Саясаттану



Pdf көрінісі
бет110/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

БҰХАР ЖЫРАУ 
(1693-
1787 жж.), қазақ жырауы, ақын. Абылай ханның 
ақылшысы болып, халықтың саяси өмір тұрғысын талдаған, ханның кейбір 
саяси қимылдарына сын көзімен қараған, сөйтіп қазақтың өзіндік әлеуметтік
-
мәдени, саяси құндылықтарын халықтың сана
-
сезіміне жеткізуді мақсат тұтқан. 
ВЕБЕР МАКС
(1864-
1920 жж.) 

немістің саяси экономисі, 
әлеуметтанушы. Фрайбург, Гейдельберг және Мюнхен университеттерінде
сабақ берген. Ол әлеуметтану мен саясаттануды дамытуға үлкен ықпал етті. 
Вебер саясатты “билікке қатысуға ұмтылу немесе адамдардың билікті бөлісуге 
ықпал етуі” деп түсіндірді. (М.Вебер. Шығармалар жинағы. М. 1990, 646 бет).
Жоғарыда (ІІІ тарауда) көрсетілгендей, Макс Вебер легитимді саяси 
биліктің (үстемдіктің) проблемалары туралы жан
-
жақты теориялық 
тұжырымдамалар жасады. Вебердің тағы бір кеңінен танымал теориясы 

бюрократия туралы ілімі.
Ол алғашқылардың бірі ретінде ХХ ғасырдағы демократиялық 
мемлекеттердің өмірінде күшейе түскен бюрократизмге назар аударды. Оның 
көзқарасы бойынша, бюрократия мен демократия арасында шиеленіс 
туындайды. Демократияландыруда бұқараны әлеуметтік
-
саяси өмірге кеңінен 
тартудың нәтижесінде көптеген мемлекеттік буындар пайда болып, ақырында 
олар басқару жүйесін әлсіретеді. Бюрократтардың үстемдігінен құтылу үшін 
Вебер тікелей дауыс беру (плебисцитарлық) теориясын ұсынды. Осыған сәйкес 
тіке сайлаумен келген харизматикалық басшы парламенттік демократияны 


165
толықтыруға тиіс. Вебердің пікірінше, ХХ ғасырда қоғам мен мемлекет 
арасындағы қатынас мәселесін шешетін тек ғана жеке басшы, себебі әлем 
көлемінде бұл кезең демократияландырудың басталған кезеңі. 
М.Вебер көсемдер (лидер), саяси биліктің типологиясы, әлеуметтік 
жіктелу проблемаларын зерттеуде өте маңызды тұжырымдамалар жасады. 
Мысалы, әлеуметтік таптық жіктелу проблемасын алатын болсақ, ол маркстік 
таптар теориясынан тіпті өзгеше. Маркс қоғам мүшелерін өндірістік қатынастар 
негізінде таптарға бөлетін болса, Вебердің таптық жіктеуіндегі негізгі белгілер: 
байлығы мен табыс мөлшері, білім дәрежесі, таптық сезімі (яғни, белгілі бір 
тапқа жататынын сезінуі). Бұнда таптық жіктелу тек ғана өндірістік 
қатынастарға байланысты емес, құндылық бағдарының өзгешеліктері де 
ескерілетін жеке адамның әлеуметтік бағасына негізделеді. Сонымен, 
К.Маркстің тұжырымдамасы бойынша, ХІХ
-
ХХ ғасырларда дәстүрге айналған 
таптық жіктеу (байлар, жұмысшылар мен шаруалар, зиялылардың әлеуметтік 
тобы) ғылымда қайта қаралды.Оны Маркстен кейінгі бірінші болып жаңадан 
тұжырымдаған Макс Вебер болды.Әлеуметтік таптық жіктеу мәселесі бойынша 
М.Вебердің және бір маңызды тұжырымдамасы 
-
қоғамдағы орташа таптың 
орны туралы болатын. Марксистік теория бойынша орта тапты ескі қоғамдық 
құрылыспен бірге жойылып бара жатқан тап деп оған мән бермесе, М.Вебер 
«орташа тапқа», «орташа топқа» айрықша назар аударады. Шын мәнінде
экономикалық жағынан дамыған елдерде орташа тап азаматтық қоғамның тірегі 
және елдің саяси тұрақтылығының әлеуметтік негізі болып табылады деген 
идеясы қазіргі кездегі бүкіл әлемдік саяси өмірде үлкен қолдау тауып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет