Саясаттану



Pdf көрінісі
бет118/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

 НАВОИ ӘЛИШЕР 
(1441-
1501 жж.), өзбек ақыны, ойшылы. Орта 
Азияда билеушілердің зорлығы мен өктемдігін әшкереледі, халықтың қамын 
ойлайтын, мәдениеттің дамуына демеу болатын сауатты ел билеушілердің 
бейнесін жасады. Патша «Құдайдың жердегі көлеңкесі, ол құдай сияқты 
мейірімді болуы парыз» деп жазды.Навои сән
-
салтанатпен, халыққа 
қайырымсыз өмір сүруші билеушілерді әшкереледі
НИЗАМИ ГАНДЖЕВИ
(1141-
1209 жж.), әзірбайжан ойшылы, ақыны. 
Шахтар мен шонжарлардың зорлығын әшкереледі. «Мәңгілік бақыт тек ғана 
қанаудың болмауында, билеуші әділетсіздік пен зорлықты болдырмауға тиіс» 
деп тұжырымдады. Оның «Ескендір
-
намэ» поэмасында тек ғана әділеттік емес, 
сонымен қатар мүліктік теңдік орнаған идеалды қоғамды суреттейді. Ол 
сондай
-
ақ нәсіл теңдігін «ақ та, қара да 

бәрі Жердің балалары, эфиоп
-
қара 
темірдей, оның терісі қара, бірақ жаны ақ» деген принциппен түсіндірді.
РУССО ЖАН ЖАК 
(1712-
1778 жж.), Францияның ойшыл
-
ағартушысы. 
Оның еңбектерінде мемлекеттің пайда болуы тұжырымы басты орын алады. 


174
Руссоның пікірі бойынша, мемлекеттің пайда болуы байлардың өздеріне 
тәуелді кедей еңбекші топтарды қенау үшін жасалатын астыртын әрекеттерінің 
нәтижесі. Осы қаталдықтан қалай құтылу керек? Өзінің «Қоғамдық келісім» 
деген еңбегінде ол демократиялық билік идеясын ұсынды, оның мәні халықтың 
заң шығар ісіне қатысуы. Халықтың бостандығын қолдап, Руссо шеттетілмеген 
адамның «табиғи құқығын» айқындайды және халықтың бостандық үшін 
көтеріліске шығу құқығы бар екенін табиғи келісім
-
шарттары негізінде 
зертейді. 
Руссо ілімі бойынша, үкімет билігі халықтың декретімен және 
қаулысымен орнайды. Қандай да халық жиналысы екі мәселені қоюға тиіс: 1. 
Халыққа орын алып отырған билікті сақтау қажет пе? 2. Үкімет билігі кімнің
қолында қалады? Руссоның идеалы: «Бірде бір азаматтың басқаны сатып 
алардай бай болмауы, бірде
-
бір адам басқаға өзін сататындай кедей болмауы 
керек». Руссо мемлекет билігі толығымен халықтың қолына көшуін жақтайды. 
Бұдан оның ағартушылық дәуірі ойшылдарының, жоғары өркениеттің өкілі 
екендігі көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет