176
табиғаттың мәртебелі заңы өмір сүретінін, оның қайнар көзі әртүрлі деңгейдегі
құдіретті бастаулар мен адамдардың әртүрлі ұтымды
әлеуметтік жаратылысы
екенін көрсетеді. Цицеронның пікіріне сүйенсек, табиғи құқық (мәртебелі,
шынайы заң)
–
табиғатқа тиесілі барлық адамдарға қатысты, ал олардың өз
міндетін
орындауға шақыратын, бостандығын шектеуді көздемейтін қасиет
әділетті ақыл болып табылады.Шынайы мемлекеттік заң
–
барлық жерде,
барлық халықтар үшін біреу және әркезде өз күшін
сақтайды Цицеронның
табиғи құқық туралы осы аса құнды қағидаларын кейін рим заңгерлері мен
шіркеу әкелері асыл мұра санап одан әрі дамытты.
Цицерон мемлекет басқарудың үш қарапайым үлгісін ұсынады: патшалық
өкімет, оптиматтар өкіметі (ақсүйектік билік) және халық өкіметі (демократия).
“Патшалар бізге өзінің ізгілігімен,
оптиматтар даналығымен,ал, халық
–
бостандыққа құштарлығымен тартымды». Оның пікірінше,
биліктің осы
көрсетілген ерекше сипаттары Аристотель мен Полибийдің үздік деп санаған
мемлекет басқарудың аралас түрінде болуы қажет. Көпшілік пен азшылық
арасындағы тепе
-
теңдікті сақтау және олардың мүдделерін
қорғау мәселесін
шешудегі Цицеронның тұжырымдамаларына Платонның саяси
-
әлеуметтік
идеяларының тигізген үлкен әсері байқалады.