173
азшылықтың көпшілікке бағынуы. Бұндай басқару, деп атап көрсетті ол,
талаптары мен қажеттіліктері бірдей адамдар өмір сүретін қоғамда ғана
табысты жүзеге асуы мүмкін. Ал бұл азаматтық рахымшылдық нәтижесінде
жүзеге асатын адамдардың моральдық келісімінде мүмкін, тек ғана азаматтық
рахымшылдық жағдайындағы демократиялық
басқару принципі болып
саналады.
Монтескьенің “заңдар рухын” немесе “басқару бейнесін” айқындаған
деректердің өзара жиынтығы мәселелерін талдауы оның саяси ойға қосқан
үлесі болып табылады. “Көптеген нәрселер,
-
деп көрсетті ол,
-
адамдарды
басқарады: климат, дін, басқару принциптері, өткеннің мысалдары, өнегелер,
дәстүрлер. Осылардың барлығының нәтижесі
ретінде халықтың жалпы рухы
пайда болады” (Ш.Л.Монтескье. Таңдамалы шығармалар, М. 1955. 412 бет).
Билікті бөлу теориясы
–
Монтескьенің ғылымдағы ең маңызды табысы.
Алғаш рет бұл ілім Англияны Кромвельдің басқаруы тұсындағы заң актілерінде
қолдау тапты. Даму нәтижесінде билік бөлінісінің әдісі қалыптасқан британдық
саяси жүйеге
талдау жасай отырып, Монтескье оны теориялық жағынан
байытты. Саяси билік әрқашанда зорлық
-
зомбылық жасамай тұрмайды. Бұл
адам табиғатынан туындайды. Сол себептен әртүрлі биліктер өзара бірімен бірі
ынтымақтасуға мүмкіндік бермеу үшін жоғарыда көрсетілгендей,
билікті заң
шығарушы, атқарушы және сот билігі етіп бөлгенде ғана заң үстемдігі
қамтамасыз етіледі.
Монтескьенің осы идеялары негізінде мемлекет билігінің үш буыны
(тармағы)
–
заң шығару, істі атқару (атқарушы билік) және сот билігін ажырату
қалыптасты. Монтескье Локктың биліктердің бөлінуі туралы идеясына нақты
түр беріп
биліктің тармақтарының бір
-
бірімен теңестірілуі (яғни, бір
-
біріне
үстемдік етпеуі) қажет деп санады.
Ш.Монтескьенің идеялары ХУІІ ғасырдың аяғында Францияның
Конституциялық Заңдарында көрніс тауып, 1787 жылғы АҚШ
-
тың
Конституциясынан орын алды. Міне осыдан
бастап саяси билікті бөлу
теориясы бүкіл әлемге тарады.
Достарыңызбен бөлісу: