29
XX ғасырдың ІІ жартысында көптеген халықтардың, оның
ішінде империялық құрсауда болып келген бұрынғы КСРО
құрамындағы үлкенді-кішілі ұлттар мен ұлыстардың және
солардың бірі – қазақ халқының әлеуметтік,
экономикалық,
саяси, мәдени, тіпті рухани өмірінде дүниежүзілік адамзат
тіршілігінің жалпы даму тенденциясына біршама үндесетін
өзгерістер, жаңалықтар пайда болды, ол әлі де жалғасуда.
Бұл жаңалықтардың атаулары тілден орын алғанда, олардың
көбі қазақ тілінің құрылымдық заңдылықтарына сәйкес келіп,
норма ретінде орнығып жатқанын айтуға болады. Сонымен
қатар жаңа қолданыстардың да лексикалық нормаға айналуы,
бір жағынан, қоғам өмірінің сыртқы сұраныстарына қатысты
болса,
екінші жағынан, сол сұраныстармен санасқан қалың
жұртшылықтың «керегі – осы сөз, осы тұлға аталмақ ұғымды
дұрыс береді» деген сияқты талабы мен талғамы себепкер бо-
лып тұр.
Сондай «заман талабының» бірі – әрбір заттың, ол заттағы
әрбір бөлшектің (мысалы, техника детальдарының), әрбір
ұғымның өз алдына дербес, айқын түрде аталуы, өзге ұқсас
дүниелермен шатастырылмауы болса, мұны жүзеге асыратын
– тіл, оның лексика саласы. Айталық, XX ғасырда қазақ да-
ласында
аграрлық саясат, соған қатысты саланың бірі – егін
шаруашылығы өріс алды, бұл – оны өндіруден бастап, барлық
іс-шаралардың, өнімдердің атаулары нақтылана түсуін талап
етті. Бір-екі мысал:
егістік жер
деген – жалпы атау, оны пайда-
лану процесіндегі, мерзіміндегі түрлері егіншіліктің күрделене
түсуіне орай жеке-жеке атауларды қажет еткендіктен, ертере-
ктегі қазақ шаруашылығында болмаған, айталық,
пар
деген
түрінің атауы пайда болды, ол – «белгілі бір мерзімде дақылдар
егілмейтін, арамшөптерден тазартылып тұратын танап»
(Танап
– «егістік жер, егіс даласы, алаң»). Енді осы
пар
деп аталатын
егістіктің өзіне қатысты
пар танабы, пар бөлігі
(паровое зве-
но),
парлы сына танап, алғы парлар
деген сияқты «детальдап»
көрсететін сөздер егіс даласының бұл түрін тек
пар
деп атау
қою аздық ететінін байқатады (фактілер «Егіншілік жөніндегі
орысша-қазақша түсіндірме сөздіктен». - Алматы: Қайнар,
1984 алынды). Демек, бұл жерде тіл өмірдің сұранысын өтеп
тұр, яғни заман ағысына ілесіп тұр.
30
Тағы бір мысал: сан ғасыр мал шаруашылығын жақсы
игерген қазақтардың тілі мал мен адамның анатомиясы мен
физиологиясына қатысты атауларға бай екенін білеміз. Бірақ
бұл атаулардың ішінде ғылыми танымдарға қатыстылары жоқ
болып шығуы ғажап емес. Айталық, ішкі секреция бездерінен
шығып, тікелей қанға және лимфаға қосылатын зат «гормон-
дар» дегенді бұрын қазақ атаған емес, ол – медицина ғылымы
үшін
қажет термин, енді осы гормонның өзінің (өсу
гормон-
дары, жүрек гормоны
т.б.) жеке-жеке атауға (терминге) ие
болғанын көреміз. Бұл екі мысалдың екеуінде де қазақ тілі
оңай «олжалы» болған: төл қазынадан сөз іздемей-ақ не жаңа
тұлға жасамай-ақ,
пар, гормон
деп орысша атауларды алдық,
ол да – дәлелсіз емес: Қазақстанда егіншілікте орыстар («орыс
тілділер») қазақтан көп болмаса, аз қатысқан жоқ, сол парлар-
ды жасайтын тың игеру сияқты науқандарда негізінен орыс
адамдары мен орыстілді өзгелер қызмет етті, сондықтан
пар
сияқты сөздер орыс-қазақ баршасына түсінікті болды да қазақ
тіліне де «зып етіп» ене қойды. Ал
гормон –
ғылым үшін қажет
атау, бізде ғылыми
терминдердің басымы аударылмай, көбі
халықаралық (интернационалдық) қордан алынып отырғанын
мойындаймыз.
Енді осы қатардағы бірер қазақ тілінен келтірілген фак-
тілерге назар аударсақ. Мысалы, өткен XIX ғасыр мен XX
ғасырдың алғашқы онжылдықтарында пайда болып, бірте-бір-
те етек жая бастаған қазақ газеттерінің тілінде
мынақып
деп
арабша аталған, ал XX ғасырдың 40-80 жылдарында
некролог
деп орысша аталған ұғымды соңғы онжылдықтарда
азанама
деп жаңа жасанды сөзбен беріп жүрміз. XIX ғасырдан бұрын
ондай «дүниеден қайтқан адамның өмірі мен қызметі туралы
жазылған алғашқы естірту мақала» дегенді қазақ білмеген, оны
білдіретін баспасөзі болмаған, демек, атауы да жоқ болған. Бұл
әрекетті
естірту
немесе
аза тұту
деп атай салуға болмайды:
олардың этнографизмдер ретінде тілде өз орындары бар, ал
не-
кролог –
жай естірту емес, әлеуметтік сипаты бар әрі жиі болып
тұратын әрекет («өмір бар жерде өлім бар»), сондықтан енді
бұл қарекетті жеке-дара атау керек болды, сөйтіп,
азанама
не-
ологизмі дүниеге келді.
31
Бұл айтқанымыздың барлығы – бүгінгі тіл қолдану тәжіри-
бемізде жаңа атаулардың ондап-жүздеп пайда болып жатуы-
ның себептерін көрсету. Баса айтуға болатын жайт – жаңа лек-
сикалық бірліктердің дені (өзге
тілдерден аудармай қабыл-
данатындарын, яғни кірме сөздерді қоспағанда) қазақ тілінің
құрылымдық нормаларына сай жасалатындығы. Ал жоғарыда
көрсетілген,
оқырман, көрермен, оралман
сияқты сөздер тіл-
дің құрылымдық заңдылығына қайшы жасалғанмен, бүгінгі
лексикалық қазынадан нық орын алып отыр.
Мұндай қай-
шылықтар өте сирек кездеседі, көбінесе лексикалық нормати-
втер тіл заңдылықтарымен үндесіп жатады. Сондықтан көпте-
ген зерттеушілер әдеби нормаға белгілі кезенде әлеумет:
баспасөз, көркем әдебиет, радио мен теледидар, шаршы топ
алдындағы ауызша сөйлеу үрдісі – қолданысқа қолайлы,
көпшілікке ортақ деп қабылдаған сөздер мен грамматикалық
тұлға-тәсілдер жатады деген пікірге ден қояды.
Тілдік норманың
динамикалық теориясы бойынша, тіл
дамуының бір кезеңінде норма емес элементтер келесі кезеңінде
нормаға айналуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір іс-әрекет атауы-
нан абстракт есім тудыруда бір кезде
Достарыңызбен бөлісу: