«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет99/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

 
дәннің салмағы 4-10
 
грамм, қауыздылығы 10-22%, жарма 
шығымдылығы 67-84%. 
Тары басқа дақылдарға қарағанда ылғалды аз керек етеді. 
Транспирациялық коэффиценті бидай мен арпаға қарағанда 2 еседей тӛмен, бір 
грамм органикалық, зат тҥзу ҥшін тары 200-250 г су жҧмсайды. Оның дәні ӛсу 
ҥшін ӛз салмағының 75 пайызындай ғана су сіңірсе жетіп жатыр, яғни, ӛсуі 
ҥшін басқа да дақылдарға қарағанда суды 2-3 есе кем пайдаланады. Тары ӛскен 
кезде де топырақ ылғалын ҥнемдеп жҧмсайды.
Сорго сафлор сияқты ксерофиттер қатарына енетін тары дақылы 
қҧрғақшылыққа ӛте тӛзімді. Тарының дәнінің ӛнуі ҥшін оның массасының 25-
30% cу болуы қажет, бҧл басқа астық дақылдарына қарағанда ылғалды 1.5 – 2 
есе аз қажет етеді 
Қуаңшылыққа тӛзімді болғанымен, тарыны мерзімімен суарған жағдайда 
жоғары, қҧнарлы қара және қызыл-қоңыр топырақта жақсы ӛнім береді. 
Гранулометриялық қҧрамы жеңіл, қоректік заты мол топырақ тары ҥшін ӛте 
қолайлы болып есептеледі. Тары қышқыл, ауыр топырақты қаламайды. 
Топырақтағы тҧздың концентрациясы 0,6% -дан аспаса, ӛсе береді. Ал кӛп 
дақылдар топырақтағы тҧздың 0,2-0,3% концентрациясын кӛтере алмайды. 
Сондықтан тарының осы биологиялық ерекшелігін пайдаланып, топырақтың 
тҧздылығын кемітуге болады. 
Тарының дәні ӛне бастауы ҥшін 8-10
0
С, ал қолайлы ӛсу температурасы
20-30
0
С жылылықты қажет етеді. Суыққа тӛзе алмайды, температура - 2-3
0
С 
болса тары қатты зақымданады, ал -3°С-тан тӛмендеп кетсе қурап ӛледі. Осы 
себепті, тарыны басқа масақты дәнді дақылдарға қарағанда кеш себеді. Тары 
ыстыққа ӛте тӛзімді дақыл, ол 38-40
0
С температураға шыдайды, ол қысқа 
кҥндік ӛсімдік, ӛсіп-даму вегетациялық кезеңі 90-120 кҥн. 
Тары сабанының азықтың сапасы бидай сабанынан екі есе артық, дала 
шӛбімен қатарлас. Тары жармасында ақуыз мӛлшері кҥріш, қарақҧмық 
жармаларынан едәуір кӛп. Оның жармасының қҧрамында крахмал (81.0% ), 
ақуыз (12%), май (3,5% ), кант (0.15%) , клетчатка -1,04, кҥл -1,45 сияқты адам 
ағзасына қажет заттар және 0,41 азықтық ӛлшем, 23 г сіңімді протеин болады. 
Тары ӛсірумен Ақтӛбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Оғтҥстік 
Қазақстан, Жамбыл облыстарының жеке шаруашылықтары шҧғылданады. 
Қазақстанда кӛп тараған тары сорттары - Саратов-3, Саратов-6, Орал-109, 
Омский-11, Старт, Шортандинский-7. 
Алгы егіс. 
Тары арамшӛптерден қатты зардап шегеді. Сондықтан оны 
танапты арамшӛптерден таза қалдыратын дақылдардан кейін сепкен дҧрыс. 
Мҥмкін болса, тың және тыңайған жерге себілсе, тары мол ӛнім береді. Тары 
ҥшін кӛп жылдық шӛптер (жоңышқа, беде, эспарцет, еркекшӛп) ӛте жақсы алғы 
дақыл болып есептеледі. Ауыспалы егіс жҥйесінде тарыны таза сҥрі жерге 
егілген кҥздік не жаздық бидайдан кейін еккен жӛн. 


Тары ӛсіруге арналған шаруашылықтарда оны таза сҥрі жерден кейін 
себу керек. Бҧл жағдайда тары қҧрғақшылық жылдары да тәуір ӛнім береді. 
Тары ҥшін бҧршақ тҧқымдас дақылдар да жақсы алғы дақыл болып 
есептелінеді. 
Тары бір жерге қайталанып себілсе ӛнімін тӛмендетеді. Сондықтан 
тарыны тек ауыспалы егіс жҥйесінде ғана себу керек. Тары бҧрын егілген жерге 
4-5 жылдан кейін ғана қайталанып себілуі тиіс. Сонымен қатар шықпай қалған 
кҥздік және жаздық дақылдардың орнына сақтандыру дақылы ретінде егуге 
болады. Тары дақылын қыстың қатты аязынан кейін егу кезінде кӛп дәнді қажет 
етпейді. Әдеби деректерге сҥйенсек, тары дақылын Қазақстанның батысынан 
оңтҥстік және оңтҥстік - шығысқа қарай бағытталған аймақтарда себу кезінде 
оның дәнінің сапасы артып, жақсарып климаттың қҧрғақшылық әсері артқан 
сайын дәннің қҧрамындағы ақуыз қҧнары артады.
Тыңайту. 
Тарының тамыры басқа дақылдармен салыстырғанда қоректік 
заттарды нашар сіңіреді. Сондықтан, оның ойдағыдай ӛсуі ҥшін топырақта 
жеңіл сіңетін қоректік заттар мол болуы керек. Тҥптенуден пісуге дейін орташа 
45 тәулік бойы тары қоректік заттарды кӛптеп сіңіреді. Осы уақытта топырақта 
қоректік заттардың мол болуы керек. Азотты ең кӛп сіңіретін уақыты - гҥлдеу 
кезеңі, фосфорды дәні толар кезде кӛп қажет етеді. 
Тыңайтқыш мӛлшерін есептеу кезінде тары 1 тонна дән, соған сәйкес 
сабан тҥзу ҥшін топырақтан 31 кг азот, 14кг фосфор және 27 кг калий 
сіңіретінін ескеру керек. 
Тары минералды және органикалық тыңайтқыштарды бірдей бергенді 
ҧнататын ӛсімдік. Қара топырақты жерлерге гектарына 15-25 тонна кӛң береді, 
сҧр топырақты жерлерде оның мӛлшерін 30-40 тоннаға дейін кӛбейтеді. Бҧл 
тҧста кӛңнің арамшӛптер тҧқымынан таза болуын қатты қадағалау керек. 
Фосфор егістікке кҥзде сҥдігер жыртқан кезде суперфосфат тҥрінде 
гектарына 2,5-3 ц беріледі. Азот тыңайтқыштары егістік алқапқа кӛктемде 
қопсыту кезінде бір гектарға есептегенде 90-130 кг аммиак селитрасы немесе 
150-225 кг аммиак сульфаты тҥрінде сіңіріледі.
Азот – белоктар, нуклейн қышқылы, ферменттер оның ішінде НАД және 
НАДФ, витаминдер және басқа да органикалық заттар қҧрамының негізгі 
компоненті. Сондықтан азоттың жеткілікті мӛлшерде болуы фотосинтез 
процесін кҥшейтіп, тарының жылдам ӛсуіне және жоғары биомасса қҧрауына 
жағдай жасайды. 
Тары дақылы ӛзге дәнді дақылдармен салыстырғанда тҥрлі зиянкес 
жәндіктер мен ауруға қарсы химиялық сақтандыруды қажет етпейді. Тек тары 
дәнін себу алдында ферментациядан ӛткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет