9- бӛлім. КӚКӚНІС ДАҚЫЛДАРЫ
9.1. Кӛкӛніс дакылдарының маңызы мен олардың химиялық қҧрамы.
Кӛкӛніс дақылдарының тағамдық маңызы оның қҧрамындағы жеңіл
сіңімді кӛмірсулардың, органикалық қышқылдардың, витаминдердің,
ароматикалық (хош иісті) және витаминдер заттарының дәрежесімен
анықталады. Кӛкӛністердің дәмі, тҥсі және иісі осы аталған заттардың алуан
тҥрлігіне байланысты. Кӛкӛністерді шикі, піскен және ӛңдеген кҥйінде
пайдаланады. Кӛкӛністерді тҧздағанда және ӛңдегенде қанттары ашып, сҥт
қышқылы тҥзіледі де оларды шіруден сақтайды. Сҥт қышқылы кӛкӛніс
клеткаларының сіңімділігін арттырады.
Ароматикалық заттар және фитонсидтер. Кӛптеген кӛкӛністер хош
иісімен мҥңкіп тәбет ашады. Бҧл иіс әр кӛкӛніс ӛнімдігінің ӛзіне ғана тән
ароматты заттарымен яғни эфир майымен тҥсіндіріледі. Аромат заттар
диетикалық қасиетімен ерекшеленеді, ас қорыту шырынын кӛбірек бӛлуіне
себеп болады да кӛкӛніс және басқа азықтардың сіңімділігіне жақсы әсерін
тигізеді. Кӛкӛністерде әсіресе жуада, сарымсақта, хренде, редькада,
петрушкада фитонсидтер кӛп. Олар бактерицидтік және фунгицидтік
қасиеттерімен ерекшеленіп ӛсімдік имунитетінің факторларының бірі болып
саналады. Адам ағзасына тағаммен бірге тҥсіп, фитонцидтер тірі ҧлпаларды
дезинфекциялайды яғни ауру қоздырғыш микробтарды тҥгелдей жояды, ащы
ішектегі ашу және шіру процестерін бәсеңдетеді, әр тҥрлі ауруларға
тӛзімділікті кҥшейтеді.
Минералды тҧздар. Нанда, етте және майда минералды заттар ӛте аз
болады. Кӛкӛністердегі тҧздарда 50 химиялық элемент кездеседі және олар
адам ағзасындағы физиологиялық процестердің ӛтуін жақсартады. Кальций,
фосфор, марганец, сҥйек ҧлпаларына кіреді және жҥректің қызмет әрекеттерін
жақсартады.сонымен қатар қанның жиырылуына қажет. Қан гемоглобинінде
темір кӛп. Фосфор ми жҧмысын жақсартады. Калий және натрий ағзадағы
қышқыл-негіз тепе-теңдігін сақтауға қатынасады. Магний нерв жҥйесінің
оянуына ықпал жасайды, қан жҥйелерін кеңейтетін қабілеті бар, ӛттің
жҧмысын реттейді. Мысалы, қанның кӛбею ҥрдісінде ҥлкен роль атқарады.
Ет, балық және нан азығындағы минералды заттар ас қорыту кезінде
оттегіне тән қосылыстар бӛледі. Кӛкӛністер физиологиялық негіз тҧздарына
бай, ал олар ағзадағы зат алмасу дҧрыс жҥру ҥшін қышқыл және негіздің ара
қатынасын қалыпты сақтап сонымен қатар қан рекциясының негіз тҥрінде
болуын қамтамасыз етеді. Әсіресе негіз тҧздары шпинатта кӛп (1 кг шикі затта
1,3 гр СаО бар), ал сонымен қатар қиярда тамыр жемістілерде, кольрабиде,
ҥрме бҧршақта, салатта және картопта кӛп. Калиймен жақсы қамтамасыз
етілген кӛкӛністер: шпинат, картоп, жҥгері және петрушка жапырағы. Фосфор
петрушка жапырағында, жҥгеріде және жасыл бҧршақта кӛп, темір – қауында,
шпинатта, асқабақта және қымыздықта, йод – шпинатта.
Мыстың ең кӛбі картопта (2,2 мг/кг), марганец – салатта және шпинатта
(5,3-6,7 мг/кг), цинк – шпинатта (2,8 мг/кг). Кӛкӛністердегі минералдық
заттарды керекті минералды тыңайтқыштар арқылы кӛбейтуге болады.
Витаминдер. Кӛкеніс дақылдарында адам ағзасына қажетті сан алуан
физиологиялық сергіткіш компоненттер ӛте кӛп, бҧл компоненттерге адам
ағзасында тағамдардың дҧрыс алмасуына қажетті дәрумендер, пайдалы
минералды тҧздар мен микроэлементтер, зиянды заттарды ағзадан шығаруға
әсерін
тигізеттін
пектиндер,
ауруды
қоздыратын
кӛптеген
микрооргонизімдерді жоятын фитонцидтер жатады.
Дәрумендер-дақылдың бағалы факторларында басты орын алады, олар
жеткіліксіз болса зат алмасу бҧзылып, жҥйке - жҥйесі дҧрыс жҧмыс істемейді
де бірқатар аурулурдың пайда болуына әкеліп соғады. Дәрумендер жоғары
биологиялық әсерлерге ие, сондықтан олар ақуыздың, кӛміртегінің және
басқада метаболитикалық процестерді катализдейтін ферменттердің қҧрамды
бӛлігі болып табылады. Сонымен қатар дәрумендер биологиялық
ерекшеліктеріне байланысты әсер ету қасиеттері жағынан бір-бірінен асып
тҥседі. Сондықтан олардың бірін-бірі қолдап, ауыстырып, кейде антогонистік
немесе синергиялық әрекет жасалатыны байқалады
Витамин ―вита-ӛмір „ деген ҧғымды білдіретін латын сӛзі- қазақшасы
дәрумен. Дәрумендер А, Д, Е-тек қана майда ериді, ал суда еритіндері -С және
В тобындағы, ал К-дәрумені майда да суда да ериді. Тағамдағы дәрумендердің
жетіспеуі ағзаның жҧқпалы ауруларға-авитоминоздарға және иммундық
қасиеті тӛмендеп, әлсіреуіне әкеліп соғады. Сондықтан кӛкеніс дақылдарын
пайдалану олардың қҧрамында витаминдер мен пайдалы тҧздардың болуына
сәйкес адам ағзасының иммундық қасиетін кҥшейтеді.
С-дәрумені (аскорбин қышқылы) -кӛкеніс дақылдарында ӛте кӛп болады,
ол дақылдың барлық мҥшелерінде- жапырағында, сабағында, гҥлінде, тамыр
жемісінде болады. С-дәруменіне ең бай дақылдар - кӛк пияз, тәтті бҧрыш,
қызанақ, картоп, аскӛк, ақжелкен, балдыркӛк, салаттар, саумалдық, қымыздық,
желкӛк, шомыр. Бҧл дәрумен тӛмен жылылықта тез қалыптасады, ал
қҧрғақшылықта аскорбин қышқылы азаяды. С-дәрумені ҧлпалардың тыныс алу
процесіне, қан тамырларының қоректенуіне қатысады, ақуыз бен майдың
сіңуін жақсартады. Адам ағзасының дҧрыс дамуын, қоршаған ортаның
қолайсыз әсеріне қарсылығын кҥшейтіп, жҧқпалы ауруларға тӛзімділікті
кҥшейтіп, жҧмыс істеу қабілетін арттырып, шаршап, қажуды тежейді. С-
дәруменін тҧмау, баспа, сарп, ӛкпенің қабынуы ауруларына қарсы
пайдаланады. Аскорбин қышқылы жетіспесе, бас ауырады, тез шаршап ҧйқы
басады, тістердің еттері ісіп қан шығады және де тағы басқа да қауіпті
жағдайлар байқалады. Ересек адамдарға қажетті С-дәруменінің тәуліктік
мӛлшері -60-70мг.
Р-дәрумені тек кӛкеніс дақылдары мен жидектерде
болады. Ол С-дәруменімен қосылып жақсы әсер етеді, бойға сіңімділігі артады.
Р-дәрумені- итмҧрын, қара қарақат, тәтті бҧрыш, орамжапырақтарда, пиязда,
сәбізде, балдыркӛк пен ақжелкеннің тамыр жемісінде, шалқанда, сарымсақ пен
шампиньонның қҧрамында кӛп кездеседі.
Р-дәрумені
қан
ӛтетін
капиллярлардың ӛткізгіштігінің ҧлғаюына, қҧрқҧлақты, скарлатинаны,
қызылшаны, қан қысымы ауруларын емдеуге қолданылады, оның адамға
тәуліктік қажеттілігі 200мг шамасында.
В
₁
-дәрумені (тиамин) кӛкеніс дақылдарының барлығында бар, ең кӛбі
жас ас бҧршақта, картоп пен сәбізде, пиязда, салатта, аскӛкте, тәтті бҧрышта.
В
₁
-витамині жҥйке жҥйесінің, жҥректің бҧлшық еттері мен ішек-қарын
жолдарының дҧрыс жҧмыс істеуі ҥшін қажет. Тәуліктік қажеттілігі 1-3мг.
В
₂
-дәрумені (рибофлавин) кӛкеніс дақылдарының барлығында, ең кӛбі
қозықҧйрықта (6,40мг) болады. В
₂
-дәруменінің шипалы болуы ҥшін В
₁
және
В
₆
дәрумендері қажет, әсіресе кҥн суық кезінде немесе кҥннің кӛзі кҥшті сәуле
шашқан кезде ӛте қажет. В
₂
-дәрумені жетіспесе ішек-қарын қызметі
нашарлап, кӛз ауырады, жҥйке жҥйесі жҧқарады, шаш ерте ағарады. Тәуліктік
қажеттілігі - 3мг.
В
₃
-дәрумені (пантотен қышқылы) -кӛкеніс дақылдарының ішінде жас
балауса бҧршақта, картопта, орамжапырақта, қызанақта, сәбізде, пиязда,
салаттарда кӛптеп кездеседі. Бҧл дәруменнің жетіспеуі балардың бойының
ӛсуіне кері әсерін тигізеді, ҧйқы қашады, тері бҧзылады, шаш ағарады, ішек-
қарын, жҥйке жҥйесі қызметі нашарлайды. Тәуліктік қажеттілігі - 2-3мг.
В
₆
-дәрумені (пиридоксин) -картопта, жҥгеріде кӛп, оның жетіспеуі қан
қҧрамы тӛмендеп (анемия), терінің қабынуы, тырысу, ауруларына
шалдықтырады. Тәуліктік қажеттілігі - 1-2мг.
В
8
-дәрумені
(фолий қышқылы) -кӛк жапырақтарда әсіресе
орамжапырақта кӛп болады. Фолий қышқылы темірмен бірігіп, қанның
қалыптасу қызметін кҥшейтеді, қан аздыққа ӛте пайдалы. Тәуліктік қажеттілігі
-1мг.
В
₁₂
- дәрумені (кобаламин)- қан жасайтын мҥшелерге жақсы әсер етеді,
тері, сәуле ауруларына пайдалы
РР-дәрумені (ниацин) -барлық кӛкеніс дақылдарында, оның ішінде
картопта, батун пиязында, тәтті бҧрышта, сәбізде, орамжапырақтарда, аскӛк,
ақжелкенде, бҧршақта кӛп. Тәуліктік қажеттілігі- 5мг.
А-дәрумені-дақылдарда
қҧралатын
провитаминдерде
(каротин
пигменттері мен каротиноидта) ғана кездеседі, олар ферменттердің әсерімен А-
витаминіне айналады. Ең кӛп кездесетін дақылдар -сәбіз, асқабақ, тәтті жҥгері,
ақ желкен. Бҧл дәрумен жетіспесе-кӛз ауруы пайда болып, кӛздің кӛруі
нашарлайды, бауырдың қызметі-холестериннің алмасуы бҧзылады, жҧқпалы
ауруларға қарсылығы тӛмендейді. Тәуліктік қажеттілігі -4-5мг.
U-дәрумені-жаралардың жазылуына кҥшті әсерін тигізетін қосынды,
оның ең кӛбі орамжапырақтарда, ас қызылшасында, қызанақта, сәбізде бар. U-
дәрумені асқазан қызметін жақсартып, ҧмытшақтық ауруына, майдың бауырда
артық жиналуына кедергі болады.
Е-дәрумені
(токоферол)-кӛкеніс
дақылдарының
барлығында
бар,
кӛбі
сҥтті
салаттарда,
сәбізде,
орамжапырақтарда, пиязда, бҧршақтарда, картопта кездеседі. Е-дәрумені
жетіспесе пайдалы минералдардың, ақуыздардың, майлардың, кӛміртегінің
алмасуы нашарлайды, бактериялық, вирустық жҧқпалы ауруларға қарсы
тҧрғыштығы тӛмендейді. Тәуліктік физиологиялық қажеттілігі -20-30мг.
К-дәрумені -қанды қоюландыратын әсері бар, ол барлық кӛкеніс
дақылдарында бар, ең кӛбі -орамжапырақтар, сәбіз, ақжелкен, фейхельде. Адам
ағзасында К-дәруменінің жетіспуінен жара ҧзақ уақыт жазылмай, қаны
тоқтамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |