«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет142/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Құндылықтарды дарыту 
 
Жалпыадамзаттық құндылықтар 
Пәнаралық байланыс 
география, экономика 
Бастапқы білім 
география, тарих пәндерінен алған білімдері болуы 
мүмкін 
Тірек сөздер 
Ауыл тұрғыны, қала тұрғыны, урбанизация үдерісі, 
ақсақал, т.б. 
 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырмасы
 
1-тапсырма.
«Санадағы кинофильм»
әдісі. Бір сәтке көзіңді жұм. Мұғалім оқыған 
қысқа оқиғаны тыңда. Естіген ақпаратты көз алдыңа елестет. Мұғалім оқуды 
тоқтатқанда, оқиғаны әрі қарай жалғастырып, одан әрі санаңда дамытуға тырыс. Одан 
кейін шағын топта өзіңнің «санаңдағы кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімеле. 
Әдістің мақсаты – шығармашылықты дамыту, мәселені талқылауды дамыту.
Ауыл. Қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Бізге дейінгі сан толқын ұрпақтың 
кіндік қаны тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті жан – ана болса, ауыл – барлық 
халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.
Менің ауылым тамаша. Таза ауа, ашық аспан, жусанның керемет иісі, тұнық судың 
сылдырап аққан дыбысы, көк майсаға бас қойған төлдер, ауыл сыртын орай аққан ағыны 
қатты өзен, өзен бойлай жайқалған тоғай. Ал, тұрғындары ше? Кеш қайта өрістен 
оралған малдың алдынан шұбыра шыққан жалаңаяқ балалар, батқан күнге көзін 
көлегейлей қарап, мал-жанын түгендеп тұрған ауыл ақсақалы, қос табаны беттестіре 
қойып, қидың шоғына қызара піскен ыстық нанды етегіне салып дастарханға апара 
жатқан аналар, өрістен желіні толып келген сиырдың бауырына жабысқан жас келіндер, 
тізесіне басын қойған немересіне ертегі айтқан әжелер. Мұның барлығы дәл қазіргідей 
көз алдымда...
Иә, есіме түсіп кетсе, балалық балдәурен күндеріме қайта оралып, сол әсем табиғат 


пен берекелі елімді қайта бір көргім келіп аңсарым ауып тұрады.
Бүгін жұмыс аптасының соңғы күні. Демалыс күндерімді жоспарлап отырып
ауылға барғым келді. Көп ойланбастан, келіншегіме ертерек ескертіп, балаларыма өз 
балалығымның куәсі болған ауылымды бір көрсетпек оймен жолға шықтым.
Қызарып батып бара жатқан күнмен жарыса ауыл шетіне іліктік. Алдымен ауыл 
шетіндегі төбеге көтеріліп, ата-анамыздың басына барып, құран бағыштадық. Сол 
жерден ауыл алақандағыдай көрінетін.
Ендігі сурет менің жүрегімді жаншып өткендей болды. Қираған үйлер. Өрістен 
қайтқан мал да жоқ, малдың алдынан шыққан қара борбай бала да жоқ, көзін көлегейлей 
мал түгендеген ақсақал да жоқ. Не болған? Неге сонша осындай күйге түскен бұл ауыл? 
Бұрын болған тіршілік қазір тіпті болмағандай...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет