А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет23/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

Проблеманы шешу құзыреттілігі
– бүгінгі қоғам талабы 
мен білім беру нәтижесі айқын танылатын, студентті болашақ 
мамандығына дайындауда басты рөл атқаратын құзыреттілік. 
Біріншіден, студенттердің өмірлік дағдыларын дамытуда ең бас-
ты тетік деп саналатын бұл құзыреттілік бір ғана пән ауқымында 
емес, бүкіл оқыту пәндерінің жүйесінде жүргізілуі керек. Екінші 
жағынан, бұл құзыреттілік бойынша бір пәннен алған дағды 
басқа пәндерді оқуда үлкен көмегін тигізеді. Яғни студент қа-
зіргі кредиттік оқу жүйесі жағдайында білімді өздігінен алуға, 
білімді өз қажетіне, мақсатына лайықтап қолдануға үйренсе, ол 
өздігінен ізденіп саналы білім алуға және кез келген пробле-
маны шешуге дайын болады. 
Жобалай оқыту технологиясының негізін қалаушы 
Д.Дьюи оқушының интеллектуалдық қабілеттерін дамытудың, 
өз бетінше ойлауын қалыптастырудың маңыздылығына ерекше 
мән бере отырып, мәселе білімді меңгеруде емес, мәселе осы бі-
лімді игеру әрекетін ұйымдастырудың тетігін табуда екенін баса 
айтқан болатын. Ол: «В одних случаях, чтобы добиться цели, 
т.е. формировать на основе приобретаемых знаний самостоя-
тельность мышления рефлексию, предлагается аналитически 
разложить (с помощью учителя, учебника) содержание образо-


вания «на логические элементы; затем каждый из этих эле-
ментов должен быть определен; наконец, все эти элементы 
должны быть сгруппированы по порядку и по классам по со-
ответственно логическим формулам или общим принципам. 
Тогда ученик выучивает одно за другим определения и посте-
пенно, прилагая одно к другому, строит логическую систему и, 
таким образом, сам проникается постепенно извне логической 
способностью» [2]. Дайын үлгілермен жұмыс жасау жас буын-
ның өзіндік ойлау логикасын «тұншықтырып тастайтыны» рас. 
Ал проблеманы шешу тікелей жобалай оқыту технологиясы та-
лаптарына сәйкес келеді.
Жобалай оқыту технологиясы бойынша жүргізілетін оқу 
үдерісінің ең басты субъектісі – студент, оның даралық қабілет-
тері мен мүддесі. Мұнда оқытушы студенттің оқулықтан ала-
тын немесе мұғалім беретін дайын білімдерді меңгеруіне емес, 
қарастырылатын мәселені әр қырынан бақылап, түрлі позицияда 
зерттеп алып өздігінен түйіндеулер жасауына, ой қорытуына 
мүмкіндік беретін сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, қалыптас-
тыруға қажетті әрекеттерді ұйымдастырады. Ал студент өзінің 
және өзгелердің өмір тәжірибелерінің негізінде шешім жасайды. 
Мұндай жұмыстың өзегіне студент – оқулық – оқытушы пара-
дигмасы алынады. Бұл жағдайда оқытушының жауапкершілігі 
мен рөлі төмендемейді. Керісінше, ол одан сайын күрделеніп, 
жоғары біліктілікті қажет ете түседі. Оқытушының өз пәнін 
білуі жеткіліксіз, бұл жағдайда ол танымдық әрекет ету кезіндегі 
студенттің қабылдау, ой тұжырымдау, қарым-қатынас жасау 
психологиясының ерекшеліктерін жетік білуге, әр түрлі оқыту 
технологияларын бір мақсатқа жұмылдыра жұмсау жолдарын 
меңгеруге мүдделі бола бастайды. Осы талап арқылы білім бе-
рудің демократиялылық, ізгілендіру, гуманитарландыру тенден-
циялары іске асатын болады. 
Ғалымдар проблеманы өздігінен шешуге дайын адамның 
бойында мынадай қабілеттердің болатынын дәлелдеген: 
-
өзінің танымдық әрекетін жоспарлауға дайындығы; 
-
ойлау жүйесінің икемділігі (гибкость); 
-
нәтижеге жетуге деген құлшыныс; 
-
өз қатесін түсіну және оны дер кезінде жөндеуге дайын 
болу; 


-
метатанымдық қабілет; 
-
өзгелермен тіл табыса отырып шешім жасау жолдарын 
іздестіру.
Проблемалық мәселелерді жобалай оқыту технологиясы 
бойынша шешуді ұсынғанда мынадай шарттар басты назарға 
алынды:
1) студенттердің өздігінен сыни ойлау дағдыларын дамы-
туға мүмкіндік беретін танымдық жобаларды ұйымдастыру;
2) жоба тақырыптарын таңдау кезінде студенттің өміріне 
пайдасы бар, дүниетанымын кеңейтетіндей, шынайы өмірге 
жақын болуын ескеру; 
3) жоба жұмысының алдында тақырыптарды зерттеу 
барысында ойлауға жетелейтін пікірталастар ұйымдастыру, 
болжамдарды алдын-ала ұсыну; 
4) тақырыпты ашуға септесетін қосымша қайнар көздер 
туралы мағлұмат бере отырып, оларды саралап қолдануға үй-
рету; 
5) шешімдердің әр түрлі нұсқалары туралы пікіралмасулар 
өткізу; 
6) мәселені шешуде бірнеше ғылым саласы бойынша 
алынған ақпараттарды интеграциялай қолданудың қажеттігіне 
көңіл аударту; 
7) студенттердің өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалауына 
қажетті тұсаукесер өткізу формаларын таңдау. 
Проблеманы шешу құзыреттілігі тұрғысынан алғанда сту-
денттердің мынадай біліктерін қалыптастыруға ерекше мән бері-
леді: олар әр түрлі тілдік жағдаяттардағы проблемаларды анық-
тайды, өздігінен шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін 
бағалай алады; өзгермелі өмір жағдайларда туындаған жағдаят-
тарда міндеттерді шешетін технологияларды таңдай алады; сөз-
дерді өз мақсатына, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше 
талғап қолданады; өзгелермен тіл табысуға қажетті сөз орамда-
рын, тілдік құралдарды пайдалана алады; сөздік қорын өздігінен 
толықтырады.
Осы жобалай оқыту технологиясы негізіндегі игерген дағ-
дылары мен тілдік біліктері тоғыса келгенде студенттер: 

алға қойған міндеттерді, жағдаяттарды шешу және көз-
деген мақсатқа жету үшін сөйлесім әрекеттерінің дағдыларын 


пайдалану тәсілдерін біледі; оқу үдерісіндегі және өмірлік жағ-
даяттарға сәйкес алға қойған мақсаттарға жету үшін диалог, сұх-
бат құра алады;

кез келген жағдаяттарды ауызша және жазбаша түрде 
талдау, бағалау және шешу үшін сөйлеу стилі мен сөйлесім түр-
лерін таңдау қажеттілігін түсінеді; әдебиеттердегі тұжырымдар-
ға ауызша және жазбаша түрде өзіндік бағасын береді, жеке тә-
жірибесі тұрғысынан талдай алады;

әр түрлі жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін сөй-
леу дағдыларын ауызша және жазбаша түрде қолданады; күн-
делікті және оқу жағдаяттарындағы қарым-қатынаста тілдік эти-
кет нормаларын игереді; оқу және өмірлік мәселелерді шешуде 
диалог пен полилогқа қатыса алады;

проблемаларды шешу үшін тілдік білімдері мен сөйлеу 
дағдыларын әр түрлі жағдаяттар мен көздеген мақсаттарына 
байланысты пайдалана біледі; қажетті тілдік білімдері мен тіл-
дік дағдыларын кіріктіре отырып бар ақпаратты жинақтай бі-
леді; проблеманы шешу үшін ақпараттың субъективті жаңа үл-
гісін құра біледі;

алға қойған міндеттерді, жағдаяттарды шешу және көз-
деген мақсатқа жету үшін сөйлесім әрекеттерін түрлендіріп қол-
дана біледі; талданатын жоба жұмыстарына сәйкес ауызша 
және жазбаша пікір айта алады, оқу және өмірлік жағдаяттарға 
сәйкес алға қойған мақсаттарға жету үшін өз ойын тартымды 
етіп жеткізе алады; 

әр түрлі жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін сөй-
леу дағдыларын тиімді қолданады; оқу және өмірлік жағдаят-
тарындағы қарым-қатынаста тілдік этикет нормаларын сақтап, 
диалог пен полилогқа еркін қатысады;

проблемаларды шешу мақсатында алған ақпараттарын 
әр түрлі жағдаяттар мен көздеген мақсаттарына байланысты 
пайдалана біледі: түрлі қайнар көздерден алынған ақпаратты 
талдап, қорытады; проблеманы шешу үшін сол ақпаратты өңдеп 
пайдалана біледі.
5


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет