175
өмір сүрсе де, олар“мемлекет тарапынан ештеңені пайдаланбайды”. Біз
мемлекетті «тек ғана бір адам бақытты болу үшін емес, тұтас алғанда бәрі
бақытты болуы үшін құрамыз»
-
дейді Платон.
“Саясаткер” және “Заңдар” еңбектерінде Платон шынайы білімге
негізделген мемлекетті ғана өз міндетін орындайды деп есептейді.
Ел басқарушылары арасында шынайы саяси қайраткерлер жетіспегендіктен
оның есесін мемлекеттік заңдармен толықтыру керек дейді. Платон
“Заңдарында” мемлекеттік құрылыстың екінші үлгісін көрсетіп, мемлекет
басқарушыларын бақылау жүйесін енгізуді ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: