және бозарған (ӛңсіз) тҥс тҧқымның толық піспеген кезеңінде, дымқылды ауа
райында жиналғанын немесе оларды кҥн кӛзінде кептіргенін кӛрсетеді.
Асқабақтың және қиярдың жаңа тҧқымдары дерлік-ақ, ескі тҧқымдары
сарғаяды, олардың ӛңі кҥңгірт немесе кір басқандай болады. Кейбір кӛкӛніс
дақылдарының (шалғам, шалқан, қырыққабат) тҧқымдары барлық жағдайларда
да ӛздеріне тән тҥстерін жоғалтпайды.
Кейбір кӛкӛніс дақылдарын (сәбіз, ақжелек, балдыркӛк) ҧзақ уақыт
сақтағанда оларға тән иіс азаюы, тіпті біржола жоғалуы мҥмкін, бҧл тҧқымның
жасы мен сапасының айрықша белгісі. Кӛптеген тҥрлердің тҧқымына мысалы,
ҥрме бҧршаққа, ас бҧршаққа, бҧршақбасқа тән жылтырлақтың жоғалуы,
тҧқымдардың ескіруінің дәл белгісі.
Кӛкӛніс дақылдарының егісі ҥшін соңғы жылғы ӛнімінің тҧқымын
қолданады, бҧлар ең жоғары ӛнгіштікке ие. Тҧқым сапасының маңызды
кӛрсеткіші ылғалдылық және 1000 дәннің массасы. Ылғалдылықты шекті
(абсолютті) қҧрғақ тҧқымның массасымен салыстырып анықтайды.
Тҧқымның
сорттық
(ҧқсастық,
нағыздық)
сапасы
олардың
нағыздылығымен (тҥп нҧсқасы, дәл ӛзі, дҧрысы), сорттық тазалығымен,
ӛсімдіктің морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері
бойынша біркелкілігімен анықталады.
Тұқымның түп нұсқалығы
– дақылдың тҧқымдық қҧжатта кӛрсетілген
атауына сай келуі. Оны кӛзбен кӛріп оңай анықтайды. Бірақ қырыққабаттың
барлық тҥрлерінің және тарнаның, шомырдың, шалғам мен шалқанның,
қызылшаның барлық тҥрлерінің тҧқымдарын бір-бірінен сыртқы белгілері
бойынша ажырату іс жҧзінде қиын. Сондықтан бҧл дақылдардың тҧқымдарын
дәл ӛзі екенін лабораторияда ӛскіндері, ал қырыққабат тҥрлерін тҧқым
қабығының анатомиялық қҧрылысы бойынша анықтайды. Химиялық тәсілді де
қолданады. Ол ҥшін тҧқымды кҥйдіргіш натрийдың 10 %-тік ерітіндісінде 2
сағат ҧстайды, сонда ерітіндінің тҥсі анықталатын дақылдың тҥсіне ауысады.
Сорттық тазалықты егістік апробация - тҧқымдық егістіктің сорттық және
ӛнімділік сапасын, сондай-ақ, тҧқым шаруашылығының жалпы ережелерінің
сақталуын тексеру негізінде анықтайды. Сорттарды айқындаумен және оларды
бағалаумен ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынайтын
Мемлекеттік комиссия айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: