7.5 Рапстың агробиологиялық және агротехникалық ерекшеліктері
Рапстың систематикадағы орны мен морфобиологиялық ерекшелігі.
Рапс– біржылдық капуста тҧқымдас, кіндік тамырлы шӛптесін ӛсімдік, тамыр
жҥйесі топыраққа 1,5-3,0 м тереңдікке дейін бойлайды. Кіндік тамыры жақсы
дамыған. Тамыры жіңішке, бҧрандалы, жоғары жағы жуандау, тамырланған.
Тамырының негізгі бӛлігі жерде 20.... 45 см тереңдікте жатады, жетілген
кезінде дәндері кӛлденең бағытта тарала береді. Тамырының жуандығы 3 см
болады. Рапстың жемісі ортасынан екіге бӛлінген жаңқашақ, бҧршақ сияқты
қос қабықты. Жемісінде орналасқан 40 – 50 дӛңгелек қара – қоңыр тҧқымдары
бӛлмешікке екі жағынан бекиді.
Бҥйір тамырларының диаметрі 60-80 см. Сабағы тік ӛсетін, қатты
бҥршіктенген, биіктігі 1,1-1,8 м. жететін, балауыз тҧтымен кӛмкерілген
ӛсімдік, сабағының жуандығы 0,8-3,5 см. Жапырақтары кӛкшіл-жасыл тҥсті,
балауызбен қапталған, тӛмендегілері сағақты, ал жоғарғылары сағақсыз болып
келеді және ҥлпілдектері бар. Жапырағы кӛп және жапырағы аз тҥрлері де
болады. Гҥл шоғыры-болбыр шоқ гҥл, гҥлдері қос жынысты, ашық сары тҥсті.
Жемісі –ҧзын мҧрыншасы бар бҧршаққын. Тҧқымдары ҧсақ, диаметрі 1,5-2 мм
шар тәрізді, беті ҧсақ- ҧялы, қоңыр, қара-сҧр тҥсті, 1000 тҧқымның массасы 3-
7 грамм шамасында.
Рапс суыққа тӛзімді, қҧрғақшылыққа тӛзімсіз ӛсімдік. Тҧқымдары 1-2 ºС
жылылықта ӛне бастайды, ал 14-16 º С температурада жақсы ӛседі. Кӛктемгі
минус 4-5ºС, кҥзгі минус 8ºС ҥсікті жеңіл кӛтереді. Ӛсіп-ӛну кезеңінде
белсенді температура жиынтығы 1600-1800ºС, ылғал сҥйгіш, әсіресе қауыздану
мен гҥлдену кезеңдерінде ылғалды кӛп қажет етеді, транспирация коэффиценті
550-620 бірлікке тең. Кҥздік вегетация кезеңінде активті температураның
жиынтығы 750-800ºС болса жеткілікті. Қыстан 6-8 жапырақтар тҥзілген кезде
жақсы қыстап шығады. Басқа майлы дақылдарға қарағанда топыраққа
қажетсінуі жоғары қара, қоңыр топырақтарда жақсы ӛседі.
Крестгҥлділер тҧқымдасы. Шӛп тектес ӛсімдік. Бҧта тҥрінде ӛте сирек
кездеседі. Жапырақтары жай, кезектесіп орналасады. Клеткаларында мирозин
бар. Вегетативті органында ерекше клетка (идиобластылар) бар. Гҥлдің
жабындық жапырақшалары болмайды.
Гҥлдері масақ, кейде сыпырғыш тәрізді келеді. Гҥлдері жапырақ
шығарғанша алынады. Гҥлдерінде екі қабатты гҥл жапырақшалары жетіледі.
Ол екі шеңбер болып орналасады. Кҥлте жапырақшалары тӛртеу бір шектерде
орналасады. Андроцей кӛптеген жағдайда алты тычинкадан тҧрады. Екеуі
сыртқы шеңберде болады да, тӛртеуі ішкісінде жетіледі. Ішкісіндегі
тычинкалары екі-екіден жҧп болып орналасады. Гинецей әрқашанда
ценокарпты, жатыны ҥстіңгі жағында, ҧрықбҥршіктері бірнешеу. Кейбір
систематиктердің ҧйғаруы бойынша крест гҥлділердің жеміс жапырақшалары
кейде тӛртеу болып келеді
Гҥлтабанында гҥл жапырақтарының астыңғы жағында нектарниктері
жетіледі. Қысқа тычинкаларының астында да синтезделінуі мҥмкін. Жемістер-
қауашықтар, стручочкалар, жаңғақшалары ӛте сирек кездеседі.
Крестгҥлділердің гҥлі әр килы болып келеді. Тҥрі мен кӛлемі жағынан,
барлық тҥрінде бірдей емес. Тҥсі ақ, сары, қызғылт болып боялады және
кездеседі. Гҥлдері зигоморфты келеді. Тычинкалары кейбір крестгҥлдің
алтаудың орнына тӛртеу болуы мҥмкін. Кейде екеу ғана болады.
Крестгҥлділердің гҥлдерінің формуласы Р2 + 2С2 х 2А2 + (2x2) У(2). Бҧл гҥл
формуласы кӛкнәр гҥлділердің формуласына дәл келеді. Крестгҥлділер бір
келкі гҥл қҧрылысын сақтай келе жемістерін қатты ӛзгерткен, ҧзын
қауашықтан қысқа қауашыкқа қарай ӛзгерген. Стручоктары екі тҥрлі болады.
Біріншісі дӛңес келеді пісіп жетілгеннен кейін ашылады, екіншісі ойыстау
келеді. Дәні пісіп жетілгенше ашылмайды, тек мҥшеленген жерінен ҥзіліп,
дәндері жерге тҥседі. Кейбір крестгҥлділердің жемістері жаңғақшаға айналған.
Дәндері біреу-ақ. Дәндерінде эндосперм тҥзілмейді. Зародыш иіліп келеді.
Зародыштарына қарай крестгҥлділер ҧсақ бӛлімдерге жіктеледі де тҥсіп
қалады. Жаңғақшаларда бір ғана ҧрық дамиды. Крестгҥлділердің ӛсімдік
әлемін де атқаратын рӛлі орасан зор. Бірақ олардың кӛпшілігі аулы
аймақтарда, теғіс жерлерде ӛседі. Жер орта теңіздерінің аудандарында, Азияда
кӛп дамиды. Кӛптеген тҥрлерінің адамзатпен жан-жануарлардың тіршілігінде
орасан зор роль атқарады. Халық шаруашылығының бір қатар саласында
найдаға асады. Рапс майын техникада, қара металлургияда қолданады.
Жмықтарын жем ретінде малдарга беруге болады. Улы қосылыстары жоқ.
Рапс ӛзін-ӛзі тозаңдандырады, тозаңы кӛбнесе жәндіктер арқылы тасылады.
Апомиксис барлық сҧрыптарында кездеседі, гҥлінде жҧмыртқа жетіледі. Бҧл кезде
тозаңы гаметогенез сатысында болады. Рапста екі ядролы жетілген тозаң,
вегетатив және генератив ядродан тҧрады. Тозаңдық дәннің жетілуі кезінде
генеративтік ядро бӛлініп екі сперма тҥзіледі. Тозаң тҥтікшесі қыныпқа 20-30
минутта жетеді, гаметтердің қосылуына 2-3 сағат қажет.[1-4, 9, 24,30]
Гҥлдеуі таңертеңнен басталады,әсіресе ылғалды кҥні-кҥн бойы жҥреді.
Жҧмыртқасы гҥл ашылған кезеңнен бастап тҧқымсалу қабілетін 4-7 тәулікке дейін
сақтайды. Тозаңның тіршілік қабілеті ӛте жоғары, таза және тӛменгі
температурада бір жылға дейін сақталады. Қҧрғақшылық пен жоғары
температурада және суық шалғанда тіршілік қабілеті тӛмендейді. Гҥлі ашылғанда
бҥршіктер пайда болады, содан соң жапырақ тостағандары мен жапырақтары
ҧзарады, сӛйтіп бҥршігі гҥл ішінде қалып қояды. Рапстың кӛптеген тҥрлерінде
селективтік тҧқымсалғыштық кездеседі, ол тозаң тҥтікшелерінің жетілу
жылдамдығына байланысты.
Кӛктемде отырғызылғаннан кейін 2 апта ӛткен соң, ӛскін пайда болады.
Бҥршік салу кезеңі 20 - 25 кҥнге созылады, гҥлдеуі 20 - 30 кҥн. Гҥлденуден дән
жетілуге дейін 25 - 35 кҥн кетеді. Кҥздік рапстың вегетациялық кезеңі 290 -
300 кҥн, жаздық рапста - 80 - 120 кҥн. Кҥздік рапстың кеш пісетіні - 310 кҥнде,
орта пісетіні - 280 - 310 кҥн, ерте пісетін – 280 кҥнге дейін деп бӛледі. Жаздық
рапстың – кеш пісетіні - 110 кҥнде, орта пісетіні – 90 - 110 кҥн, ерте пісетіні –
80 кҥнге дейін деп бӛледі. Ӛскіндері сепкеннен соң 4 - 6 кҥнде пайда болады,
гҥлдеуі 40 - 50 кҥнде. Дәннің шығуы ҥшін қажетті температура 1800....2100º С,
вегетациялау кезеңінде рапс 1,5... 2 есе суды қажет етеді. Сондықтан
қҧрғақшылық жылдарында ӛнім беруі тӛмендейді, жақсы ӛнім алу ҥшін
қоректік заттары мол, қышқылдау орта қажет. Рапс жер асты сулары жақсы
орналасқан ӛте ылғалды жерлерге тӛзімсіз. Рапс ауыр саздақ және жеңіл
қҧмдақ топырақтардан басқа жерлердің бәрінде ӛсіп, ӛнім бере алады. Рапстың
зиянкестері рапс кеміргіштері, капуста жегіштер. Рапста кең таралған ауру
тҥрлеріне альтернариоз, қара аяқ, тамырларының шіруі жатады.
Крестгҥлділердің еңбасты ӛкілдерінің бірі капуста (Brassica oleraсеа)
болып есептелінеді. Капустаның жабайы тҥрі Жерорта теңізінің жағауларында
ӛседі. Жабайы капустаға жақыны жапырақты капуста. Онда кочан
қҧралмайды. Сол себептен оны жем ретінде пайдалануға болады.
Рапстың агробиологиялық ерекшелігі. Қазіргі кезде рапстың 12 тҥрі бар.
Олардың ішінде кең тарағаны – италика, россика және корамза сорттары. Екпе
дақыл ретінде жаздық рапс немесе Кольза және кҥздік рапс тҥрінде кездеседі.
Рапс майын техникада, қара металлургияда қолданылады. Жем ретінде
малдарға беруге болады, улы қосылыстары жоқ.
Рапс ӛзінің биологиялық ерекшеліктерімен де ӛте қҧнды:
-майлы тҧқымында 40-50% май, 21% ақуыз бар. Қолайлы жылдары рапс
егістігінің бір гектарынан 10ц май, 5ц ақуыз алуға болады. Рапс ақуызы
аминқышқылдарының қҧрамы бойынша қытайбҧршақ ақуызына жуық. Алайда
рапс қҧрамында зиянды биологиялық белсенді заттар: глюкозинолагаттар, эрук
қышқылы, танин, полифенол, фитин қышқылы бар. Глюкозинолагаттар мен
эрук қышқылы рапстағы ақуыздың қолданылуын тӛмендетеді;
-рапс майы майқышқылтымды қҧрамы жағынан кҥнбағыс майынан
қалыспайды және сапалы жағынан зәйтҥн майына жақын. Ол ӛзінің мӛлдірлігін
ҧзақ уақыт бойы сақтап жоғары эмульсиялы тӛзімділігіне байланысты
маргарин, мойонез, балық консервілерін дайындауда пайдаланылады. Рапс
майы техникалық мақсаттарға – резеңке, лак, нейлон ӛндіруге, сабын қайнату,
полиграфия, тоқыма, былғары ӛндірісінде қолданылады және соңғы уақытта
биологиялық жанармай ӛндіру қолға алына бастады. Қазіргі кезде рапстың
сҧрыптарының шығуына байланысты оның маңыздылығы ӛсе тҥсті. Бҧл
сҧрыптардың қҧрамында эрук қышқылы жоқ және глюкозинолагаттар мен
клетчаткалар аз;
-рапс айналадағы орта жағдайына тез бейімделе алады, суыққа тӛзімді,
жоғары тҧқымдық және малазығындық ӛнімділігімен ерекшеленеді. Қазіргі
уақытта 28 елде негізгі майлы дақыл ретінде таралған;
-рапс ауыспалы егісте кӛптеген ауыл шаруашылығы дақылдары ҥшін
жақсы алғы дақыл. Жаздық рапс агротехникасының маңызы ӛте зор. Бҧл дақыл
кӛкӛніс, кӛкӛніс – картопты және малазықтық ауыспалы егістіктерде танапты
арамшӛптерден қорғап, жинап алғаннан кейін қалатын органикалық заттары
есебінен топырақ қҧнарлығын кӛтеруге де кӛп әсерін тигізеді. Ал астық
дақылдары ҥшін топырақ фитосанитары болып табылады;
-рапс егістігі – бал араларының ерте және ҧзақ уақыт бал жинайтын
танабы. Рапстың гҥлдеу кезеңінің ҧзақтығы 25-30 кҥн. Оны әр тҥрлы мезгілде
сеуіп, бал жинау кезеңін ҧлғайту есебінен ара шаруашылығының ӛнімін
кӛтеруге болады;
-рапсты май алу ҥшін ӛңдеу барысында алынатын жанама ӛнімдер
жоғары ақуызды жем болып табылады. Рапс тҧқымында алмастырылмайтын
аминқышқылдары кӛп болғандықтан малазындық қасиеті жоғары, 1кг
ҧнтақталған дәнінде 380г ақуыз бар, бҧл бидайдан 260г кӛп.
Рапстың агротехникалық ерекшелігі. Кҥздік рапсты мҧқият тыңайтылған
таза танапқа, сондай – ақ беде, дәнді бҧршақтар кӛктей шабуға арналған жҥгері
егілген парға егеді. әр гектарға 40-60 т кӛң, әсіресе оның 20-30 тоннасына
фосфорлы калий тыңайтқыштарын қосып енгізудің әсері ерекше. Беде мен
рапсты бірге себу де нәтижелі. Рапсты жинап алғаннан кейін сол жылдың
тамыз айында бедене кӛк шӛпке жинайды.
Рапс тҧқымы ӛте ҧсақ болғандықтан топырақ тыңғылықты ӛңделуі
қажет. Кҥздік рапсты кӛп аудандарда 15-20 тамызда, кҥздік бидайдан
бҧрынырақ себеді. Кешігіп себілген рапс зиянкестермен қатты зақымданады.
Рапсты дән себетін сеялкалармен жаппай немесе кең қатарлы,
арақашықтығы 45 см әдіспен 3 – 4 см тереңдікке егеді.Әр гектарға себу
мӛлшері 6-дан 10-12 кг мӛлшерінде.
Ылғалдылығы жоғары топыраққа кең қатарлы әдіспен егілгенде, кҥздік
рапстың бусанып немесе ҥсімеуі ҥшін егістікті кҥзде нығайтады. Кҥзде
суперфосфотпен, кӛктемде толық тыңайтқыштармен қоректендірудің әсері ӛте
жоғары. Кӛктемде рапс егістігін тырмалап, арамшӛптерді отайды. Кең қатарлы
әдіспен егілгенде 1-2 рет қопсытады.
Рапсты ҧсақ тҧқымды дақылдарды оруға арналған комбайнмен бӛлектеп
жинайды. Тҧқымның шашылып қалмауы ҥшін рапсты орып бастыруды толық
пісіп жетілгенінше аяқтау керек.
Жаздық рапсты отамалы және кҥздік дақылдардан кейін, ерте себілетін
дәнді дақылдармен қатар немесе сәл кеш егеді. Тҧқымды топырақтың ылғалды
қабатына 4 – 5 см тереңдікке себеді. Тҧқымды себу нормасы кҥздік рапспен
бірдей.Жаздық рапсқа N
30
P
30
K
40
мӛлшерінде минералды тыңайтқыш сіңіреді.
Кӛктей шабуға арналған рапстың қатар аралығы 15 см болса, әр гектарға
себілетін тҧқым нормасы 12 – 15 кг, тҧқымдыққа арналғанда қатар аралықтары
30 – 45 см, нормасы 6 кг шамасында болады.
Рапс тҧқымын СЗЛ-3,6 және СЗТ-3,6 сеялкаларымен 2 – 3 см тереңдікке
себеді. Ерте кӛктемде әр гектарға 90 – 105 кг әсерлі заттары бар азот
тыңайтқыштарымен қоректендіреді. Рапстан мол ӛнім алу мақсатында, оның
жақсы тозаңдануы ҥшін, әр гектар егістікке тӛрт бал арасы семьясын
шығарады.
Рапс-ылғалды ӛте жақсы кӛретін ӛсімдік. Вегетациялық кезең кезінде
дәнді дақылдарға қарағанда ылғалды 1,5-2 есе кӛп қажетсінеді. Бірақ басқада
жер асты суы жақын жатқан жерлерде жақсы ӛспейді. Сондықтан бҧл дақыл
ҥшін ӛте ылғалды, батпақты жерлер, су жиналатын тӛменгі ойыс жерлер мен
ерте аязға ҧрынатын жерлер жарамайды. Бҧл дақылдан жоғары ӛнім алу ҥшін
оның ӛсу жағдайына талабы ӛте жоғары. Бір центнер негізгі ӛнімін алу ҥшін
азот, фосфор және кальий элементтерін 2 есе, ал кальций, магний және бор мен
кҥкіртті дәнді дақылдарға қарағанда 3-4 есе кӛп қажетсінеді. Тҧқымының ӛнімі
20ц болғанда ӛсімдік топырақтан 110кг- азот, 60кг- фосфор және 100кг-
калийді алып кетіп отырады.
Рапс бағалы биологиялық қасиетке ие, ол фитосанитарлық және алғы
жақсы дақыл болып саналады. Рапсты сидерат ретінде қолдану топыраққа
кӛңді бергенмен бірдей, бҧл кезде шығын 1,5-2 есе аз жҧмсалады. Топырақтың
биологиялық активтілігі 10-15%-ға ӛсіп, қоректік заттардың нифильтрациялық
сулармен шайылып кетуі 50%-ға азаяды. Рапстан кейін егілген бидайдың
ауруға шалдығуы- зақымдануы 30-50% азайып, ӛнімділігі 5-10ц/га-ға артады.
Сонымен қатар рапс ӛсімдігін егу топырақ эрозиясын азайтуға кӛмектеседі.
Рапсқа жақсы алғы дақыл болып дәнді дақылдар мен кӛпжылдық
шӛптер саналады. Топырақты зябқа аудару 10-20см тереңдікте жҥргізіледі.
Кӛктемде топырақ физикалық пісіп жетілгенде топырақ бетін тҥзулеп диск
жібереді, тыңайтқыштар береді. Рапс тҧқымын егер алдында топырақты 4-6
см тереңдікке культивация жҥргізеді, тҧқым себілгеннен кейін міндетті тҥрде
сулы салмағы бар катокпен нығыздайды.
Рапс ӛсімдігінен дән алу ҥшін сәуір айының аяғы мен мамыр айының
басында, ал кӛк балауса алу ҥшін маусым айының соңы мен шілде айының
басында егеді. Рапстың қалыңдығы 1м
2
жерде 200-250 ӛсімдік болса
оптимальды деп есептеледі, бір гектарға 3,5- 4,0 млн. дән (12-15 немесе 6-8
кг/га) егіледі. Дәннің егілу тереңдігі 1,5-2,5 см, қатараралық ені 15 см. Рапс
тҧқымын себер алдында топырақты азот тыңайтқышымен ҥстеп қоректендіріп,
зиянкестерге қарсы кҥрес шараларын жҥргізу қажет. Тыңайтқышты 6ц/га
нормасымен тук бойынша N
120
Р
80
К
80
дозасымен береді
Рапсты піскен фазасында негізгі діңгектегі жапырақтардың басым
кӛпшілігінің тҥсі қоңырлы -кӛк тҥске енген кезде бастайды, бҧл фазада
тҧқымның ылғалдылығы 30-33% болады, 15-20см биіктікте бҧтақтарды кесіп
жинай бастайды. Жиналып біткен соң тҧқымды 8%–дық ылғалдыққа дейін
кептіреді. Тҧқымды тазарту мен сортировка жасау ҥшін ―Петкус-Селектра‖
тҧқым тазалағыш машиналарды пайдалануға болады.
Рапс тҧқымдарын кӛп уақытқа сақтау ҥшін ылғалдылық 8%-дан аспауы
керек. Ылғалдылығы одан жоғары тҧқымдарды температурасы 25-37ºС-та
кептіргіштерде кептіреді, бҧл температурадан артық температурада тҧқым
ӛзінің ӛнгіштігі мен майлық сапасын жоғалтады. Сондықтан рапс тҧқымдарын
4-5ºС-температурада 50кг қаптарға салып сақтайды.
Рапс ӛсімдігінің фитосанитарлық қасиеттері бар, сондықтан ол
топырақты активті тҥрде сауықтырып-қоректік элементтермен байытады.
Оның барлық (жер асты- жер бетіндегі ) мҥшелерінде эфир майлары бар
болғандықтан зиянкестермен ауруларға қарсы профилактикалық қорғану
қҧралы ретінде әсер етеді. Топырақ қҧрамында осы қалдық мҥшелер шіріген
кезде ондағы ӛмір сҥретін жауын қҧрттары мен топырақ микроарганизмдерінің
қоректенетін азығы ретінде жҧмсалып олардың ӛмір сҥру жағдайларын
жақсартады. Бҧл ӛз кезеңінде ӛсімдіктің тҥрлі аурулармен ауыруын тӛмендетіп
( азайтып) ӛнімділікті арттыруға кӛмектеседі.
Кҥздік рапсты ӛсіру ҥшін оған алғы дақылды жақсы таңдап ауыспалы
егістікті тиімді пайдалану қажет. Ауыспалы егістікте рапстың меншікті
максимальды алатын мӛлшері 20-25% болуы тиімді және бір жерге қайтадан
егілу мерзімі 4-6 жылдан кейін. Алдыңғы қатарлы шауашылықтарда тиімді
қолданылып жҥрген 5-6 ротациялық ауыспалы егістіктің схемасы мынадай:
5-танапты ауыспалы егіс; - 1.Жаздық арпа, 2.Кҥздік арпа, 3. Рапс,
4.Кҥздік бидай, 5.Жҥгері-картоп.
6-танапты ауыспалы егіс;- 1.Отамалы дақылдар (картоп, қызылша,
жҥгері) 2. Жаздық арпа+жоңышқа, 3.Жоңышқа, 4.Кҥздік арпа, 5.Кҥздік рапс,
6.Кҥздік бидай.
Неміс ғылымдарының пікірінше Рапсты кез-келген ауыспалы егістік
схемасында қолдануға болады. Оны қант қызылшасы енгізілген ауыспалы
егістікке де қолдану тиімді, бірақ қант қызылшасы мен рапстың ауысып егілу
жылдары ең кемінде 3 жыл, немесе 4-5 жылдан кейін егілгені дҧрыс.
Рапс топырақ тыңайтқыштарына ӛте талапты, сондықтан мол ӛнімді
негізгі қоректік элементтер жеткілікті кезде береді. Мҧның себебі рапс
вегетациялық кезеңде ӛсіп-жетілу барысында топырақтан негізгі керекті
қоректік элементтерді кӛп сіңіреді. Рапс дақылының 1 килограмм тҧқымын алу
ҥшін топыраққа 3,9кг- азот, 1,8кг- фосфор, 1,1кг- калий, 0,6кг- магний
тыңайтқыштарын беру қажет. Рапс пісіп жетілгенше топырақтан 4,7кг азотты,
2,2кг фосфорды, 4,4кг калийді, және 0,95кг магнийді ӛзімен бірге сіңіріп алып
кетеді. Ең кӛп қоректік элементтерді вегетация кезеңінің басынан гҥлдену
фазасының аяғына дейін қажет етеді. Егер бҧл кезеңдерде қоршаған ортаның
температурасы тӛмен болғанда әсіресе ерте кӛктемде кӛп қажетсінеді. Бҧл
рапстың қыстық тыныштық (ҧйқы) кҥйінің ерте аяқталатындығымен
тҥсіндіріледі.
Рапс дақылының мол ӛнім беруі топырақтағы фосфор мен калий
элементтерінің мӛлшеріне байланысты. Фосфор-негізінен тамыр желісінің
жақсы дамуына әсер ететіндіктен топырақтан басқа да қажетті қоректік
элементтерді сіңіруіне кӛмектеседі. Қысқа дейін ол ӛзіне қажетті норманың
жартысын сіңіріп пайдаланып қояды, ал калийді (1гектарға шаққанда) 70тен
100кг дейін пайдаланады. Барлық вегетация кезеңінде рапс 400кг дейін
калийді сіңіреді, оның 75%-ға жуық мӛлшері ӛсімдік сабағымен бірге жерде
қалады. Бҧл элементтің ең кӛп қажетсінуі вегетация басынан гҥлдену фазасына
дейін (12-15кг тәулігіне)
Калий элементі рапстың кӛп мӛлшерде тҧқым салуына, массасының
кӛбейуіне, майдың қҧрамына кіріп, ӛсімдіктің жатып қалуына және
саңырауқҧлақ ауруларымен ауыруына беріктігін арттырады.
Кальций-топыраққа негізінен әктік материалдармен бірге келіп тҥседі.
Вегетация кезеңінде 200кг дейін кальцийді сіңіреді. Рапс бҧдан басқа да
қоректік элементтерді жақсы сіңіреді.
Рапс тҧқымының әрбір 10 центнеріне шамамен 15-20 киллограмм кҥкірт
қажет етіледі. Кҥкірт мӛлшерінің ең кӛп интенсивті сіңірілуі ӛсімдік
сабағының пайда болуы фазасында басталып ең соңғы гҥлдерінің тҥсуінен бір
апта бҧрын аяқталады. Бҧл кезеңде рапс әр тәулік сайын топырақтан егістіктің
әрбір гектарына шаққанда 0,5-1кг кҥкіртті шығарады. Кҥкіртті пайдалану
бірінші қабықтың пайда болуымен аяқталады.
Бор- микороэлементі ӛсімдік жасушаларының пайда болуы мен
беріктігін және ассимиляттардың қозғалуы мен су балансын қамтамасыз ету
ҥшін қажет. Бор ӛсімдік қабығы мен дән қауыздарының пайда болуында негізгі
роль атқарады. Бордың жетіспеушілігі дән қабығының жетіспеушілігі мен
дәннің санының аздығына әсер етеді. Топырақ қҧрамында бордың
жетіспеушілігін қалпына келтіру арқылы әр гектар егістіктен 5-7 центнер дән
ӛнімділігін арттыруға болады. Бордың жетіспеушілігін жою ҥшін рапс
тҧқымын себер алдында топыраққа 2-3 центнер бор суперфосфатын немесе
Гранубор препаратын беру қажет. Тамырдан тыс ӛсімдікті ҥстеп қоректендіру
ҥшін Солюбор ДФ-борлық тыңайтқыш қолданылады.
Рапстың дәні қоңырланып, ылғалдылығы 35 – 40% болғанда тҧқымға
бӛлектеп жинайды. Дестедегі тҧқымдардың ылғалдылығы 10 – 12% жеткенде
бастырады. Бастыру кезінде шығын болмас ҥшін ПКК-5 қҧрылғысымен
жабдықталған «Нива» комбайнын саңылаусыз етіп әзірлейді. Сақталуға
арналған рапс тҧқымының ылғалдылығы 7% аспауы тиіс. [6]
Кҥздік рапс оған берілетін органикалық тыңайтқыш мӛлшеріне де ӛте
сезімтал. Қоректік элементтермен орташа деңгейде қанағаттандырылған
топыраққа бір гектарға орта есеппен 150-170кг азот, 60-80кг фосфор, 80-120кг
калий минералдық тыңайтқыштарын беру қажет. Ал органикалық
тыңайтқыштарды (кӛң) кӛректік элементтермен жеткіліксіз қамтамасыз етілген
жеңіл қҧмдақ топырақтарға әр гектарға 25-30 тонна дозасында беру тиімді.
Кҥзде берілген минералдық тыңайтқыштар рапс дақылының жақсы ӛсіп
дамуында маңызды роль атқарады. Топырақтағы жеткілікті мӛлшердегі
қоректік элементтер ӛсімдіктің жақсы қыстап шығуын қамтамасыз етіп,
дақылдың ауруға ҧшырауын азайтады.
Профессор Норберт Маковскийдің (2000ж) жҥргізген тәжірибе
нәтижелері бойынша бір гектар рапс ӛсімдігінің қоректік элементтерді
пайдалану кӛрсеткіші 28-кестеде берілген
28 -кесте Кҥздік рапстың бір гектар егістігінде қоректік элементтерді
пайдалану кӛрсеткіші.
Ӛнім
ц/га
Қоректік элементтер
N
P
К
Ca
Mg
25
150
30
120
100
15
30
180
35
145
120
18
35
210
40
170
140
20
40
240
45
190
160
24
Рапстың кәзіргі кҥздік сорттарында 50%-ға дейін май болады. Рапс
ӛсімдігінің майы бірнеше май қышқылдық қатардан тҧрады. Эруктық және
ликолендық қышқылдың азаюы мен тҧқымдағы олейіндік және линолевтік
қышқылдық кӛбеюі рапс майының тағамдық сапасын жоғарылатады. Осы
бағытта барлық әлем селекционерлері жҧмыс атқаруда, оларды бір нолі бар
сорттар (0) немесе бір нольдік сорттар деп атайды. Шаруашылықтың
тәжірибелік танаптарында екі нольдік (00) сорттары сыналуда, бір ноль (0)
дәндегі эруктік қышқылдың мӛлшерін және екінші (00)-глюкозинолаттың
мӛлшерін кӛрсетеді. Рапстың осындай екі нольдік (00) сорттарының дәнінен
алынған май -ӛте жақсы тағамдық май тобына жатқызылады. Оның қҧрамында
пайдалы олейндік және линолевтік қышқыл мӛлшері кӛп болады. (29-кесте)
29-кесте Әлемдегі майлы дақылдар мен рапстан шығатын таза май мӛлшері.
Дақыл тҥрі
Май
мӛлшері,%
Майдағы
линолевтік
қышқыл,%
Шрот
мӛлшері,%
Соя
17-18
54
78-79
Кҥнбағыс
40-44
65
35-37
Рапс
39
20
57
Арахис
44
31
56
Оливе
20
8
-
Кокос
64
-
35
Дәннің сапасы бірдей бҧл сорттар ӛнімділігі, вегетациялық кезеңінің
ҧзақтығы, ӛсімдіктің ӛсу периодының әртҥрлі кезеңі мен қоршаған ортаның
қолайсыз факторына тӛзімділігі жӛнінен және оптимальды ӛсіру жағдайына, ең
кӛп тараған ауру тҥрлеріне, әртҥрлі генетикалық табиғаты мен тӛзімділігі
жағынан әртҥрлі болады.
Профессор Маковскидің пікірінше кҥздік қопсыту қатарарлықтарды
бақылауға қарағанда 8%-ға ӛнімділікті ӛсіреді, кӛктемдегі қопсыту ӛнімділікті
12%-ға, ал кҥздік және кӛктемдегі қопсыту ӛнімділікті 12%-ға, ал кҥздік және
кӛктемдегі қопсыту ӛнімділікті 18%-ға ӛсіреді. Бірақ агротехникалық әдістер
рапс ӛсімдігі ӛсірілетін егістіктің толық таза болуына кепілдік бере алмайды,
сондықтан химиялық кҥресу әдістері де қажет.
Ӛнеркәсіп кӛптеген химиялық препараттарды шығарады. Кӛпжылдар
бойы арамшӛптерге қарсы универсал гербицид ретінде Симазин дәрісі
қолданылып келді. Бҧл препарат басқа ауылшаруашылық дақылдар ҥшін
зиянсыз әсері жоқ, ал рапс ӛсімдігіне ӛте қатты әсер етеді, оның ең аз
мӛлшердегі дозасы (0,2кг 80%-ерітінді порошогы бір гектарға) рапс ӛсімдігін
солдырып, кӛбісін ӛлтіріп те жібереді. Симазиннің мҧндай кері әсері негізінен
механикалық қҧрамы жеңіл топырақтарда тез жҥзеге асып, ӛсімдік тамырына
тез жетіп оны зақымдайды.
Германияда арамшӛптерді жою ҥшін 0,5 литр/га дозада «Талант»
гербициді қолданылады. Сонымен қатар ‗‘Фюзилад-супер‘‘ препаратын рапс
ӛсімдігінің 4-5 жапырағы пайда болғанда қолданса тиімді әсер етеді.
Кҥздік рапстың ең қауіпті арамшӛбі иіссіз ромашка (ромашка
непахучая), бҧл арамшӛп кҥзде және ерте кӛктемде кӛрінбей, дән толыса
бастаған кезде тез ӛсіп, рапс ӛсімдігін тҧншықтырып басып тастайды және
ӛнімді жинаған кезде әлі кӛк балауса тҥрінде болып орып- жинауды
қиындатып, шығынды кӛбейтеді, тҧқымның ылғалдылығын артырып қосымша
энергия шығынын қажет етеді. Сондықтан бҧл арам шӛппен кҥреспей жақсы
ӛнім алу мҥмкін емес. Неміс ғалымдары бҧл арам шӛпке қарсы ―бутизан- С‖
гербицидін қолданғанда оның тиімділігі ӛте жоғары болған. Бҧл препарат
негізінен тамыр жҥйелері арқылы әсер етеді. Егер бҧл препаратты арам шӛп
ӛсіп кеткенен кейін пайдаланса, онда ол жапырақ арқылы әсер етіп оны жояды,
негізінен бҧл препарат топырақ арқылы әсер ететін препаратқа жатады.
Гербицид ―бутизин С,‖ ӛте қымбат препарат сондықтан оны аздап экономдап
пайдалану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |