А. А. Сатбекова


зерттеу тақырыбының жеке студент үшін немесе оны  орындауға қатысатын студент тобы үшін өзектілігін;  



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

 
зерттеу тақырыбының жеке студент үшін немесе оны 
орындауға қатысатын студент тобы үшін өзектілігін; 

 
тақырыптың құрылымын; 

 
тақырыптың әлеуметтік маңызын; 

 
сәйкес әдістер мен тәсілдер жүйесін; 

 
қол жеткен нәтижені өңдеу әдістерін. 
Зерттеу жобалары зерттеу логикасына толық бағынады 
және оның шын ғылыми зерттеулермен толық сәйкес келетін құ-
рылымы болады. Мәселен, онда сол тақырыптың өзектілігі 
дәйектеледі, зерттеу проблемасы анықталады, зерттеу міндет-
тері қойылады, зерттеу әдістері белгіленеді, зерттеудің қайнар 
көздері көрсетіледі, зерттеу болжамы ұсынылады, оны шешудің 
жолдары қарастырылады, алынған қорытындылар мен нәтиже-


лер талқыланады және одан туындаған жаңа проблемалар анық-
талады.
Шығармашылық жобалардың өзінің ерекшеліктері бар. 
Ғалым Е.С.Полат пен М.Ю.Бухаркина жобалардың түрлерін 
саралай келе, «жалпы жобаның бәріне де шығармашылық пен 
зерттеушіліктің тән екенін айтады [4]. Олар, дегенмен, осы жо-
баның ерекшелігі ретінде мыналарды атап көрсетеді: шығарма-
шылық жобалардың нәтижелері ерекше болады, олардың да-
ралығы оны орындаушылардың ойлау даралығынан, бір-біріне 
ұқсамайтын ерекшелігінен туындайды. Бұл жобада оны орын-
даудың әр бөлігі алдын ала жоспарланбайды. Оның өрістеуі оны 
орындаушылардың еркіне көбірек бағынады. Мұнда тек түпкі 
нәтиже мен оның формалары (газет, шығарма, бейнефильм, дра-
малық қойылым, рөлдік ойын, т.б.) белгіленеді.Бірақ жобаның 
нәтижесін рәсімдеу сол ойластырылған жобаның сценарийінде 
толық көрініс табуы тиіс.
Сондықтан ол нәтижелердің рәсімделу үлгісі де шығарма-
шылық мазмұнда болады. Олар әр түрлі болып келеді, мысалы:

бейнефильмнің сценарийін жазу; 

ойын-сабақ ұйымдастырудың барысы; 

«Наурыз» мейрамының сценарийі; 

қабырға газетінің құрылымы; 

шығарма мен мақала мазмұнының жоспары; 

экспедицияның ұйымдастырылу жоспары, т.б. 
Студенттерге қазақ тілін оқыту барысында «Шығармашы-
лық жобалардың» мынадай тақырыптарын ұсынуға болады: 

«Астана – Сарыарқа төріндегі қазақ елінің інжу-мар-
жаны»; 

«Наурыз мейрамының ұлттық мәні қандай?»; 

«Қазақстандағы қарттарға қамқорлық жайы туралы мә-
селелер»; 

«Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,
Өз қолыңмен тарта аларсың, сен, тілім!» 

«Қазақ басылымдарындағы елдің әлеуметтік өсу жайы-
ның қаралуы» т.б. 
Пәнаралық жобалар
-қалай болғанда да дәрісханадағы са-
бақтан тыс уақытта орындатылатын жобалар. Бұл жоба түрін 


орындауда екі-үш пәннің түйісер нүктесіндегі тақырып таңда-
лынады.
Егер студенттің мүмкіндіктері оқытушы тарапынан дұрыс 
танылып, бағаланса, институт, университет аумағындағы мәсе-
лені қамтитын тақырып алуға да болады.
Бұл жоба түрін орындауда студенттер тобы іштей бірнеше 
шығармашыл кіші топтарға бөлінуі мүмкін.
Оқытушы тарапынан жүргізілетін басқарушы және нұс-
қаушы міндеттер ұйымдастыру шеберлігін аса қажет етеді. Зерт-
теу жобасымен де ұқсас келетін мұндай жоба түрінің нәтижесі 
де аумақты мәселені қарастыратын болғандықтан, ауқымды 
және жан-жақты болып келуі заңды. Соңғы қорытынды тұсау-
кесерге дейін аралық тұсаукесерлер өткізу тиімді. Ол тақырып-
тың толық ашылуына, пәндерге байланысты мазмұндық компо-
ненттерді «пісіре түсуге» көмегін тигізеді. 
Пәнаралық жобаларға мынадай тақырыптар ұсынуға бо-
лады: 
-
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі «достық» тақырыбы-
на байланысты фразеологизмдер; 
-
«Қараңғы түнде тау қалғып»: Абайдың, Лермонтовтың
Гетенің үндесуі; 
-
Л.Гумилевтың «пассионарлық» туралы идеясы және 
қазақ жыраулары мұрасындағы олардың көріністері т.б.
Тарих және филология мамандығына оқып жатқан сту-
денттердің бірлесе орындайтын «жоба жұмысын» ұйымдастыру-
да ерекше бір ұтымдылықтар болады. Осы екі болашақ маман-
дық иелерін біріктіретін ортақ тақырыптар бойынша жоба жұ-
мыстарын орындату арқылы ғылымдар тоғысуы (интеграция-
сын) ғана емес, өмірдегі біртұтастықтың санқырлы болмысын 
таныту да мүмкін болады. Мысалы, «Хандық дәуірдегі қазақ 
әдебиетінің көрнекті өкілдері» деген тақырып берілетін болса, 
мұнда тарих пен орыс тілі мен әдебиеті мамандығын игеріп жат-
қан студенттер үшін үлкен елтанымдық маңызы бар жоба жұ-
мысы орындалады. Сонымен бірге, мұндай жобалардың орын-
далу нәтижесінде материалды, нақты көптеген тарихи, әдеби, 
елтанымдық нәтижелерге қол жеткізіп, студенттер қазақ тілінің 
рухани байлық сақтаушысы екеніне, сол арқылы жалпы тілдің 
кумулятивтік қызметіне назар аударады. 


«Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының» дәрісха-
нада және сабақтан тыс орындайтын тақырыптар жүйесі іштей 
сараланып беріледі. Соның негізінде студенттер үздіксіз өзіндік 
ізденіс үстінде болады. Бұған кредиттік оқу жүйесі де мүмкін-
діктер бере алады. 
Барлық педагогикалық технологияларға тән маңызды
ерекшеліктер жобалай оқыту технологиясына да тән. Ол ерек-
шеліктерді тану мынадай үш тұрғыдан жүргізіледі: 

қазақ тілін гуманитарлық бөлім студенттеріне жобалай 
оқыту технологиясы арқылы меңгертуді ғылыми таным тұрғы-
сынан тану; 

қазақ тілін гуманитарлық бөлім студенттеріне жобалай 
оқыту технологиясы арқылы меңгертуді процессуалдық-сипат-
тау тұрғысынан тану; 

қазақ тілін гуманитарлық бөлім студенттеріне жобалай 
оқыту технологиясы арқылы меңгертуді процессуалдық-әрекет-
шілдік тұрғысынан тану. 
Осы тұрғыдан келетін болсақ, қазақ тілін гуманитарлық 
бөлім студенттеріне жобалай оқыту технологиясының ғылыми 
болмысы анықталып, қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының 
құраушы бөлшегіне айнала алады деп ойлаймыз. 
Ғылыми таным тұрғысынан келгенде қазақ тілін гумани-
тарлық бөлім студенттеріне жобалай жүйесінің рационалды қол-
данысы, сапалы білім берудегі осы жобалай оқыту технология-
сының алатын тиісті орны, осы оқыту жүйесін басқару жолдары 
мен жүзеге асыру механизмдері кең де орнықты түрде анық-
талады. 
Жобалай оқыту жүйесінің тиімділікпен қолданылуы үшін 
және түпкі нәтижесі сапалы болуы үшін осы оқыту жүйесіне 
қатысатын барлық құраушы бөлшектердің сипаты мен қызметін 
тану және бірізді тәртіпке келтіруі маңызды болады. Соның 
өзінде бір ғана оқыту технологиясын бірнеше адам қолдануы 
барысында түрліше нәтижелерге қол жеткізіп жатады. Бірақ
әрбір оқытушының жеке қабілетін қоса есептейтін болсақ, бәрі-
бір, қазақ тілін гуманитарлық бөлім студенттеріне жобалай оқы-
ту арқылы меңгерту жүйесінің белгілі бір орта шамадағы ин-
дексі болуы қажет, яғни бұл технологияны қолдануда студент-


тердің дара қасиеті ескеріледі, бірақ бұл бір ғана басты ұстаным 
екен деп қабылдауға болмайды.
Жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде ғылыми-із-
деніс жобаларын қолданудың өзіндік ерекшеліктері мен ішкі 
тәртіптері болатыны белгілі. Солардың кейбіріне тоқталып 
өтеміз. 
Жалпы алғанда, қазақ тілін гуманитарлық бөлім студент-
теріне жобалай оқыту технологиясы арқылы меңгертудегі не-
гізгі бағыт – студенттің білімді өз бетімен ізденіп игеру болып 
табылады. Жобалай оқытудың амал-тәсілдерін қолдана отырып 
оқу арқылы студент әрдайым сабақ тақырыбына байланысты ал-
дына қойылған мәселелердің шешілу жолдарын өзіндік жоба 
түрінде ұсынады, дәйекті түрде дәлелдейді. Осы жобаны орын-
дау және оның шешімін көрнекілеу кезінде, жобаны шешім тү-
рінде дәлелдеу барысында студент өз бетімен білім алу әдістері 
мен амалдарын меңгереді. 
Қазақ тілін гуманитарлық бөлім студенттеріне ғылыми-із-
деніс жобалар арқылы оқытуда оқытушы орындауы тиіс басты 
мәселелердің бірі – жобалау жұмысының топтама тақырыпта-
рын анықтау және бекіту. Бұл бағыттағы жобалай оқыту жұмы-
сының топтама тақырыптары теориялық мәселелерге арналады. 
Бірақ пәніміздің өзі практикалық болғандықтан оның тек ғы-
лыми тұжырымдармен шектелуі тиімсіз саналады. Онда алын-
ған мәселенің теориясын студент өзі бағамдағанмен, оның қор-
ғалу үдерісі шынайы ғылыми жұмыс тәртібімен жүргізілгенмен, 
оның практикалық маңызы да есте болады. Сондай жоба түрін 
ұйымдастырудың амал-тәсілдерін толық көрсету үшін нақты 
тәжірибеден мысал келтіреміз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет