тілін жетілдіруге ықпал ететін грамматикалық минимумдар
көрсетілді.
2.
Тілдік-лингвистикалық құзырет,
ең алдымен өзі сөйлеп
отырған тілдің грамматикалық заңдылықтарын, сөйлеуге қатыс-
ты өзіндік логикалық құрылымын меңгерген кезде қалыптасады.
Сондықтан бұл мәселеге ерекше назар аударылды. Өйткені
мемлекеттік тілдің оқытылуының қазіргі жайы бұл мәселені ар-
найы қарауға мәжбүрлеп отыр.
Тілдік-лингвистикалық біліктер қалыптастыру үшін гума-
нитарлық бөлім студенттеріне мынадай мәселелерге назар ау-
дару талап етіп қойылды:
1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі туралы білім минимумы.
Қазақ тілінің әліпбиі және дыбыстар жүйесінен қажетті мини-
мумда білім беру:
-
орфографиялық заңдылықтар, емле ережелері;
-
орфоэпиялық заңдылықтар: үндестік заңы, екпін түрле-
рін меңгеру.
2. Қазақ тілінің лексикасы туралы білім минимумы.
Екінші тілді үйрену талабы бойынша студент 2500-3000
лексикалық бірліктен тұратын сөздік қорды игеруі тиіс. Осын-
дай сөздік қор арқылы тіл үйренушіде әлеуметтік-тұрмыстық,
тілдік-лингвистикалық, коммуникативтік, мәдениеттаным құзы-
реттері қалыптасады.
Студенттерге курстың білім мазмұны бойынша лексика-
лық минимум меңгертіледі. Оған қосымша оларға жоба жұмыс-
тарын жасау барысында сөздік, глоссарий жасау тапсырылады.
Онда сөздер мынадай сипатта жіктеліп беріледі:
- жиі қолданылатын актив сөздер;
- қажетті мөлшердегі пассив сөздер;
- тақырыпқа қатысты тірек сөздер.
3.
Ақпараттық құзыреттіліктерді
қалыптастыру
да сту-
денттің білім алуында ең маңызды талап болып саналады. Өйт-
кені білім жүйесіндегі жаңару процестеріне кедергі келтіретін
көптеген себептердің қатарында біржақтылықты, үйлесімділігі-
нің болмауын, біртұтас әлеуметтік-мәдени тәжірибенің орнына
білім алушыларға, бірінші кезекте, жалаң білім берудің өріс
алып отырғандығын атап айтуға болады. Кеңестік қоғамның да-
муымен бірге оқу пәндеріне өмірмен байланыс болу үшін түрлі
материалдарды енгізу жүзеге асты. Олар саясаттанған білім
моделінің тууына алғышарт жасады. Мәселен, технология негіз-
дері интеграцияланған курстар, мысалы, азаматтану негізі, т.б.
пайда болды. Әйтсе де әлеуметтік-ақпараттық технологиялық
салалардағы өзгерістер жаңа типті оқыту жүйесін қажет етті.
Сондықтан да бүгін толық негізде білімдік-ағартушылық пара-
дигманың тоқырауға ұшырап отырғанын айтуға болады. Бұл
дағдарыстың бірнеше себептері бар. Олардың біріншісі білім
феноменінің өзгеруімен және оның қоғамдық тәжірибемен өзара
қатынаста болуы. Мұндай жағдайда білімге негізделген оқудың
мәні төмендей бастады. Қоғамдағы жедел алмасулар білім беру
мекемесінің бағдарламасына еніп болғанша өзінің жаңашылдық
сипатын жоғалтып та үлгереді. Сондықтан білімнің мазмұнынан
бұрын білім алушының мәдени тәжірибесін, өздігінен білім алу
қабілетін дамытуға басымдылық беру қажет болып отыр. Бі-
лімдік парадигма дағдарысының тағы бір себебі баланың есін
«қормен» толтырып, оны ақпараттар қоймасына айналдыру
болып отыр.
Ақпараттық құзыреттілік бойынша студенттер «ақпаратты
сыни тұрғыда талдайды, соның негізінде саналы шешім қабыл-
дайды; тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай жүзеге
асырады; логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпарат-
тарды өз мүмкіндігінше өңдей алады; сөйлесім әрекетін жоспар-
лауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолдана-
ды; мәтіннің көркемдеуші және мәнерлеу құралдарын анықтай
алады; ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түр-
лерін құрайды; әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып,
шығармашылық жұмыстарды орындайды» [30]. Жобалай оқыту
технологиясының мәні де осындай дағдыларды студенттің өз
тәжірибесі арқылы меңгеруіне қолайлы жағдай жасауында
болып табылады. Студент өз тақырыбына сәйкес, алдымен, қа-
жетті әдебиеттерді іздеп табады. Сол әдебиеттерді оқи отырып
өзіне қажетті мағлұматтарды жинайды. Тақырыпқа қатысты
проблемаларды анықтайды. Әдебиеттердің көмегімен сол проб-
лемаларды шешудің жолдарын анықтайды. Екінші кезекте өзі
жинаған материалдарға сүйеніп, жұмыс жоспарын жасайды. Бұл
жоспар тұтастай оның ақпараттарды жүйелі, сабақтас, орынды
қолдану білігін қажет етеді. Үйрене отырып әрекетке ұмтылу
студенттің ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына негіз салады.
Өйткені ақпарат көздерімен жұмыста студент тек өзіне керек
мәліметтерді жинаумен шектелмейді, сол мәтіндерді оқи
отырып талғамы дамиды. Ойды қалай беру керек, пікірді қалай
тартымды жеткізуге болады деген сұрақтарға да ол мәтіндер ар-
қылы жауап табуға төселеді. Ол үшін оқытушы бұл мәселені де
жобаны дайындаудың бірінші кезеңдерінде анық та айқын
бағдар беруі қажет. Осы орайда студент өз сөзіне қажетті тілдік
оралымдарды, сәтті сөйлемдер мен сөз тіркестерін жинақтап,
тілдік талғамын дамыта алады.
Зерттеу жұмысының барысында гуманитарлық бөлім сту-
денттері ақпараттармен жұмыс істеудің әдістемесімен алдын ала
танысқандықтан, бұл да олардың нәтижелі жұмыс істеуіне ал-
ғышарт қалады. Олар дайын мәтіндерді «көшіріп» қолдану,
дәйексөздердің авторын көрсетпей өз сөзіндей пайдалану жай-
ларының тұлға мәдениетіне нұқсан келтіретінін бағамдады. Бұл
осы технологияның көмегімен берілетін тәрбиенің тиімділігін
көтере түсті.
Ақпаратпен жұмыс нәтижесін өз әрекетінде пайдалану
деңгейін студент мына талаптарға жауап бере алғанда нәтижелі
болды деп санауға болады:
ақпаратты қабылдау үшін тыңдалым, айтылым, жазы-
лым, оқылым – сөйлесім әрекеттерінің қолданылу тәсілдерін
меңгеруі тиіс.
қажетті ақпаратты іріктеу үшін сөйлесім әрекеттерінің
түрлерін түсінеді және ажыратады. Алынған ақпаратқа өзіндік
көзқарасын білдіру үшін қажетті сөйлеу дағдыларын қолданады;
кез келген жағдайда ақпаратты қабылдау және беру
үшін әр түрлі мәтіндерді ауызша және жазбаша түрде тиісті
жағдаятқа байланысты таңдайды және қолданады;
өңделген ақпараттан өзінің эмоционалдық құндылық
әсерлерін білдіру үшін ойын ауызша және жазбаша жеткізе
алады.
Міне, осы талаптарға қол жеткен кезде студенттің ақпа-
раттық құзыреттілігі дұрыс қалыптасты деуге әбден болады.
Зерттеу аясында жүргізілген жобалай оқыту технологиясы негі-
зінде игерілген тілдік-ақпараттық дағдылар бұл бағыттағы ізде-
ністердің нәтижелілігін толық дәлелдеді.
4.
Достарыңызбен бөлісу: |