жҥргізеді, бҧл сабақтың топырақ ҥстіндегі бӛлігінде қосымша тамырлардың
тҥзілуіне мҥмкіндік береді және ӛсімдіктің тҧрақтылығын арттырады.
Қопсытқан кезде қырыққабатты қосымша
қоректендіреді бірінші рет
кӛшет отырғызғаннан 10-15 тәулік ӛткен соң, екіншісін жапырақтар кҥшті
ӛсер кезде, ҥшіншісін қаудан қалыптасар алдында. Бірінші қоректендіргенде
гектарына 1 ц аммиак селитрасын, 2 ц суперфосфатты және 0,3 ц хлорлы
калийді, екінші және ҥшінші реттерде 2 ц инауғаммиак селитрасын, 2 ц
суперфосфатты және 0,5 ц хлорлы калийді енгізеді.
Орташа және кеш пісетін қырыққабат жҥйелі тҥрде суаруды қажет етеді.
Қаудан байланғанша қырыққабатты 8-10 тәуліктен кейін суарады, ал
пісіп
жетілген кезінде әрбір 10-12 тәулік сайын. Суландыру аралықтарында ҧзақ
ҥзілістер болмағаны дҧрыс. Ол қаудандардың толуын тежейді, ӛнімді кемітеді
және ең бастысы қаудандардың кӛптеп жарылуына әкеп соғады да, бҧл
тауарлық ӛнімнің деңгейін кҥрт тӛмендетеді. Ӛнімді жинауға екі жҧма
қалғанда суландыруды тоқтатады. Жалпы ӛсу-даму кезеңінде 10-12 рет
суарылады.
Орташа пісетін қырыққабаттың сорттарын жас кҥйінде тамыз-қыркҥйек
айларында пайдалану ҥшін пісуіне қарай таңдап жинайды. Кеш пісетіндерді
қаудандары ең жоғары салмағына және тығыздығына жеткенде бір мезгілде
жинайды.
Тандап жинағанда және кішірек аландарда қырыққабатты қолмен
жинайды. Қаудандарды пышақпен немесе ӛткір кҥрекпен кесіп алады. Тҧздауға
жҧмсалатын қаудандарды тазалаған соң, сыртында
оны тығыз қаусырған
жасыл жапырақтары және ҧзындығы 1-2 см ӛзегі болуы керек. Ҧзақ уақыт
сақталатын қаудандарда 2-3 жасыл жапырақтарын және 2-3см жететін ӛзегін
қалдырады.
Ақ қауданды қырыққабаттың ҥлгі қалыпты қаудандары жаңа піскен
тығыз, бҧзылмаған, жарылмаған, таза, ал салмағы 0,8 кг кем болмауы керек.
Ӛнімді тасымалдағанда кӛліктің ӛтуіне ыңғайлы болу ҥшін 5-6 қатардан
жиналған қырыққабаттарды атжалдарға салады. Тасуға ПОУ-2 әмбебап кӛкӛніс
платформасын ДТ-немесе, ДТ-24 тракторларына тіркеп немесе аспалы ПНСШ-
12 қолданады. Қырыққабатты тасуға ҥлгіқалыпты жәшікті немесе контейнерді
пайдаланады. Ҥлкен егіс алаңдарында, жаппай ӛнім жинағанда,
қырыққабат
жинайтын МСК -1 комбайнын МТЗ 52\82 тракторларына тіркеп қолданады .
Комбайн бірқатарлы, оған бір тракторист және екі жҧмыскер қызмет жасайды.
Комбайн мен жинау еңбек шығынын қолмен жинағанмен салыстырғанда ҥш
есе азайтады, тікелей шығындарды 35% кемітеді. Бір гектардың жылдық
экономикалық тиімділігі 1,1-1,5 мың сом болады.
Қырыққабаттың ӛнімін жинауды тҧрақты ызғарлардың басталуына дейін
бітіру керек, әйтпесе танапта қалған ӛнімге кенеттен тҥскен бозқырау ҥлкен
зиян келтіруі мҥмкін. Кесілген, бірақ танапта қалған қырыққабаттарды тҥнге
қарай жапырақтармен жабады. Ҧзақ уақыт сақтау ҥшін оларды ені 2-2,5 м,
биіктігі 1,5 м, ҧзындығы 5-10м ҥймелерге салады. Ҥймені сабынмен немесе
бойралармен жабады.