58
Қашғарияға (Моғолияда) оның билік ете бастағанына дейін Моғолстанда болған оқиғаларды
баяндаған.
II дафтар автор 1541 жылға дейін жеткізген мемуарлар болып табылады. Бұл бөлімде
өз өмірбаяны және сол дәуірдің көптеген тарихи адамдары туралы өмірбаяндық
материалдармен қоса, бірінші бөлімде баяндалғандарына қосымша Сұлтан Сайид ханның
Моғолстандағы билік үшін күресі, оның 1514 жылы Қашғарияның дуғлат әмірлерін басып
алып, Моғолия мемлекетінің негізін қалағаны, Моғолстанның бұрынғы аумақтарында-Жетісу
мен Тянь-Шань өңірінде Шағатай ұрпақтарының билігін қалпына келтіру әрекеттері туралы
мәліметтер бар [1;16 б].
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиінде» Қазақ хандығының XV-XVI ғғ.
тарихы жай тарихи фактілердің жиынтығы түрінде емес,
нақты бір мәселені ғылыми
принциптерді сақтай отыра, арнайы түсіндіруге бағытталған түрде беріледі. Сол себепті де
Мұхаммед Хайдар Дулатиды Қазақ хандығы тарихының алғашқы кезеңдерін алғаш зерттеген
ғалым деп саналады [2;16 б].
Мұхаммед Хайдардың шығармасы медиавистикада кеңінен мәлім. Оны XVI-XVII
ғасырлардағы көптеген шығыс авторлары мен соңғы орта ғасырлардағы Орталық, Орта Азия
тарихын қазіргі зерттеушілер түпнұсқа ретінде пайдаланады [3;58 б].
«Та’рих-и Рашиди» қолжазбасы парсы тіліндегі көптеген тізімдерде, түрік
тіліндегі
аудармаларда сақталған [4;506 б].
М.Х.Дулати Орта Азиядағы мемлекеттер мен халықтардың XV-XVIII ғасырлар
аралығындағы екі жүз жылға жуық тарихына шолу жасап, соның негізінде сол дәуірдегі қоғам
өміріне, ондағы болған тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалардың іс-әрекеттеріне рухани және
адамгершілік құндылықтар тұрғысынан баға беріп, терең әлеуметтік – философиялық ақыл-
ой жүйесінде тарих философиясының бастамасын қалаған деп айтуға толық негіз бар.
Ойшылдың «Тарихи Рашиди» шығармасында туған жерге, халқына деген ыстық
сезімдері, толғаныстары жазылып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жалғасып отыр. Сондай-ақ,
жастарды ерлікке тәрбиелеудегі арман-тілектері айқын байқалады. Бұл туралы «Мұхаммед
Хайдар Дулати өзінің шығармаларында батырдың тұлғасын сомдап, жауына қаншалықты
қатал
мейірімсіз болса, бауырларына, еліне халқына, отбасына соншалықты мейірімсіз болып
суреттеледі. Ойшылдың шығармаларында барлық тәрбие негіздері қарастырылады. Яғни
патриоттық тәрбиемен қатар дене тәрбиесі, имандылық пен адамгершілік тәрбие негіздері де
беріледі. Мұның өзі халқымыздың ерлікпен қатар адамгершілікті жоғары бағалағанын, яғни
балаға тән тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар беруді мақсат еткендігі байқалады» [5;98-101бб]-
деп түйеді зерттеуші Б.Қалыбекова.
М.Қозыбаев: «Мұхаммед Хайдар Дулати кешенді түрде көшпенділерді динамикада
қарап, олардың көшуден отырықшылыққа ауысуын, даладан қалаға орнығуын,
тайпалық
одақтан мемлекетке өтуін қарастырумен бізге қымбат» [6; 369 б.]–десе, « Мұхаммед Хайдар
өз еңбегінде көшпелілердің отырықшылыққа ауысуын, даладан қалаға орнығуын, тайпалық
одақтан мемлекетке өтуін тұңғыш рет қарастырған ұлы тұлға. XV-XVI ғасырлардағы Шыңғыс
хан, Әмір Темір шапқыншылығына ұшырап күйреген ел, құлазыған дала көрінісін шынайы
суреттейді.
Шындығында да, адамзат тарихында талай мәдениеттердің жаугершілік замандарда
өзін-өзі қорғай алмай, дәрменсіздік көрсетіп, ассимиляцияға ұшырағандығы немесе мүлде
жойылып кеткендігі қолың көпшілікке белгілі тарихи-мәдени фактілер болып табылады. Ал
сындарлы кезеңдерде тағдыр талқысына қанша ұшыраса да әлемдік философияда, мәдениетті
бүгінгі таңда да, өзінің өміршеңдігін танытып отыр [7;12 б.].
Қазақ халқы-басқа да түрік халықтары секілді қиын да бай тарихты бастан кешірді.
Қазіргі таңда өз ұлттық тарихымызды терең танып-білуде ең алдымен рухани байлығымыздың
қайнары болған тарихи тұлғалар өмірі мен шығармашылығын зерттеу қажет.
М.Х.Дулатидің шығармашылық мұрасы-қазақ
ұлтының өз шаңырағын құрып, жеке
хандық құрған, аса ауыр да дүрбелең уақытындағы түркі тілдес халықтардың мәдени-тарихи
59
өмірін шежірелеуден туған, өмір философиясына тұнған, болмыс пен таным туралы, адам
тұлғасы жайлы жан-жақты сыр шертетін философиялық мазмұнымен ерекшеленеді.
М.Х.Дулати өзінің «Тарихи Рашиди» мен «Жаhаннаме» секілді еңбектері арқылы түркі тілдес
халықтарға ортақ рухани тұлға болып қана қоймай, бүгінгі таңда да жоғары деңгейдегі рухани
көшбасшы болуда.
Достарыңызбен бөлісу: