Саясаттану



Pdf көрінісі
бет111/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

ГОББС ТОМАС 
(1588-
1679 жж.) ағылшын философы. Гоббстың саяси 
ілімінің негізгі идеясы 

жоғары билік және мемлекеттің тәуелсіздігі. Ол өз 
теориясын Англиядағы монархияны қайта құруды жаңғыртуға бағыттады. 
Мемлекеттің үш үлгісін қарастыру арқылы Гоббс монархия 
-
биліктің ең жақсы 
үлгісі деп тапқан. Оның ойынша, ақсүйектік билік құдайы жолмен шыққан жоқ. 
Сонымен қатар, Гоббс ақсүйектік билік негізінің шығу сатысы 

қоғамдық 
келісім деп тапқан. 
Өзінің атақты “Левиафан” атты еңбегінде Гоббс мемлекетке дейінгі 
қоғамның бейнесін суреттеген. Ондағы жағдай, жоғарыда аталғандай, “бәрінің 
бәріне қарсы соғысы”. Бірақ табиғи заңдылықтар бейбіт заманды іздеу керек 
деген мәмілеге келтірді және осы мақсатта адамдардың барлық нәрсеге 
құқықты болудан айырылуы қажет, адамдарға өздерінің қауіпсіздігі үшін 
келісім
-
шарттар жасау керек болды. Олар өздерінің кейбір құқықтарынан бас 
тартып оны мемлекетке тапсыруы қажет. Гоббстың ойынша, қуатты мемлекет 

адамдардың әлеуметтік кемшіліктерін болдырмайды. “Монархтың бұл 
келісім
-
шартқа ешқандай қатысы жоқ”, себебі қоғамның дұрыс деп тапқаны 

келісім
-
шарт. Гоббс биліктің бөлінуіне қарсы болды. Басшының билігі 

жоғары заң және оған бағыну керек. Бағынышты адамдардың сана
-
сезімі де өз 
басшысына тәуелді болуы қажет, себебі басшы қандай дін, сенім қажет екеніне 
дейін шешуге тиіс. Сонымен қатар, басшы өзіне бағынышты адамдардың 
арасында теңдік болу қажет екенін қадағалап отыруға тиіс, оларды сотта қорғай 
білуі қажет. Гоббстың ілім
-
нанымы бойынша, жоғары билік абсолютті болуы 


166
қажет, бірақ тотальды емес; олар азаматтың жеке ісіне, яғни экономикалық іс
-
әрекетіне араласпауы қажет. Адамдар зат сатып алу саласында, келісім
-
шартқа 
отыруда ерікті. Гоббстың түсінігі бойынша, бостандық заңға қайшы келмейтін 
құқыққа негізделуі керек. Заңдардың мақсаты 

барлық іс
-
әрекетті бағындыру 
емес, оларға дұрыс бағыт беру. 
Томас Гоббс өзінің «Азамат жөнінде», «Дене туралы», «Адам туралы» 
деген шығармаларында «мемлекет 

үлкен механизм, жүйе, адамдардың 
құмарлығының қозғалысы мен қақтығысының нәтижесінде құрылған» 
-
деп 
есептейді. 
Гоббстың пікірі бойынша, әсіресе мемлекетке дейінгі кезеңдерде «адам 
адамға қасқыр»болды. Сондықтан сол жаппай соғысудың табиғи жайынан 
шығу үшін мемлекет қалыптастырылды. Адамдардың өзара қатынасының жаңа 
формасы мемлекет болды. Гоббс мемлекеттік билікке сөзсіз бағыну қажет деп 
санайды. Сөйте тұра, ІҮ тарауда көрсетілгендей, адам мәртебелілігі 
мемлекеттен де жоғары деген ұстанымын дәлелдеді. «Левиафан» деген 
еңбегінде адамның «табиғи құқығын» ең жоғары мәртебеге көтерді.Т.Гоббстың 
айтуынша, қандайда болмасын мемлекет адамның «табиғи құқығын» қорғауға 
міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет