108
дайын. Әр уақытта жұмыстан соң аспапты жақсылап тазалау қажет. Керек
болған жағдайда оны, тілше-тіреуішті басып, тастағышты алға қарай
жылжыта отырып, корпустан шығарып бөлшектейді.
Ұнтақтарды көлеммен дозалау үшін ДПР-2 аспабы да қолданылады
(Сурет 21.).
Сурет 21.
ДПР-2 типті өлшегіш (дозатор).
ДПР-2 дозаторы 0,1 мен 2,0 г аралығындағы салмақта өлшеуге арналған.
ДПР-2 жылжымалы штогі бар бос цилиндр тәрізді корпустан, алынатын ұшы
бар жылжымалы гайкадан тұрады. Жұмыс істеу принципі реттелетін өлшегіш
қуысты дозатордың ұшын осы ұнтаққа батыру арқылы бөлшектелетін
ұнтақпен толтыруға негізделген. Ұнтақты бөлшектеу штокті жылжыту
арқылы жүзеге асырылады.
Дәріханаларда дәрілік препараттарды дайындау кезіндегі рұқсат етілген
ауытқу нормалары ҚР Үкіметінің 2012 ж. 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік
препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау
қағидаларын бекіту туралы» Қаулысында келтірілген.
Ұнтақтардың
салмағындағы
ауытқу, бөлшектеу
әдісіне
және
қолданылатын аппараттарға тәуелсіз, нормативті құжатта көрсетілген мәнге
сәйкес болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: