қазақ тілін оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздері орта бі-
лім беретін мектеп дидактикасын қайталаудан аса алмай келеді.
Білім – адам өмірінің барлық сатысында меңгеретін құн-
дылықтар жүйесі. Бірақ білім алу үдерісінде білім алушы
субъектінің жас, физиологиялық, психологиялық, дүниетаным-
дық ерекшеліктеріне баса назар аударылып отырылуы – педа-
гогиканың бұлжымас қағидасы екендігі қазақ тілін оқыту әдіс-
темесін зерттеген кейбір еңбектерде көп ескерілмегенін анық
байқауға болады.
Қазақ тілін балабақшада, өзгетілді мектептерде, дәрісхана-
ларда меңгеру барысын білім алушы жеке тұлғаның өмірінің
барлық кезеңіндегі даму үдерісімен тығыз байланыста қарас-
тыру қазіргі кезең дидактикасының басты міндеті болып отыр.
Тіл үйренушінің даму кезеңдеріндегі жеке тұлға ретінде ерек-
шеліктері тіл үйрету үдерісінің дидактикалық негіздерінің соған
сәйкес келуін талап етеді. Жоғары оқу орындарының гуманитар-
лық бөлімдерінде оқып жатқан студенттерге болашақ маман ре-
тінде қарау ғылыми білім, оның мазмұны мен сапасы, оны сту-
денттерге меңгерту әдістерін жаңаша қырдан анықтауды қажет
ететіні белгілі. Сондықтан осы салада мемлекеттік тіл ретінде
меңгертілетін қазақ тілінің білім сапасын арттыру мен сол білім-
нің құзыреттілік дәрежесінде қалыптасуында жоғарыда аталған
әдістердің заман ағымына сай қолданылуы жоғары мектеп ал-
дында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді жүзеге асыруға жол
ашар еді. Ол үшін жаңа заман дидактикасында антропологиялық
ұстанымды орталық негіз етіп алуға, студенттердің ізденісі мен
шығармашылығын соның негізінде дамытуға мүмкіндік беретін
жобалай оқыту технологиясын саналы қолдануға басымдылық
берілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: