«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Рапстың халық шаруашылығындағы маңызы



Pdf көрінісі
бет107/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

7.3. Рапстың халық шаруашылығындағы маңызы 
Рапс.
Raps-Paskul Рапс -ӛте бағалы майлық және мал азықтық дақыл, ол 
жоғары сапалы ӛсімдік майы мен белок кӛзі. Рапс сӛзінің шығуы Ерте Египет 
тҧрғындары Кҥн қҧдайы Ра-ға байланыстырады. Сондықтан Рапс –Кҥн ӛсімдігі 
деген мағынаны білдіреді. Рапс ӛсімдігін ӛсіру экологиялық экономикалық 
және агрономиялық кӛрсеткіштері жӛнінен тиімді: 
1. Экологиялық жағынан – бір гектар кҥздік рапс егістігі 10,6 млн.л. 
оттегін бӛліп, қант қызылшасынан кейін 2-ші орынға иелік етеді. Бір гектар 
орман алқабы бар болғаны 4 млн. л. оттегін бӛледі, бҧл рапс егістігінің бір 
гектары бӛлетін оттегінен 2,5 есе аз. Сонымен қатар топыраққа тӛгілген Рапс 
майы 7-кҥн ішіеде 95% -ға дейін ӛздігінен ыдырап қоршаған ортаны 
ластамайды, ол минералдық майлар осы уақыт (мерзім) ішінде бар болғаны 
16% -ғана ыдырап қоршаған ортаны ластайды. Бір литр минералдық май 1 млн. 
литр суды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға жарамсыз етіп, топырақты 
ластап оны ӛсімдік ӛсіру ҥшін кӛп жылдарға пайдалануға болмайтын жағдайға 
келтіреді. Органикалық заттардан алынған бензин мен дизелдік жанармай 
тракторлар мен автомашиналардың двигательдерінде жанып қоршаған ортаға 
кӛптеген зиянды заттарды бӛледі, ал рапстық жанармай жанғанда экологиялық 
таза газдарға айналады. Сондықтан рапс майынан алынған жанармайға 
экологиялық тиімділігі жағынан тең келетін жанармай жоқ.
2. Агрономиялық кӛрсеткіші –потенциалдық ӛнімділігі жоғары, 
ауыспалы егістікке жақсы алғы дақыл ретінде ӛзінен кейінгі егілген бидай мен 
арпаның ӛнімділігін 10-15%-ға арттырады, топырақты органикалық заттармен 
байытып, оның сулық және ауа ӛткізгіштік қасиетін жақсартады, шикізат 
ретінде биожанармай мен биомоторлық май шығаруда және ӛте бағалы мал 
азықтық жем ретінде қолданылады. 
3. Экономикалық тиімділігі –рапсты ӛсіру рентабельділігі 50 %-дан кем 
емес, сату бағасы тиімді болғандықтан ішкі және сыртқы рынокта техникалық 
шикізат ретінде транспорт пен ӛнеркәсіпте кең тҥрде қолданылады. Тағамдық 
және техникалық ӛсімдік майы ретінде әлемдік рынокта жоғары сҧранысқа ие. 
Рапс – майлы дақылдарға жататын бағалы ӛсімдік. Оның дәнінде 43 
пайыздан (жаздық рапс) 50 пайызға (кҥздік рапс) дейін май болады. Рапстың 
майын тағам ҥшін және техникалық мақсатта пайдаланылады, сонымен қатар 
сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері ӛндірісінде 
қолданылады. Рапстың 100 кг. кӛк балаусасында 15,7 кг. малазықтық ӛлшем 
бар және ол витаминдерге (әсіресе А,С) ӛте бай, жақсы қорытылады, жасҧнығы 
онша кӛп емес (11-13%). Шауып алғаннан кейін және мал жайған соң да 
кӛтеріліп ӛсуге қабілеті бар ӛсімдік. 
Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген рапс малға кҥз 
айларында, немесе ерте кӛктемде жақсы жайылым. Осы қасиеттері жағынан 
рапс жақсы мал азықтық дақыл. Май зауыттарында ӛңделгеннен кейін қалған 
кҥнжарасы малазықтық қасиеті жағынан сҧлыға тең келеді, бірақ ондағы 


қорытылғыш протейін мӛлшері сҧлыдағыдан ҥш есе кӛп. Рапс кҥнжарасын 
малға таза кҥйінде емес, қҧрамалы азықтардың қоспасы ретінде берген дҧрыс. 
Егіншілікте рапс кӛптеген ӛсімдіктерге жақсы алғы дақыл болып 
есептелінеді.
Кҥздік рапс - кҥзде себілгенде ғана май алынатын негізгі дақыл. Оның
ӛсуіне қысы қарлы әрі жылы болатын, әсіресе қыстың соңы мен ерте
кӛктемде ауа райы ерекше қҧбылып ӛзгермейтін аудандар қолайлы. 
Еліміздегі кҥздік рапстың жалпы егіс кӛлемі 50 – 60 мың га. шамасында. 
Алынатын ӛнім кӛк балауса 300 – 400 ц, тҧқым ӛнімі әр гектардан 15- 20 ц. 
Кең таралған сорттары – Кубанский – 1 , Дублянский және т.б. 
Кҥздік рапс –жасыл жапырақты, жоғарғы жапырақтары сабақтарын 
жартылай орап алады. Гҥл шоғыры –шоқ . Климатқа қоятын талабы жоғары.
Маусымның басында гҥлдеген рапстың ашық сары тҥсі араларды ӛзіне тартады, 
олар рапстан шырын мен тозаңды жинайды. Басты шоғырындағы гҥлдеу 
тӛменнен 
басталып, 
жоғары 
кӛтеріледі. 
Басты 
шоғыр


гҥлдеген соң , екі жағындағы шоқтары гҥлдейді. Тозаңдары гҥл ашылған 
соң ашылады. Тозаң қабығының тозаң шығатын жағы кҥздік рапста әрбір 
аталығының қарсы бетінде қызыл нҥктемен танылады. Тозаң жарық ретінде 
жоғарыдан ӛте тар- майда екі ҧзынша тесік арқылы енеді. Қиылыса 
тозаңданады, тӛрт ҧзындау келген аталықтар тозаң қапты айналып, 
тозаңдаушымен бір биіктікте кӛтеріліп аналыққа тҥседі. Кешке қарай 
жапырақтарының ҥстіңгі бӛлігі анық кӛрінген гҥлдері таңертеңгі мезгілде 
ашыла бастайды. Одан әрі жапырақ ҥсті таралып, олардың арасында аналық 
пайда болады. Гҥл бҧл кезде қоңырауға ҧқсас болады. Кҥздік рапстың гҥлдеуі 
25-35 кҥнге созылады. 
Кӛп жылғы зерттеу нәтижелері кӛрсеткендей, рапс гҥлінде шамамен 
0,7 мг шырын, бар, ол 0,3 тен 0,9 мг аралығында ауытқып отырады. 
Қанттылығы 12-14 пайыз. Рапстың шырындылығы мен қанттылығы қолайлы 
табиғат жағдайларында ҧлғаяды. Бҧған табиғат жағдайлары, агротехника 
деңгейі, калий тыңайтқыштары ықпал етеді. Рапстың бал ӛнімділігі 1 га жерден 
50 кг анықталады. Деректер бойынша бір бал ара ҧясы рапстан бір кҥнде 3-4 кг 
шырын жинайды. Рапс балы ақ тҥсті, кейде сары тҥсті, ӛте тәтті, рапс гҥлінің 
иісі бар. Ол тез кристалданады, суда еруі қиын, қоспасы қою болады, 
сондықтан оны ара омартасында қысқа қалдыруға болмайды. Рапсты ара 
ҧяларының жанына себу тозаңдануына кӛмек береді. 
Кҥздік рапсты сепкенде, омарта жанындағы кӛктемде гҥл жарғанда 
ӛсімдіктің жоғарғы сабақтарын кесу қажет. Сонда оның жанындағы сабақтары 
жақсы жетіледі, гҥлдеуі ҧзаққа созылады. Кҥздік рапс Атырау, Жамбыл, 
Оңтҥстік Қазақстанда ӛсіріледі.
Жаздық рапс Азияда кеңінен таралған дақыл. Ҥнді елінде ол 3,4 млн, 
Қытайда - 2,5 млн , Пакистанда – 500 мың га жерге егіледі. Азия елдеріндегі
әр гектардан алынатын рапс ӛнімі - 5,5 – 6 ц, рапс тҧқымын кӛптеп
ӛндіретін Канада елі. Жаздық рапстың әр гектарынан 10 ц. ӛнім алынады. 
Оның сорттары: «Юбилейный, галант, ратник, ритм, визит, липецкий, рубеж, 
герос, золотоновский». Осының ішінде ең жоғары сапалы «Липецкий» сорты 
болып табылады. Жаздық рапс (кольза) бал беруі кҥздік рапстан қалыспайды. 
Ол шырын мен тозаң бӛледі. Жаздық рапс Ресейдің орталық және солтҥстік 
аумақтары ҥшін маңызы бар, бҧл жерлерде жаздық рапс ӛсіріледі. Оны Сібірде, 
Оралда, Солтҥстік Қазақстанда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында
ӛсіруге болады.
Жаздық рапс ӛнімділігі жӛнінен кҥздік рапспен салыстырғанда, қалыс 
қалады, бірақ климат пен топырақ таңдамайды. Оны әдетте кҥздік рапстан 
кейін себеді. Рапсты кеш себуге болмайды, себебі зиянкестер шыққанша рапс 
топыраққа бекуі қажет. Рапс тҧқымын аралығын 15 см етіп, кең қатарлы 
әдіспен 1га. жерге шамамен 12-16 кг. есебінен шашады, 2-4 см. тереңдікте 
себеді, себу ҥшін жақсы дәндер алу керек, бірақ сыртында тозаңы болуы тиіс. 
Қазіргі таңда рапсы ӛсіруден Канада мен Индияны артқа тастап, жетекші 
орында Қытай болып отыр, бҧл ҥш ел әлемдік ӛнімнің 57 пайызын береді.. 
Рапс дақылын ӛсірудің басты аймақтары –Азия ҥлесіне 46,8 %, Еуропаға -
30,3 %, Солтҥстік Америкаға -19,2 % ҥлес тиеді. ТМД елдерінде жылына 0,16 


млн тонна ӛндіріледі, Ресейде - 0,11, Украина - 0,02, Белоруссияда - 0,02 млн 
тонна.
Бҥгінгі таңда рапс майлы дақыл ретінде кеңінен ӛңделуде, әсіресе мҧндай 
дақылдар кӛп ӛнім бере қоймайтын табиғи зоналарда кеңінен таралуда. Екпе 
дақыл ретінде жаздық рапс немесе Кольза және кҥздік рапс тҥрінде кездеседі. 
Май беретін шаршы гҥлділер ӛсімдіктерінің ішінде рапс тҧқымы майының 
кӛптігімен ( 45 – 50 % ) және сапасы жӛнінен бірінші орын алады. 
Кҥздік рапстың климатқа талабы мықты, аязға тӛзімділігі тӛмен, олар 
қҧрғақшылық пен қысқы айларда жылының кӛп болғанын да қаламайды. 
Жаздық рапс климаттық жағдайларды талап ете қоймайды, бірақ кҥздік рапсқа 
қарағанда майлылығы тӛмен. 
Мысалы, Канадада жаздық рапс себу кең тараған, ал Еуропа елдерінде 
кҥздік рапсты ӛңдейді, олардың ӛнімділігі жоғары. Швецияда рапстың екі 
тҥріне де ҥлкен кӛңіл бӛлінеді. 
Шығыс Еуропаның континенталды климатында кҥздік рапс ӛсіру ҥлкен 
тәуекелдікті талап етеді. Ресейдің, Украинаның және ӛзге де ТМД елдерінде 
жаздық рапс ӛсіріледі.
Рапсты экспорттаушы басты елдер – Еуропа, Канада, Австралия. 
Импорттаушы елдер – Қытай, Мексика, Жапония, Бангладеш, Пакистан және 
ӛзге де елдер.
Солтҥстік Қазақстанда ерте пісетіндіктен жаздық рапс ӛсіріледі. Аймақта 
соңғы жылдары оның егістігі 45 – 48 мың гектарға дейін ӛсті, ал тек қана 
Кӛкшетау мен Қостанай облыстарының әрқайсысында ол жыл сайын 18 – 20 
мың га жерге себіледі. Сонымен қатар рапс Жамбыл, Атырау, Оңтҥстік 
Қазақстанда да ӛсіріледі.
Елімізде май дақылдарының ӛндірісі ӛсуде. Ӛндіріс рапс ӛндіруден -28,7 
есе, шашақты зығырдан – 6,7; қытай бҧршақтан – 3,4; мақсарыдан (сафлор)– 
2,2 есе ӛсті. (26-кесте) 
26-кесте. Республикада май дақылдарын ӛндіру (мың тонна) 
Жылдар 
2002 
2003 
2004 
2005 
2006 
2007 
2008 
2009 
Барлығы 257,1 436,3 395,8 439,8 458,9 459,4 433,3 578,8 
Кҥнбағыс 
тҧқымы
189,8 
292,6 
265,6 
267,4
268 
205,8
185,8 
282,9 
Рапс 
тҧқымы 
4,5 
7,4 
4,

64,8 
76,3 
131,2 
114,6 
129,2 
Мақсары 
тҧқымы 
37,9 
94,8 
76,1 
61,7 
45,7 
43,9 
51,2 
82,2 


Қытай 
бҧршақ 
тҧқымдас ірі 
бҧршақтар 
22,5 
37,8 
46,7 
42,7 
62,1 
72,9 
74,8 
77,4 
Шашақты 
зығыр 
тҧқымы 
0,8 
0,8 
0,9 

4,66 
5,3 
5,3 
5,4 
Қыша 
тҧқымы 
0,9 
2,9 
1,3 
1,1 
1,1 
0,53 
0,53 
0,53 
Ӛндіріске жаңадан қосылған май дақылдарының ішінде мақсары 
(сафлор) ӛсіру артып отыр. Бҧл кӛрсеткіш бойынша республика дҥние жҥзінде 
4-5-ші орында. Мақсары кҥтімді аса қажет етпейді және сортаң топырақта да 
ӛсе береді.
2010 жылы Ресейде Рапс ӛсімдігі 878,04 мың гектарға егілсе, бҧл 
кӛрсеткіш 2009 жылы 688,1 мың гектар болған, яғни рапс егістігінің кӛлемі 27 
%-ға ӛскен. Соған қарамастан Ресейдегі рапстың ӛнімділігі дәстҥрлі тҥрде 
жоғары емес –орта есеппен 10-15-ц/га - дан аспайды. Мҧның негізгі себебі ауа 
райы факторларының тҧрақсыз болуы.
Россияда рапс ӛсімдігінің жаздық сортын ӛсіруде 1-ші орында Татарстан 
алады. 2010 жылда қуаңшылық болғандықтан, мҧнда барлық жиналған ӛнім 8 
мың тонна болды, ал 2009 жылы бҧл регионда 75,5 мың тонна рапс ӛнімін 
алған. 
Ал 2010 жылы кҥздік рапстың жалпы жиналған ӛнімі 368,7 мың тонна 
бҧл 2009 жылмен салыстырғанда 20 %-ға жоғары. Кҥздік рапстың жоғары 
ӛнімі егістіктің жылдан-жылға ӛсуімен қатар, агротехниканың жетістіктерімен 
байланысты. 
Кҥздік рапс негізінен Ресейдің оңтҥстік федеральдық округінде ӛсіріліп, 
сол жердегі ӛнеркәсіп орындарында шілде-тамыз айларында ӛңделіп май 
алынады. Бҧл кезең яғни шілде-тамыз айларында кҥнбағыс әлі 
жиналмағандықтан бос болып, оның орнына рапс ӛсімдігін ӛңдеп, май алатын 
цехтардың қуаттылығын тиімді пайдалануға мҥмкіндік туады, яғни сезон-
аралық мерзімде кҥнбағыс майының жетіспеушілігі мен ӛнеркәсіптің босаған 
қуатын пайдалануға кӛмектеседі. 
Ресейден ӛндірілген рапстың жалпы мӛлшері кӛбейгенімен оны шет елге 
шығарып сату кӛлемі бҧрынғы жылдармен салыстырғанда азайған. Рапс дәнін 
қыркҥйек айында Ресейден экспортқа шығару 14,278 мың тоннаны қҧрады. 
Оны негізінен сатып алушы елдердің ішінде Германия, Белгия, Англия, және 
басқа да елдермен бірге Қазақстанда бар. (27-кесте) 


27-кесте Ресейден экспортқа шығарылған Рапс тҧқымы (шілде-тамыз2010) 
№ Экспорттаушы 
елдер 
Кӛлемі 
Ҥлесі 
Бағасы
АҚШ $ 

Германия 
15.913 
50% 
443 

Белгия 
6008 
19% 
445 

Англия 
3500 
11% 
379 

Литва 
2984 

511 

Турция 
2014 

325 

Иран 
1314 

320 

Қазақстан 
10 
1% 
569 
Барлығы 
31744 
100% 
Украинада рапс дақылы негізінен қызылша ӛсірілетін оңтҥстік 
аумақтарында себіледі, солтҥстік жақтарда ол ӛліп қалады. Украинаның басты 
аумағында ӛсірілген кҥздік рапстың бал шаруашылығы ҥшін маңызы бар. 
Рапс ӛте жақсы бал беретін ӛсімдікке жатады, 25-30 кҥннің ішінде бал 
арасы әр егілген гектардан 90 кг дейін бал жинайды. 
Агротехникалық жағдай бойынша рапс ӛсімдігі кӛптеген дақылдарға ӛте 
жақсы алғы дақыл болып саналады, егілген егістікті ерте босатып, топырақ 
қҧрылымы мен қҧнарлығын жақсартып, алқаптың ластануын азайтады. 
Рапстан кейін егілген дәнді дақылдардың ӛнімділігін 10-15%- ға арттырып еш 
қосымша материалдық шығынысызақ ӛсімдік шаруашылығының тиімділігін 
арттырады. 
Бҥкіл дҥние жҥзінде майлы дақылдардың ішінде рапс ӛсімдігі ӛсірілетін 
кӛлемі жағынан соя дақылынан кейін екінші орын алады (Бочкарев 2006). Рапс 
дақылы ӛсімдік майы мен мал- азықтық белок кӛзі болып табылады, ӛйткені 
оның дәнінде кҥнбағыс дәніндегідей 40-48% және 50-55% май бар (Палий 
1961). Ал дәндегі белок мӛлшері жӛнінен кҥнбағыстан 5-17 % артық ӛнім 
береді.(Суханов,Нарижний т.б.1987 Федотов, Коломейченко және т.б. 1998 ). 
Бҧл дақылдың эруковтық және тӛмен глюкозинолатты сорттары жоғары 
биологиялық бағалылығы мен сапасы және дәмдік қасиеттері жӛнінен 
оливкалық (зәйтҥн) майына ӛте жақын. (Гареев,1996). 
Соңғы жылдары Украина егіншілері бидайдың орнына Рапс ӛсімдігін 
кӛптеп егуде, ӛйткені оның рыноктағы қҧны кӛп пайда әкелуде. 2010 жылы 
шілде айында рапстың бір тоннасы 330-350 доллар тҧрса, 2011жылы бҧл баға 
640-650 долларды қҧрады. (М.Колесник -2010). Бҧған рапс ӛсімдігінің әлемдік 
рынокта биожанармай ӛндіруде зор сҧранысқа ие болып отыруы себеп болуда. 
Оның бағасы мҧнай бағасының ӛсуімен байланысты ӛсуде.
АҚШ-ауылшаруашылық министірлігінің мәлімдемесі бойынша 2010-
2011 жылы барлық әлем елдері 57,2 млн. тонна рапс ӛндірген, бҧл 2009 
жылмен салыстырғанда 3,2 млн. тонна аз, оның басты себебі қуаңшылық. 


Рапсты ең кӛп мӛлшерде Еуроодақ елдері ӛндіруде, оның ҥлесіне әлемдегі 
ӛндірістің 34% келеді. Одан кейінгі орындарда Қытай, Индия, Австралия, ал 
Украйна 6- шы орында. Немістің аналитикалық агенттілігі OiL World-ың 
мәліметі бойынша 2011 жылы рапстың ӛнімділігі 19,5 млн. тоннаға дейін 
кеміген (2010ж-20,59млн. тонна болатын). 2012жылы бҧл аналитикалық 
орталықтың болжамы бойынша ЕО-та рапсты ӛсіру бҧдан да аз болады деп 
кҥтілуде. Бҧл алдағы уақытта осы техникалық дақылға деген сҧраныстың 
ӛсуімен оның бағасының тым жоғары болатындығын кӛрсетеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында халықты тамақ 
ӛнімдерімен қамтамасыз етуге және еліміздің азық – тҥлік қауіпсіздігі 
мәселелеріне аса мән берілген. Бҧл мәселелерді табиға қорымызды дҧрыс 
пайдалану және ғылыми негізделген тҧжырымдамалар мен ҧсыныстарды 
ӛндіріске енгізу негізінде шешуге болады делінген. Осыған байланысты сапалы 
ӛсімдік майын және қҧнды малазықтық дақыл ретінде еліміз аймақтарының 
топырақ – климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, рапс ӛсіру технологиясын 
ӛндіріске енгізу қажеттігі туындайды. 
Рапс - Brassica oleifera. Oleifera Metzger – шаршы гҥлділер тҧқымдасына 
жататын майлы және малазықтық дақыл. Қазіргі кезде әлем ауыл 
шаруашылығында рапс негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда. Қазіргі 
кезде Қытай, Индия, Канада, Еуропалық елдері әлемдегі рапс ӛсіру егістігінің 90 
пайызын қҧрайды. Майлы рапс Қытайда, Канадада, Индияда, Еуропа елдерінде 
кең тараған. Ӛсірілу аумағы бойынша қытай бҧршақ, мақта дақылдарынан кейін, 
ал кҥнбағыстың алдында тҧр. Оның ӛндірісі Азияда – 46,8, Еуропада – 30,36, 
Солтҥстік Америкада – 19,2 пайызды, ал қалған 3,64 пайызы басқада әлем елдері
қҧрайды. Рапс Ресей Федерациясында да қарқынды тҥрде ӛсіріле бастады. Олар 
жыл сайын 0,11 млн тоннадан астам рапс ӛнімін ӛндіреді.
Ал біздің елімізде рапс жалпы егістік алқабының 12,5 пайызын қҧрап, 
кҥнбағыс, мақтадан кейінгі орында тҧр. Қазіргі кезде Солтҥстік Қазақстан, 
Қостанай облыстарында ӛсіріледі. Сондай – ақ еліміздің оңтҥстік шығысында да 
рапс ӛсіру технологиясын зерттеуді Егіншілік және ӛсімдік шаруашылығы ҒЗИ – 
ның ғалымдары жҥргізуде. Рапстың осылай кең таралуы оның климат жағдайына 
тез бейімделе алатындығында жатыр.
Қазақстанның 2006-2010 жылға арналған агроӛнеркәсіп кешенін дамыту 
концепциясында рапс егістігін 700 мың гектарға ҧлғайту жоспарланған, яғни 
ӛсімдік майына деген сҧранысты қанағаттандырып, биожанармай ӛндірісінің 
шикізатқорын жасауға негіз қалануда. Осыған сәйкес еліміздегі азық – тҥлік 
корпорациясының рапс ӛндірісін дамыту бағдарламасына сәйкес Солтҥстік 
Қазақстан облыстарында рапс егістіктері кӛбейтілуде.
Рапс 
майлы дақылының кҥнжарасы мал шаруашылығы ҥшін 
таптырмайтын азық. Қазіргі таңда Германияда рапс кҥнжарғасының әрбір 
тоннасын фермерлер 100 АҚШ долла рына сатып алуда. Бҧл рапс егілген 
жерде мал шаруашылығын дамытуға зор мҥмкіндік береді, ӛйткені қҧрамы 
қышқылдарға бай рапс кҥнжарасымен жемделген мал тез семіріп 


бордақыланады. Сондықтан Қазақстанда алдағы бес жылда бір миллион 
гектарға рапс себілу жоспарлануда. 
Рапс шаруашылығын дамыту мал шаруашылығын арзан, жоғары 
ақуызды қҧрама жеммен қамтамасыз ететінін әлемдегі тәжірибелер дәлелдейді. 
Рациондағы ақуыздың тапшылығы малдың ӛнімділігі ғана емес оның тӛл беру 
қабілетіне де кері әсерін тигізеді. Сондықтан жоғары ақуызды рапсты қолдану 
арқылы бҧл мәселені шешуге болады. Ӛйткені бір-тонна рапс кҥнжарасы 7-8 
тонна жемдік дақылдарды ақуыз бойынша теңестіруге ықпал етеді, ал ол 
ӛнімділігін 10-15%-жоғарылатады. 
Рапс ақуызы аминқышқылдық қҧрамы бойынша Қытай бҧршақ 
ақуызына жақын, бірақ оның қҧрамында зиянды биологиялық белсенді заттар: 
глюкозинолаттар, эрук қышқылы тонин, полифенол, фитин қышқылы бар. 
Глюкозинолаттар мен эрук қышқылы рапстағы ақуыздың қолданылуын 
тӛмендетеді. Осыған байланысты елімізде мал, қҧс шаруашылығында рапс 
жанама ӛнімдерінің жемдік биологиялық қҧндылығын жоғарылату және рапс 
кҥнжарасының сіңімділігі нашар заттары мен химиялық қҧрамына тигізетін 
зиянды әсерін азайту қажет. Ол ҥшін 120-130 
º
С- температурада экструдерлеу 
мен автоклавтау әдістері қолданылады. 
Кҥздік рапстың кӛк балаусасында протейн мӛлшері, минералды заттар 
мен витаминдер (әсіресе А.С) ӛте бай және аз мӛлшерде жасҧнығы (клетчатка ) 
(11-13%) бар. Бір киллограмм рапстың кӛк балаусасында 20 г қорытылатын 
протейн, 2,58 г. калий, 0,75 г. фосфор, 0,28г-магниий, 0,96г кҥкірт, 0,23г-
натрий, 4,46г-калий, 0,75г-хлор және 0,16 азықтық бірлік ӛлшемі бар. Рапстың 
кӛк балаусасының бір азықтық ӛлшемінде 180-190г. протейн болады. 
Сондықтанда Рапс ӛсірілетін алқап бҥкіл дҥние жҥзі бойынша май алынатын 
ӛсімдіктердің ішінде алдыңғы орында, ӛйткені бҧл рапс майының тағамдық 
және техникалық бағытта кең тҥрде қолданылуынан. 
Рапс май шығару ҥшін қолданылады. Рапс майы тамақ әзірлеуге, 
маргарин ӛндіруге, металлургия, сабын шығару, тері және тоқыма 
ӛнеркәсібінде пайдаланылады. Кҥнжара қҧрамында 32 пайыз белок, 9 пайыз 
май, азотсыз экстра активтік заттар 30 пайыз, мал азығы ретінде қҧнды. Рапс 
қалдығы ( жом ) мал азығы ретінде пайдаланылады. Отын бағасының ӛсуіне 
байланысты рапсы майының негізінде биодизель ӛндіріледі. 
Oil World мәліметтері бойынша, 2008-2009 жылдары рапс ӛндіру 58 млн. 
тоннаны қҧрады. Рапс ӛсірудің ЕО-қа -19 млн. тоннасы, Канадаға -12,6 млн 
тоннасы, Қытайға 11,5 млн тоннасы тиесілі. БҦҦ деректері бойынша 2003-2004 
жылдары 36 млн тонна рапс дақылы жиналған. 2005 жылы рапс ӛсіруге 264 
мың кв. км жер бӛлінген, бҧл барлық жыртылған жердің шамамен 2 пайызын 
қҧраған.
Баяу кебетін, йодтық саны 94 – 112 болатын рапс майының тағамдақ та, 
техникалық та маңызы зор. Кӛбіне рапс кӛк шӛптік мал азығы ( әр гектардан
250 – 300 ц ) және кӛк тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Рапс майының қҧрамы азықтық сапасы жоғары зәитҥн майына жақын 
болғандықтан, оған халықаралық рынокта сҧраныс кӛп. Сонымен қатар, соңғы 


жылдары әлемде мҧнай қорларының азаюына байланысты, ғалымдар рапстан 
алынатын экологиялық таза биоотын болашақта кӛмірсутегінің орнын 
алмастырып энергия кӛзі болады деп есептеуде.
Сонымен қатар рапс майы биологиялық жанармай ретінде соңғы 
кездерде кеңінен қолданыла бастады.Биологиялық жанармай ретінде 
қолданылған рапс майы кезінде бӛлінетін кӛмірқышқыл газы кӛп мӛлшерде 
азаяды, яғни бір литер .дизель жанармайын қолданғанда 3 кг СО
2
бӛлінсе, ал 
биологиялық жанармайды қолданған кезде бар болғаны 0,5кг СО
2
ауаға 
тарайды. Бҧл әдіс дәнді дақылдардан алынатын биологиялық жанармайдан 
қалыспай 
жер 
қойнауындағы 
мҧнайдың 
қорын 
ҥнемдеуге 
кӛмектеседі.(Buchholz, Robberlen1986, Ketschere1992 ,Wnaаp1999). 
Еуроодақ елдерінде 2010 жылы жанар-жағар майдың 5,7 %-ын рапстан 
алынған биоотын қҧрады. Сондықтан рапс майлы дақылы Еуропа фермерлері 
ҥшін мол пайда кӛзі болып табылады.
Астық ӛндіруден дҥние жҥзінде жетекші орын алатын Канаданың 
ӛзінде барлық егістік алқаптың 37 % -на бидай, 16 % на рапс егіледі. 
Германияда бҧл кӛрсеткіш барлық егістік алқаптың 20%-ын алып отыр. Еуропа 
рыногында рапстың тапшылығы кәзірдің ӛзінде сезілуде. Бҧл дақылды енді 
ғана егуді қолға алып отырған Қазақстанда рапстың әр тоннасының бағасы 200 
АҚШ долларынан кем емес, бҧл бидайдың бҥгінгі бағасынан екі есе қымбат. 
Халықарлық рыноктағы сҧранысты зерттесек, сыртқы сауда-саттық пен импорт 
Қазақстанда экспортқа қарағанда 4 есе артық. Сонымен қатар, ауыспалы егісті 
дамыту ҥшін де рапс ӛте қолайлы дақыл. 
Қазіргі кҥнде Республикалық бюджеттен астық ӛндіру бағдарламасы 
ҥшін бӛлінген қаржыдан бидай егісінің әр гектарынан 660 тенге, ал рапс 
дақылының әр гектарына 1220 тенге субсидия беріліп отыр. Қазақстанда рапс 
дақылын ӛндіруге инфрақҧрылымдық жағдайларының бәрі де бар, бірақ бізде 
Еуропа елдеріне қарағанда ылғал барлық жерде бірдей мол тҥспеуі 
салдарынан, ылғал тапшылығы елеулі қиындықтар туғызады. Сол ҥшін рапсты 
ӛзімізде ӛсіруге лайықты ылғал ҥнемдегіш технологияны ойластырып, қолдану 
арқылы мол ӛнім алуға болады. 
Тазартылған рапс майы ХХІ ғасырдығы биожанармайының негізгі 
компоненті болып табылады. Биожанармай дизельдік жанармайға альтернатив 
ретінде, экологиялық таза және жыл сайын қайта ӛсіріліп май алуға болатын 
шикі зат. Тазартылмаған рапс майын бір мәрте ыстық престеу және Германия 
мен Ресейде шығарылған май сыққыш агрегаттар арқылы алады. Бірінші рет 
майды тазалау ВНП – 30,20 фильтірінде жҥзеге асырылады. 
Белоруссия ӛнеркәсібі соңғы 15 жыл қатарынан 00-дік сортты рапс 
дәнін ӛндіруде. Рапс майын ӛздерінің ішкі рыногына және сыртқа Германия, 
Недирланды, Польша, Балтика елдеріне автомабиль немесе темір жол 
цистерналары арқылы шығаруда. Ӛзінің сапалық кӛрсеткіші жӛнінен дайын 
май барлық нормативтік қҧжаттармен сертификаттарға сай келеді. 
Еуропа 
елдерінде органикалық жанармайдың экологиялық 
стандартына деген талаптардың қатаңдатуына байланысты биожанармайдың 


бағасының ӛсуіне себеп болуда. Барлық елдер рапс ӛсімдігінің ӛсіру егістігін 
кӛбейтуде. Мысалы Белоруссия 2015 жылы рапс ӛндіруді жылына миллион 
тоннаға жеткізуді жоспарлауда, 2011 жылы жоспар бойынша 700 мың тонна 
ӛндірілген. Қытайдың China Grain Reserves Corp, корпарациясы мемлекеттік 
резервке ӛз фермерлерінен 2 млн. тонна рапстың әр тоннасын 710 долларға 
сатып алуды жоспарлауда, егер бҧл болжамдар расталса онда келешекте рапс 
ӛніміне деген сҧраныс пен бағасы ӛте жоғарылайды деп кҥтілуде. 
Рапс биожанармайын қолданғанда қоршаған ортаға автомабильдердің 
бӛлетін кӛмір қышқыл газын (СО
2
) азайтады. Биожанармайды қолданғанда 
кәдімгі солярканы қолданғанда бӛлінетін СО
2
-ден 6-есе аз СО

бӛлінеді. 
Сондықтан Германияда 2000 жылдары биожанармайын қҧятын 300-
автозаправкасы болса, 2004жылы олардың саны 2000-ға жеткен. 
Ӛнімділігі 30ц/га рапстан 1300л биодизельдік жанармай алуға болады, 
Германияда оның мӛлшерін 1,1 млн тоннаға жеткізу ҥшін 750 мың га. рапс 
егістігі қажет етілуде. 
Әлемде майлы дақылдарды ӛндіру ҥрдісі тҧрақты тҥрде ӛсуде. Оған 
сҧраныс азық-тҥлік ретінде пайдаланумен қатар, ӛндірістік қайта ӛңдеп 
биодизельді отын шығарумен тҥсіндіріледі. Бҧл экологиялық таза жанармай 
мҧнайдан ӛндірілетін кәдімгі органикалық дизельді отынды сәтті алмастырып, 
бәсекеге қабілеттілігін жыл сайын дәлелдеуде. Рапс майы –шетел нарығында 
аса ӛтімді ӛнім 
Рапс майының бағалылығы сонда оның қҧрамы полиқанныққан май 
қышқылдарына бай. Ол жҥрек қан тамыр қабырғаларын бекітуге және қан 
қҧрамындағы холестериннің –деңгейін азайтуға тамыр жҥйесінде тромбоның 
пайда болу қауіптілігін азайтуға кӛмектеседі, артериалдық қысым деңгейін 
қалыптастырып диабетиктермен, гипертониктерге оң әсер етеді. Сонымен 
қатар рапс майында линолеиндік қышқылдарының мӛлшері кӛп, оның аздығы 
жетіспеушілігі ағзадағы тамыр жҥйелерінің тарылуына және қан айналуының 
бҧзылуына әкеліп соғады. Бір ғана ас қасықтық рапс майының салаттық соусқа 
қосылуы, ағзаның Е-витаминге деген тәуліктік сҧранысының 30%-ын 
қамтамасыз етеді.
Францияда дәрігерлер рапс майын ең маңызды компонент ретінде 
антиатеросклеротикалық диетаға қарсы дәрі ретінде береді. Рапс майы 
косметикада ӛте кең тҥрдегі сҧранысқа ие. Сонымен қатар рапс майы ҧзақ 
уақыт бойы ӛзінің мӛлдірлігі мен дәмділігін сақтап, ауаның әсерінен 
иістенбейді және маргарин, олиф, металлургия, сабын шығару, тері-тоқыма 
ӛнеркәсібінде кең тҥрде қолданылады. 
Рапс кҥнжарғысында 32% протеин, 9%-май, 30 %-азотсыз экстративтік 
заттар бар болғандықтан мал және қҧс шаруашылығында таптырмайтын 
бағалы концентрлік жем тҥрінде қолданылады. 
Ресейде қазіргі кезде жалпы ӛндірілетін ӛсімдік майлары 1300-2700 
мың тоннаны қҧрайды, осы жалпы ӛнімнің 87-90% -кҥнбағыс майы, 5-6 % 
рапс майы, 4-5% соя майы . (кесте-9) . Халықтың ӛсімдік майын қолданылуы
адам басына шаққанда 17- кг –ға жетті, осы тҧтыну қҧрылымының 65 %-ға 


жуығы кҥнбағыс майы, 6-7% соя майы және 19-20% пальма майы. 2006 жылы 
ӛсімдік майын импорттау 880 мың тоннаны қҧраса, экспорттау 676-мың тонна 
болды, яғни Ресей кәзіргі таңда ӛсімдік майын таза импорттаушы елге жатады. 
Осы импорттың 65%-пальма майы, 13 % -кҥнбағыс майы, 11% –кокос майы, 
4%–соя майы.
Ресейдегі ӛсімдік майларын пайдалану тенденциясына сараптама 
жҥргізсек онда жуық арада Қазақстан май ӛндіру мӛлшері жағынан, Ресейдін 
ішкі рыногына кіре алмайды. Сондықтан алыс-жақын шетелдердің ӛсімдік 
майын тҧтыну мӛлшеріне сараптама жҥргізгенде Қазақстан тек Иранға ӛсімдік 
майын шығара алады. 
Әлемде рапстың ең жоғарғы ӛнімі Қытайда ал Шығыс Европа елдерінде 
Чехия мен Польшада ӛндірледі, ал Канадада негізгі майлы дақыл ретінде 
ӛсіріледі. Әлемдік май ӛндірісінде рапс, ол соя мен мақтадан кейін 3 орында. 
Бҧл оның экономикалық пайдасының зор екенін кӛрсетеді. Рапстың бір – 
гектары 1100 кг май берсе, кҥнбағыстың бір гектары 600 кг, ал соя дақылы 
290 кг май береді. Салат соусына қосылған бір қасық рапс майы адам 
ағзасының Е витамининіне қажеттілігінің 30%-ын қанағаттындырады. 
Ӛзінің азықтық қоректік бірлігі және қорытылатын протейн мӛлшері 
жӛнінен рапс бҧршақ дақылдары, горох, жҥгеріден 2,5 есе жоғары. Рапстың бір 
киллограмм дәнінде 2 азықтық бірлік, 190 грамм қорытылатын белок, 33 грамм 
май болады. Оған аминқышқылдарының мӛлшері жӛнінен тең келетін 
ауылшаруашылық дақылдары жоқ. Бірақ қҧрамында эруктық қышқыл кӛп 
болғандықтан оны азықтық жем ретінде қолдану қиын (eruca-жабайы 
қыша(горчица)-органикалық қҧрам, бір негізгілік қанықпаған қышқыл), оның 
майының қҧрамында 50%-ға дейін эруктық қышқыл болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет