Жасымық
(чечевица).
Халық шаруашылық маңызы
. Жасымықтың
тамақтық қасиеті ӛте жоғары дақыл. Оның дәнін тамақ пісіргенде және
консевілегенде,
кӛп
жағдайда
шоколад
әзірлегенде
пайдадланады.
Жасымықтың дәнінде 36% шамасындай белок (орташа есеппен – 30,4 %), 2%
май, 60% азотсыз экстракті зат, 2,5 – 4,5% кҥл, 2.5 – 4,9% клетчатка болады.
Жасымық тҧқымы қҧрамындағы белоктың мӛлшері және ісіну кӛлемі жӛнінен
бҧршақтан, ноқаттан, және баданадан асып тҥседі. Майда тҧқымды жасымық
уатылған тҥрінде
ірі қара малдың, қойдың және қҧстардың қоректік бағалы
азығы болса, ірі тҧқымды жасымық адам тамағына тиімді пайдаланылады.
Кӛптеген дақылдарға жасымық жақсы алғы дақыл болып есептеледі,
кейде
парға себілетін сидерат ретінде пайдаланылады.
Жасымықтың
кӛптеген
сорттары бар. Солардың ең кӛп тарағаны: Победа 104. Дәндік сапасы жақсы.
Белогінің мӛлшері 290 – 33%. Дәні ірі (1000 дәнінің салмағы 60 - 63 г.) Сабағы
онша жатып қалғыш емес. Орта мерзімде піседі. Сорт ӛндірісте кең тарамаған.
Толық вегетациялық кезеңі 80 – 90 кҥн. Жасымықтың себу нормасы 100 – 120
кг.Ауруға және зиянды жәндіктердің залалына шамалы шалдығады. Бҧл дақыл
кӛбінесе диеталық тағам ретінде (асхана, балалар бақшасы қажетін қамтамасыз
ету ҥшін) егіледі.
Ноқат. Халық шаруашылық маңызы.
Ноқат (нут) немесе қой бҧршағы
тамаққа қолдану ҥшін де , мал азығы ретінде де егіледі. Ноқат дәні кӛбіне
консерві жасау ӛндірісінің жақсы шикізаты болып саналады. Ноқат дәнінде 22
31% белок, 47 – 60% азотсыз экстракт зат, 4 – 7% май, 2,4 – 12,8% клетчатка
және 2,3 – 4,9% кҥл кездеседі. Ноқат сабағы мен жапырағы қҧрамында алма
және қымыз қышқылдарының кӛп болуына байланысты мал азығына
пайдаланылмайды. Бҧршақ пен жасымыққа қарағанда ноқат зиянкестер мен
ауруға тӛзімді, қҧрғақшылық пен аңызақты жақсы кӛтереді.
Топырақ
талғамайды, бҧршағының дәні сабағынан тӛгілмейді, комбайнмен жинауға
толық болады.
Ноқаттың шығу тегі, егілетін аудандары, өнімділігі.
Майда тҧқымды
ноқат тҥрлері Кіші Азиядан, ірі тҧқымдылары Жерорта теңізінен тараған. Бҧл
дақыл ертеден қолда ӛсіріліп келеді. Дҥниежҥзіндегі ноқаттың егіс кӛлемі 11
млн гектар болса, соның 8 млн гектары Азияда егіледі. Балқан тҥбегіндегі
елдерде, Францияның оңтҥстігінде, Испанияда және Мексикада аздаған егіс
кӛлемі бар. Егер Орта Азияда, Кҥнгей Кавказда ерте кезден егілген болса, қазір
Татар, Башқҧрт АССР – ларында, Украинаның қара топырақты аймақтарындак
және Қазақстанда да егіледі.
Ноқат - қуаншылықа тӛзімді ӛсімдік – 5-8
0
С жылылықта кӛбейеді .
Ноқат жеңіл қҧмдық және сортаң жерлерде ӛсе
береді сабағы тік
жығылмайды. Ӛсу дәуірі 60 кҥнен 120 кҥнге дейін. Сорттары: Краснокутский
195, Кинел 17, Красноградски 4, Юбилейный сортты ӛсу дәуірлері 90-100 кҥн,
дәндегі белок 22-27 %. Сабағының биіктігі 40-60 см (35-45см). Мың дәннің
массасы 280-300гр.
Бҧршақ пен жасымықты есептемегенде, Қазақстанда ноқат басқа бҧршақ
дәнді дақылдар егістігімен қосқанда 24,9 мың гектар жерге жетеді. Жақсы
кҥтіп бапталған ноқат егістігі әр гектардан 30 ц дән беруі мҥмкін. Мысалы,
Қазақстанның сорт сынау учаскесінде әр гектардан 35 – 40 ц дән алынған.
Достарыңызбен бөлісу: