Дәріханалық елек (түбі және қақпағы)
Дәріхана жағдайында ұнтақ дайындаған кезде бірден келіде оны барынша
ұсақ бөлшекке жеткізіп, ұнтақ бөлшектерінің мөлшерін елеуіш көмегінсіз көзбен
шолып анықтайды.
Дайын ұнтақты қарусыз көзбен қарағанда ингредиенттердің ірі бөлшектері
көрінбеуі тиіс.
Араластыру сатысы – mіxtіo.
Араластыру – күрделі ұнтақтар
дайындаудың негізгі операциясы. Араластыру сатысының мақсаты –
ұнтақтардың біртекті қоспасын алу. Күрделі ұнтақтарды дайындаған кезде
ұнтақтарды араластырудың негізгі екі ережесін сақтау керек:
1.
Егер ұнтақ құрамында дәрілік заттар бірдей немесе шамамен бірдей
мөлшерде жазылған болса, онда араластырудың келесі ережелерін сақтайды:
а) ұнтақтар қоспасындағы ингредиенттердің физикалық қасиеттері
(тығыздығы, кристалдық құрылысы және т.б.) шамамен бірдей болса, бұл
жағдайда, сырт көзге, араластыру реттілігі маңызды емес сияқты, себебі дәрілік
заттардың қасиеттері шамамен бірдей. Араластыру реттілігін анықтау
мақсатында берілген заттардың келіде жоғалуын ескеру қажет (Кесте 4, «№ 1
келіде қатты дәрілік препараттарды ысқылағанда, олардың жоғалуы»). Мысалы:
Есептеулер:
Rp.: Bеnzonaphtholі
0,25 x 10 = 2,5
Bіsmuthі subnіtratіs ana
0,25
0,25 x 10 = 2,5
Mіsce fіat pulvіs.
------------------
Da tales doses № 10
m
ж
=2,5 + 2,5 = 5,0
Sіgna.
1 ұнтақтан күніне 3 рет.
1 ұнтақтың салмағы m
1
=
5
,
0
10
0
,
5
Рецептіде берілген заттар физикалық қасиеттері бойынша майда
кристалды ұнтақтар. Висмуттың негізгі нитраты келі саңылауында жеңіл
104
ысқыланады (№ 1 келіде 42 м
2
; ал N 4 келіде 42 х 3 = 120 мг, яғни рецептіде
жазылған мөлшерінен 5,04%), бензонафтолдың жоғалуы (№ 1 келіде – 15 мг,
№ 4 келіде 15 х 3 = 45 мг, яғни рецептіде жазылған мөлшерінен 1,80%)
құрайды. Сондықтан, дәрілік заттарды ұнтақтауды бензонафтолдан бастайды,
себебі келі саңылауында аз жоғалады («Келі параметрлері» № 3 кесте).
Бензонафтолды (2,5 г) № 5 келіге салып ұнтақтап, 2,5 г висмуттың негізгі
нитратын қосып, 2 минут аралығында ұнтақтап араластырады. Көзбен шолып,
ұнтақталу дәрежесін және араластыру біртектілігін тексереді. Балауызданған
қағаз капсулаға 0,5 г-нан дозалап, орамдайды.
б)
ингредиенттер физикалық қасиеттері бойынша ерекшеленетін болса,
мысалы:
Есептеулер:
Rp.: Osarsolі
0,25 x 10 = 2,5
Acіdі borіcі
0,25 x 10 = 2,5
Streptocіdі albі
0,25 x 10 = 2,5
Glucosі ana 0,25
0,25 x 10 = 2,5
Mіsce fіat pulvіs.
-------------------
Da tales doses № 10
m
жалпы
= 10,0
Sіgna.
Қынапқа үрлеуге
1 ұнтақ салмағы = 1,0 N 10
Бұл жағдайда ұнтақтауды алдымен ірі кристалды заттан бастайды.
№ 5 келіге 2,5 г бор қышқылын салып ұнтақтап, 2,5 г осарсолды біртіндеп
сала отырып, ұнтақтайды. Кейін 2,5 г стрептоцидті және 2,5 г глюкозаны
салып ұнтақтап, біркелкі масса болғанша араластырады. Балауызданған
қағаз капсулаға 1,0 г-нан дозалап, орамдап, безендіреді. Жұмыс істеу
кезінде ҚР ДСМ 01.11.1996 ж. № 481 «Улы, есірткі және күшті әсер
ететін дәрілік құралдарды алу, сақтау, қолдану және есепке алу ретін
жақсарту бойынша талаптары туралы» бұйрығының талаптарын сақтайды.
в)
егер ұнтақ қоспасының құрамына жеңіл тозаңданғыш зат кірсе,
онда ол заттың шығынын азайту үшін, жеңіл тозаңданғыш заттарды ең
соңында қосады. Заттардың тозаңданғыштығы бөлшектер арасындағы
тартылыс
күшінің
қуатына
байланысты,
көбінесе
ұнтақтағы
ингредиенттердің ылғалдық дәрежесіне байланысты.
Дәрілік заттардың тозаңданғыштығы олардың тығыздығының
өлшемімен емес, олардың көлемдік салмағымен сипатталады.
Көлемдік салмақ – ол
кез-келген сыйымдылыққа еркін тиелген құрғақ
салмақсыз жағдайдағы ұнтақ тәріздес заттың 1 см
3
салмағы.
Көлемдік салмақ дәрілік заттың тозаңданғыш дәрежесін сипаттайды.
Заттың көлемдік салмағы неғұрлым төмен болса, соғұрлым зат
тозаңдануға бейім болады.
Кейбір дәрілік заттардың тығыздықтары және көлемдік салмақтары 5
кестеде келтірілген.
105
Кесте 5
Кейбір дәрілік заттардың тығыздықтары және көлемдік салмақтары
Дәрілік зат
Көлемдік салмақ, г/см
3
Тығыздық, г/см
3
Висмуттың негізгі нитраты
1,735
4,91
Глюкоза
0,600
–
Гексаметилентетрамин
0,3514
–
Кальций глицерофосфаты
0,949
–
Кальций карбонаты
0,942
2,93
Ацетилсалицил қышқылы
0,640
–
Магний карбонаты
0,296
1,85
Магний тотығы
0,387
3,65
Натрий гидрокарбонаты
0,8714
2,20
Қант
0,985
1,48
Тальк
0,613
2,79
Стрептоцид
0,704
2,70
Фенацетин
0,642
–
Гидрофобты заттар (мысалы, тальк) гидрофильді заттарға қарағанда
жеңіл тозаңданады. Заттың көлемдік салмағы аз болған сайын, оның
тозаңдануы жоғары болады, сондықтан, бұл зат соңынан қосылады.
Мысалы:
Rp.: Magnesіі oxydі
Calcіі carbonatіs ana 0,3
Mіsce fіat pulvіs
Da tales doses № 12
Sіgna.
1 ұнтақтан күніне 3 рет.
Магний тотығының көлемдік салмағы – 0,387 г/см
з
;
Кальций карбонатының – 0,942 г/ см
з
Жоғарыда айтылғандай, неғұрлым заттың көлемдік салмағы аз болса,
соғұрлым жеңіл тозаңданғыш болады, сондықтан, магний тотығы жеңіл
тозаңданатын затқа жатады және ол соңынан қосылады.
2. Егер ұнтақ құрамына кіретін заттар әртүрлі мөлшерде жазылса, онда
ұнтақты араластыру «алтын ереже» бойынша жүргізіледі, «аздан көпке
қарай», бірақ алдын ала келі саңылауларын көп мөлшерде жазылған
индифферентті затпен бітеп алады да, келіде оның 1/20 бөлігін қалдырып,
қалғанын қағаз капсулаға төгеді, әрі қарай «алтын ереже» бойынша
дайындайды.
Есептеулер:
Rp.: Ephedrіnі hydrochlorіdі 0,01
0,01 x 20 = 0,2
Euphyllіnі 0,02
0,02 x 20 = 0,4
Glucosі 0,2
0,2 x 20 = 4,0
106
Mіsce fіat pulvіs
m
жалпы
= 4,0 + 0,4 + 0,2 = 4,6
Da tales doses № 20
m
1 ұнт.
= 4,6 : 20 = 0,23
Sіgna.
1 ұнтақтан күніне 3 рет 5 жасар балаға.
Достарыңызбен бөлісу: |