Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет41/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   529
әлеуметтану және сіз
Қазіргі экономикалық ахуалға 
байланысты үйсіз қалған 
жандарды білетін шығарсыз. 
Мүмкін олар өздері ойлағаннан 
көбірек сомаға ипотека алып, оны 
төлей алмай қалған болар. Ал 
әлеуметтік қиял сізге олардың 
мәселесін кеңірек ауқымда қарауға 
мүмкіндік береді, мысалы, олар 
жұмыс орындары жабылып 
қалатын салада жұмыс істеуі 
мүмкін немесе ипотекалық несие 
берген банк оларды шамадан тыс 
көп қарыз алуға мәжбүрлеген не 
пайыздық үстемені шамадан тыс 
арттырған болуы ықтимал.
3-251


34
1-ТАРАУ
де көре білу қабілеті. Осы қиялды дамытқаннан кейін жеке мінез-құ- 
лық адамның жеке тұлғасына ғана байланысты емес екенін түсінеміз. 
Оның орнына біз әлеуметтік құрылымдардың адам мінез-құлқына қа- 
лай эсер ететінін қарастырамыз. Сол сияқты, әлеуметтік проблемалар- 
ды шешу үшін жеке тұлгаларды ғана емес, әлеуметтік құрылымдарды 
да өзгерту керек екенін түсінеміз. Кедейлік, ажырасу және нәсілшіл- 
дік жеке адамдардың басындағы ауыртпалық болғанымен, бұл проб- 
лемаларды жеке адамдарға көмектесу арқылы жоюға немесе шешуге 
болмайды. Әлеуметтік қиял - адам өмірінде кездесетін қиындықтарға 
басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады.
Әлеуметтік қиял «адамда таңдаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ», 
немесе «олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ» дегенді білдірмейді. 
Тіпті құлдар да сылбыр жұмыс істеп, қожайынын сыртынан мазақтай- 
ды немесе өзіне-өзі қол жұмсай алады. Бұл да - таңдау. Дегенмен әлеу- 
меттік қиял әлеуметтік күштердің әсерін адамның жеке таңдауымен 
бірге қарастырудың маңызын көрсетеді.

Әлеуметтік қиял - жұмыссыздық 
I деңгейініңжоғары болуы
адамның жеке бас ерекшеліктерімен 
салыстырғанда әлеуметтік 
жағдайларға көбірек байланысты 
екенін көрсете алады.
Эмпирикалық зерттеулер - 
дәлелдемелерді жүйелі түрде 
сараптауға негізделген ғылым 
саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет