А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет20/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

Бекіту сұрақтары: 
1.
Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясы арқылы меңгертудің 
дидактикалық ұстанымдарын атаңыз. 
2.
Жобалай оқыту технологиясы арқылы мемлекеттік тілді мең-
гертудің арнайы ұстанымдарын атаңыз. 
3.
Жобалай оқыту технологиясының әдістер жүйесін атаңыз. 


ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУДЕ
ҚАЛЫПТАСАТЫН ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР 
 
Қазіргі таңдағы білім беру парадигмаларының білімді 
меңгертуден құзыреттілік қалыптастыруға қарай ауысуы оқы-
тудың бүкіл жүйесін: оның мақсатынан бастап білім мазмұнын, 
оқыту әдістерін, ұйымдастыру формалары мен құралдарын жа-
ңартуды талап етеді. Бұл білім алушының функционалдық са-
уаттылығына басымдылық беру арқылы өз шешімін табатыны 
сөзсіз. Сондықтан оқытудың жаңа тұжырымдамасы негізіндегі 
ұстанымдарға негізделген оқытудың жаңа технологияларын 
қолданудың өзектілігі артып келеді. Жаңа кезеңдегі дидактика 
ғылымының аймағында технология ұғымы теория жүзінде бір-
шама орныққанымен, мектеп, ЖОО практикасында оларды дұ-
рыс қолдану әлі де өз дәрежесінде болмай отырғаны жасырын 
емес. Ал технология дамымайынша, студенттің оқу нәтижесін 
құзыреттілік деңгейінде қалыптастыру мәселесін қозғаудың өзі 
артық болар еді. Өйткені құзыреттілік – студенттің кез келген 
жағдайда өздігінен шешім жасай алуы, кездескен проблема-
ларды тиянақты, жүйелі талдай отырып, одан шығудың тиімді 
жолдарын іздестіруі, табуы, оны іс жүзіне асыра алуы. Осы 
тұрғыдан келгенде студенттің өзіндік әрекетін құрайтын дағды-
лардың басым бөлігі тілді меңгеру үдерісіндегі жобалай оқыту 
технологиясын қолдану нәтижесінде қалыптасатын біліктермен 
қабысып жатыр деуге болады.
Өзгермелі дүние жағдайына бейім мамандарды дайындау, 
олардың ақпараттар ағыны толассыз қоғамда өзіне қажеттісін 
екшеп ала білу және өзгелермен қарым-қатынас жасау дағды-


ларын дамыту, демократиялыққа бет бұрған қоғамда өз таң-
дауын жасай алу, бәсекелестік өмір шартына айналып отырған 
жаңа ортада өзін-өзі жетілдіре білуге, кәсіби білігін арттыра алу-
ға икемдеу, оқыту нәтижесі құрғақ білімге емес, құзыреттілікке 
қарай бұрылған қазіргі кезеңде өздігінен әрекет ету қабілеттерін 
шыңдау мәселесі оқытудың басты бағыты етіп белгіленді. 
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгерту мен жобалай 
оқыту технологиясы негізінде өзара байланыстылықта қалыпта-
сатын құзыреттіліктерді белгілеу пәнді оқытудың нәтижелілігін 
дұрыс айқындауға мүмкіндік беретіні ескеріліп, зерттеу жұмы-
сының басты бір міндеті ретінде осы құзыреттіліктерді нақты-
лау қойылды.
Ғылыми әдебиеттердегі теориялық тұжырымдар мен қазақ 
тілін оқыту үрдісінің практикалық нәтижелерін ұштастыра келе 
қазақ тілін гуманитарлық бөлім студенттеріне жобалай оқыту 
технологиясы арқылы студенттердің білім алу нәтижесінде қа-
лыптасатын құзыреттіліктер анықталды. Олар қазір отандық ға-
лымдар анықтаған жүйеге сәйкес және тілдің қызметі мен қо-
ғамдық-әлеуметтік сұранымды ұштастыра отырып былай жүйе-
ленді:
1.
Қатысымдық (коммуникативтік) құзыреттілік. 
2.
Тілдік-лингвистикалық құзыреттілік. 
3.
Ақпараттық құзыреттілік. 
4.
Проблеманы шешу құзыреттілік. 
5.
Мәдени-танымдық құзыреттілік. 
6.
Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік. 
1.
 
Қатысымдық (коммуникативтік) құзыреттілік тілді
меңгертудегі ең басты құзырет болғандықтан, оған айрықша мән 
берілді. «Коммуникативтік» термині қоғамдық-әлеуметтік мәні 
бар тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам 
болмайтыны секілді, адамнан тыс тіл де болмайды. Бірақ ол тіл 
– жеке адамның тілі емес, белгілі бір қоғамда өмір сүруші 
адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу құралы. Сондықтан тіл әрі 
қоғамдық, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады. «Коммуни-
кация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, 
хабарласу, байланыс деген мағынаны білдіре келіп, адамдардың 
тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің 
әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы 


қарым-қатынасты, өзара түсінісушілікті көрсетеді. Осыдан 
барып «коммуникабельді» - тез тіл табысатын, түсінісуге, сөй-
лесуге бейім деген сияқты сөздер пайда бола бастады», -деп 
анықтама береді ғалым Ф.Оразбаева. Тілдік қатынастың сөйлеу 
арқылы жүзеге асатынын айта келе, сол сөйлесім әрекетінің 
түрлерін ғалым оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілде-
сім деп бөледі [7]. Қазір қазақ тілін оқыту әдістемесінде толық 
орныққан бұл ұғымдардың ара жігі мен өзіндік ерекшеліктері 
нақтыланған. Сондықтан оларды қайталамай, осы әрекет түр-
лерін студенттің құзыреттілігін қалыптастыру тұрғысынан қалай 
қолданатынымызды саралап көрсеткен тиімді болмақ.
Ең алдымен, ескерілетін мәселе – жобалай оқыту техно-
логиясының әрбір кезеңіндегі атқарылатын жұмыстардың бар-
лығы да осы айтылған компоненттердің бірлігі негізінде жүзеге 
асырылатындығы. Мәселен, ізденімдік жұмыстар кезеңінде 
студент қажетті материалдарды тауып оқиды; өзіне берілетін 
оқытушының кеңестерін және керек ақпараттарды БАҚ көз-
дерінен тыңдап түсінеді, оқытушымен сұхбат барысында өз 
ойын, болашақ жоспарларын айтып, идеясын түсіндіреді; жоба 
жұмысының жоспарын түзіп, тезистерін жазады, тұсаукесерді 
рәсімдейді, көпшіліктің алдында сөйлейтін сөзінің мәтінін жа-
зып дайындайды; тұсаукесер үстінде өз ойын жеткізеді, қойыл-
ған сұрақтарға жауап беру, сынға жауап беру үстінде оқыту-
шымен, топтағы өзге де студенттермен тілдеседі.
Ж.Т.Дәулетбекованың зерттеу жұмысында қатысымдық 
құзыреттіліктер аясында меңгертілуі тиіс білік түрлері былай 
сараланған: «Сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағды-
ларды меңгереді; ауызша және жазбаша тілде сөзді құрай білу 
ережелерін, сөзді таңдау тәсілдерін және грамматикалық норма-
ларды ұстанады; оқу материалдары бойынша дискурсқа қажетті 
дағдыларды меңгереді; ауызша және жазбаша сөйлеуге қажетті 
қатысымдық сапаларда қолданады; пікірталас түрлеріне сай 
тілдік құралдарды пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады; ұсы-
нылған тақырып пен тілдік жағдаяттарға сай сөздерді орынды 
жұмсай алады» [30]. Осы аталған құзыреттіліктерге қол жеткізу 
үшін жобалай оқыту технологиясының ерекшелігімен сабақтас-
тырылып, қатысымдық минимум белгіленді. Мұнда Қ.Қадашева 
мен Н.Құрманованың еңбектерінде белгіленген мемлекеттік 


тілді жеделдете оқыту жүйесіндегі ұстанымдар мен талаптар 
басшылыққа алынды.
Тыңдалым бойынша:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет