ж, ш дыбыстарынан кейінгі
а, ә дыбыстарының орфограм-
масы мен орфоэпиясы. Тек қазақ тілі емес, жалпы түркі тіл-
дерін зерттеген мамандар сөз басындағы
ш, ж (дж) мен
й дыбыстарының ортасында келген
а дыбысы жіңішке айты-
латындығын көрсетеді
91
. Қазақ тілінде де солай:
шай, жай және
жай буынынан басталатын көп буынды
жайғасу, жайдақ, жайдарлы, жайнақы, жайнаң т.б. сияқты сөздер
шәй, жәй, жәйдақ, жәйдарлы... болып айтылады, ал
шай, жай деген
бір буынды сөздерге қосымша жуан жалғанады:
шәй+ға кел
(
шәй+ге кел емес),
жәй+ы+ң+а қара
(жәйіңе қара емес).
Жай дегеннен басталатын көп буынды сөздердің барлығы да – жуан
сөздер, яғни екінші, үшінші... буындары
а, ы жуан дауыстыла-
рымен келеді. Осы зандылықты ескеріп, емле сөздігінде
шай, жай деген бір буынды сөздерді жуан
а дыбыс әрпімен жазу
ұсынылған. Соған қарамастан, айтылу (естілу) заңдылығына
қарай осы сөздер жеке бір буынды болып тұрғанда, кейде тіпті
оларға жуан қосымшалар жалғанып тұрған күннің өзінде
шәй, жәй, жәйдан-жәй, жәйғасу деп жазу жиі кездеседі. Сингар-
монизм заңы бойынша, сөз тұтас не жуан, не жіңішке айтылуға
тиіс болса, қазақ тілінде мұндай үндестік қатардың көрнекті
түрде бұзылатын тұсы – осы жерде тәрізді. Мысалы,
жайдақ шам деп жазылғанды
жәйдақ шам деп айтамыз, ал үндестік
заңы бойынша, бұл сөз не
жайдақ, не
жәйдек болып дыбыста-
луы қажет қой.
Қазақ сөздерінде сөз басында немесе ішінде келген