Тыңайтқыш
– ретінде 2,3- 3 ц. суперфосфат шашудың нәтижесінде 1
гектардан алынатын ӛнім 2,2-3,1 ц. асады. Органикалық және минералдық
тыңайтқышты бірге беруге болады. Тыңайтқышты 1 – РМГ- 4 агрегатын, МТЗ
-80 немесе ЮМЗ -6 АЛ тракторын пайдаланып шашу арқылы береді.
Егу кезінде тыңайтқышты (N
10
P
5
) 6-10см аралықта қатарға 10-12 см
тереңдікке екі немесе бір ленталы енгізіледі.
Топырақты өңдеу -
ауа райы және топырақ жағдайына байланысты:
қарапайым судігер, жартылай пар, жақсартылған судігер қолданылады. Бір
жылдық арамшӛптермен кҥресу ҥшін кҥнбағыс егісінде прометрин
гербицидін 2,5 - 3 кг/га мӛлшерінде қолданылады.
Себу
Егу алдында тҧқымды жылы ауада қыздырады немесе жылы
жерде 3 - 4 кҥн ҧстап, оны 80% ТМТД- 1 тонна тҧқымға – 3 кг препратымен
ӛндейді. Кҥнбағысты кең қатары – 70 см – пунктирлі әдіспен СУПН-8; СКПП -
12 сеялкалармен себеді. Себу мӛлшері гектарына 20 мыңнан – 50 мың данаға
дейін, егу тереңдігі 6-7 см- ден 8-10 см дейін болады.
Кӛктеуіне 4-5 кҥн қалғанда топырақты майдалау ҥшін тырма
жҥргізеді. Кӛгі пайда болған кезде 2-ші рет тырмалайды – бҧдан кейін 2-3
рет культивация жҥргізеді.
Кҥнбағысты кемінде 3 рет суғарады 1 - сі гҥлдегенге дейін, 2-шісі
гҥлдеу басында, 3-ші жапай гҥлдеген кезде Суару мӛлшері 600-800 м
3/
/га.
Жинау
– Кҥнбағысты ору пісу мерзімінде зембіл гҥлдерінің 90%-ті қоңыр
тартып, қҧрғақтағанда, ылғалдылығы 12-14 % болғанда бастайды.
Кҥнбағысты дәнді астықты оратын комбайндармен (СК-5 НИВА) жинайды.
Мақта.
Әлемде пайдаланылатын тоқыма заттары яғни талшықты
дақылдар ішінде мақта талшығы бірінші орын алады. Ол тоқыма ӛнеркәсібінде
негізгі бағалы шикізат болуымен бірге автомобиль, авиация ӛнеркәсібінде
және т.б. әр тҥрлі ӛндіріс салаларында кеңінен қолданылады
Мақта дәнінде 20-27% май болады, одан маргарин, олиф, стеарин,
глицерин, фитин және сабын алынады.Бір тонна шитті мақтадан 100-110 кг
жоғары сапалы май алынады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия
ӛнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Мақтаның бір тонна тҧқымынан 400-420кг кҥнжара алынады. Мақта
кҥнжарасы мал ҥшін таптырмайтын азық, онда 40% белок болады және оның
қҧрамында улы зат-госсипол болатындықтан оны малды қоректендіруге аздап
беру керек. Мақтаның бір тоннасынан 380-400кг тҧқым қабығы шығады.
Мақтаның қабығынан әр тҥрлі этил, метил спирттерін лак, қант және азықтық
белок алады. Ал бҧтағы мен қауашағын сірке қышқылын, қағаз және май алу
ҥшін пайдаланылады. Жапырағы мен бҧтағының қабыршығынан алма және
лимон қышқылын алады. Мақтаның сабағы –қозасы отын ретінде
пайдаланылады.
Дҥние жҥзінде мақтаның егіс кӛлемі 33-34 млн. га, ал алынатын жалпы
ӛнім 42-45 млн.тонна. Негізгі мақта ӛсіретін мемлекеттер- АҚШ, Қытай,
Ҥндістан, Пакистан. Бразилия, Туркия, Мексика, Египет, Орта Азия, Казақстан,
Ӛзбекстан, Тәжікістан Тҥркменстан.
Мақта кулқайыр тҧқымдастарына жатады, ол кӛпжылдық ӛсімдік, ал
біздің ауа – райы жағдайында оны бір жылдық ӛсімдік ретінде ӛсіреді.
Мақтаның биіктігі 90 - 130см. тамыры жҥйесінің тереңдігі 2 - 2,5см. дейін
барады, басым кӛпшілігі 30 - 40см. тереңдікте жатады.
Жапырағы жҥрек формалы 3-7 ескіштен тҧрады. Мақтаның екі типті
ӛсу және жеміс беру бҧтақтары болады. Олар бітеу – гҥл, одан кейін гҥл мен
қауашақ шығарады., қауашақ ішінде талшық, ал талшық ортасында мақта
тҧқымы болады.
3-ші және 5-ші жапырақтың ішінде бірінші болып ӛсу бҧтақтары,
олардан сабақтары біраз доғалданып жеміс бҧтақтары тарайды, бҧл
бҧтақтарда жеміс бҥршіктері пайда болады. Бірінші жемісті бҧршақ
неғҧрлым ерте шықса, соғырлым мақта ерте гҥлдеп, ерте піседі.
Гҥлдің ҥлкен кҥлтесі болады, ол негізінен бірге оскен бір 5-
жапырақшадан тҧрады, оның тҥсі сортына қарай, ақ, сары және ақ сары
тҥсті болады. Бірінші бітеугҥл алғашқы жеміс бҧтақтың тҥбіне жақын
жерде, кӛктері кӛрінген соң шамамен 40-45 кҥннен кейін пайда болады.
Бітеугҥл ӛсіп шықаннан кейін 25 - 30 кҥнің ішінде гҥлдеуі басталады, ал
гҥлдеуі, қауашағының пісуі (ашылуы) ауа райына, сортына байланысты 40 -
60 кҥнге созылады.
Мақтаның ӛсіп дамуы 100-110 орташа пісетін 115 - 125 кеш пісетіні 130
- 140 кҥнге, ал жіңішке талшықты мақта 140 -160 кҥнге созылады
Мақта ӛздігінен тозанданатын ӛсімдік бола тҧра, кейде айқас тозандана
береді. Жемісі ҥш, тӛрт, бес ҧялы қауашақ піскен кезде жарылып ашылады.
Әр ҧяда 5-10 ға дейін тҧқым дамиды. Бір қауашақтағы мақта талшығының
массасы 3-10 г. Мақтаның тҧқымы ( дәнегі) тығыз ағаштай қабықты жҧмыртқа
тҥрлес болады 1000 дәннің массасы 70-150г.
Мақтаның талшығы тҧқымның бет жағында ҥлпілдек тҥрінде пайда
болады. Тҧқым мен оның жауып тҧрған талшықты шитті мақта деп атайды.
Талшықтың ҧзындығы оның салмағын анықтайды. Орта есеппен бір центнер
шитті мақтадан 32-35 кг ҧзын талшық, 60-65кг тҧқым алуға болады. Кӛпшілік
мақтаның талшық ҧзындығы 30 - 33мм, ал жіңішеке талшықты мақта сорттары
38 - 40мм.-ге жетеді. Талшық неғҧрлым ҧзын және жіңішке болса, соғырлым
мақта бағалы. Мақта жарық, жылу және ылғал сҥйгіш қысқа кҥнді ӛсімдік.
Оның тҧқымы 10-12
0
жылылықта ӛсіп-ӛнеді, бірақ кӛктеп шығуы ҥшін 14-15
0
-
тен жоғары температура қажет, ӛсуге ең қолайлы температура 25-30
0
С, бірақ
1
0
С шамасындағы суыққа тӛзе алмайды. Мақта бҥрлену, гҥлдену, пісіп-жетілуі
кезеңдерінде ылғалды кӛп қажет етеді, топырақтың аздап тҧздануына тӛзімді.
Мақта жеңіл, аз сілтілі топырақ ерітіндісінің реакциясында (РН-7-8) жақсы
ӛседі.
Елімізде мақтаның қарапайым немесе мексикалық және перуандық
және египеттік тҥрі ӛсіріледі. Бҧл ақ талшықты мақта, ҧзындығы 30-35мм ал
шығымы 35-38%. Шымкент облысында кең таралған мақта перуандық немесе
египеттік оның талшығы жіңішке, ҧзындығы 40-50мм.
Мақтаны ӛсіру ҥшін қолданылатын агротехниканың ішінде бастысы
топырақты ӛңдеу – оның негізгі мақсаты ылғал жинау, тҧқым себуді қолайлы
мерзімде ӛткізу және мақтаның біркелкі, сапалы бітік ӛсуін қамтамасыз ету.
Мақта егу ҥшін егістікті 30-35см, ал арамшӛбі кӛп егістікті 35-40 см. тереңдікте
жыртады.
Мақта жылу сҥйгіш ӛсімдік болғандықтан – 10 – 12
0
С температурада
кӛктейді. Тҧқым себу тереңдігі 4-5см – оны қатараралығы 60 және 90см, жиі
ҧялы әдіс. Қатараралығы 60см егіліп, себілген ӛсімдіктер 50 х 1,5-1 және 60 х
22,5-2 схемасы бойынша орналасады. Қатараралығы 90см егіліп, себілген
ӛсімдіктер 90 х 75-1,90 х3,0 немесе 90 х 75-1,90 х 3,0-2-3 және 90 х 20-2 схема
бойынша орналасады. Себу мӛлшері гектарына 40 - 120 кг-ге дейін тҧқым
сіңіреді. Мақтаны индустриялық технология бойынша ӛсіру комплексті
агротехниканы қажет етеді, оның ішіндегі ең маңыздысы ауыспалы егісті игеру
болып табылады.
Мақта егетін аудандардағы ең кӛп қолданылатын мынадай ауыспалы егіс
схемасы ҧсынылады: 1-топқа дәнді-дақылға бҥркеме ретінде беде, 2-3-топтарға
беде, 4-9-топтарға шитті мақта егіледі. Бҧл ауыспалы егістікте мақтаның ҥлес
салмағы-66,6%, жоңышқаныкі-22,2% және бҥркеме дақыл ретінде дәнді дақыл
11,2%.
Мақта даму кезеңдеріне байланысты қоректік заттарды әр тҥрлі қажет
етеді, азотты пайдалану коэффиценті 60-70%, фосфорды пайдалануы 25-30%,
калийді пайдалануы 50-60% болады.
Топырақ жақсы ӛңделсе кӛгі тез шығады, ылғал жақсы сақталып,
арамшӛп азайып, мақта аурулары мен зиянкестері кемиді. Мақта қылтиып
кӛріне бастағанда топырақ қабыршағын ротациялық шабықтауышпен немесе
культиватормен қопсытады. Мҧнда қопсыту тереңдігі 4-5см, ал қатарлықтары
6-8см ден аспауы керек.
Мақтаны суарудың 2 тҥрлі жолы бар;
1.
Дымқылдап суару
2.
Ӛсіп-даму кезеңінде суару
Дымқылдап суару негізі кҥз-қыс кезендерінде немесе ыза суы терең
жатқан жағдайда гектарына 1500 - 3000м
3
су беру арқылы жҥзеге асады.
Мақта гҥлденгенше (1-2 суарады) гҥлдегенен кейін піскенде (2-5 рет)
немесе шашақтардың піскен кезінде бір рет суарады. Бірінші суаруды 3-5
жапырақ шыққан кезде бастайды. Суару боразда арқылы жҥргізіледі.
Қатараралығын қопсыту әр суарудан кейін жҥргізіліп тҧрады.
Шырпу- ӛсімдіктің пісуін тездетеді, оның бойындағы қоректік заттарды
реттеуге және мақта ӛнімділігін арттыруға мҥмкіндік беретін маңызды
агротехникалық шара. Механикаландырылған шырпуды культиватор мен
немесе суару бораздаларын тілумен бір мезгілде жҥргізіледі.
Ӛсірілген мақтаның басты бӛлігін жинау комбайнмен атқарылады.
Тҧқымдық танаптарда мақта жинайтын техникамен жинау қиынға тҥсетін
егістіктерде қолмен жинайды. Мақта жинағыш техникаларды тиімді пайдалану
ҥшін, мақта ӛсімдігінің жапырақтарын жою ҥшін дефелиация жҥргізеді.
Дефеляцияны мақтаның басым кӛпшілігінде ашылған 2-3кӛсек пайда болғанда
жҥргізген тиімді болады.
Отамалы дақыл болғандықтан, егіншілікте мақта дәнді және басқа
дақылдарға жақсы алғы дақыл болып саналады, ол ҥшін жоңышқа ең жақсы
алғы дақыл.
Достарыңызбен бөлісу: |