Саясаттану



Pdf көрінісі
бет115/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

 МАРТИН ЛЮТЕР
(1483-
1546 жж.), ортағасырлық немістің құдайшыл 
ғалымы. Оның еңбектерінде әртүрлі әлеуметтік топтардың наразылығы көрініс 
тапты: серілік етушілер, қала тұрғындары, князьдар мен төменгі дін 
қызметшілер және т.б. 
М.Лютердің саяси өміріндегі басты қызметі 

римдік
-
католиктік шіркеу 
билігінің озбырлығына қарсы реформалар жасау. Ортағасырлық Еуропа 
елдерінде, соның ішінде Германияда халықтың нағыз қанаушысы болған
феодалдық мемлекеттің қуатты тірегі католик шіркеуі еді. Өйткені католик 
шіркеуінің өзі ірі жер иесі болды. Ол қарапайым халыққа діни сенімдерді 
уағыздау арқылы оларды қараңғылықта ұстап отырды. Елде зайырлы ілімнің
ғылым мен білімнің таралуына, өндіргіш күштердің дамуына бөгет болды.
Католик шіркеуінің құдайға құлшылық ету рәсімі мен көптеген діни ғұрыптары 
халык үшін өте ауыр тиді. Бір ғана Германияда емес, бүкіл римдік 
-
католик 
аймағында «арзан шіркеу үшін» күрескен халық қозғалысы басталды. 
Наразылықтың ушығуына түрткі болған «индульгенция» мәселесі болды. 
Индульгенция 
-
«о дүниеде жұмаққа баратындығына кепілдік беретін, бұл 
дүниедегі күнәлерінен құтқаратын құдыреті бар» куәлік қағаз. Әсіресе 
Германия жерінде индульгенция куәліктері көптеп шығарылып, базарлар мен 
халықтың көп шоғырланған жерлерде монахтар, шіркеу қызметкерлері 
ашықтан
-
ашық сатып тұрды, индульгенция сататын сауда орындары ашылды. 
1517 жылы папаның осы индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан 
профессор, монах Мартин Лютер болатын. Шіркеудің қазынасын толықтыра 
түсу мақсатындағы халықтың қараңғылығын пайдаланып отырған ұятсыз 
әрекетін сынап, Лютер шіркеу құдай мен адам арасындағы делдал бола 
алмайды деді. Ол өзінің дәріс беретін университет шіркеуінің есіктеріне «95 
тезис» деп аталатын үндеуін іліп қойды. Бұл тезистерде Лютер 
индульгенциямен сауда жасауды айыптап, өзімен келіспейтіндерді ашық 
айтысқа шақырды.Өз үндеулерінде құдай мен адамның арасында шіркеу 
қызметкерлерінің күнәдан тазартуға көмектесеміз дегені жалған деп 
жариялады. «Адам сенімі» арқылы ғана күнәдан арылуы керек деген ілім 
жасады. Ол өз тезистерінде : «Әрбір христиан құдайға шынайы жалбарынса, 
оның индульгенциясыз
-
ақ күнәсі толық кешіріледі». «Ол тақуа сеніммен өмір 
сүреді» деген сөздер бар. 1519 жылы Лейпциг қаласында құдай алдында әрбір 
христиан өзі ғана есепті деген пікір таратты. 
1520 жылы Рим папасы Лютерді шіркеуден қууды талап етті, бірақ ол 
өзінің Папаға қарсы памфлетінде: «Папаның өзі анархист» деп кінәлады. 
Шаруалар мен қала кедейлері бұны көтеріліске шақыру деп түсінді. Германияда 
толқыулар басталып оған кедейлермен қатар ауқатты топтардың да көп бөлігі 
және діни қызметкерлердің төменгі топтары қосылды.
Лютердің ілімі Реформацияның, яғңи шіркеуді қайта құру күресінің 
бастамасы болды. Католик дінінен жаңа, ғылымның құндылықтарына 
негізделген, «құдайсыз дін» деп аталған (протестантизм) діні бөлініп 
шықты.Шіркеудің билікке таласуы бәсеңдеп, дін бірте
-
бірте мемлекеттен 


172
ажыратылды. Бүкіл римдік 
-
католик аумағы бойынша білім мен ғылымның 
дамуына еркін жол ашылды. Бүкіл әлем бойынша саяси өмірдің зайырлы 
бағытта дамуы М.Лютер ілімінің ықпалында болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет