9.2. Кӛкӛніс дақылдарының ӛсу, кӛбею және даму ерекшеліктері
Ӛсімдік ағзасының қалыптасу негізінде оның онтогенездегі басты
тіршілік процестері-ӛсімдіктің ӛсуі және дамуы жатады. Ӛсу – ағза қҧрылым
элементтерінің жаңадан пайда болуы, әдетте оның және басқа бӛліктерінің
кӛлемінің кері айналмайтындай тҥрде артуы; даму-тіршілік циклы процесінде
ӛсімдіктің немесе оның жекелеген мҥшелерінің, ҧлпаларының және
жасушаларының қҧрылымдары мен қызметінің сапалы ӛзгеруі. Ӛсу негізінен
сандық, даму сапалы ӛзгеріс сипатымен ӛтеді.
Кӛкӛніс дақылдарының ӛсуі, дамуы және ӛнімділігі ӛсімдіктің тҧқым
қуалау ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайына тәуелді.
Ӛсу мен дамудың тҧқым қалыптастыру шағы тӛрт-бҥршіктену, гҥлдеу,
жеміс салу және қартаю кезеңдерден тҧрады. Бҥршіктену кезеңінде гҥл сидамы
және гҥл шоғыры қалыптасады, гҥлдеу кезеңі тозаң мен жыныс клеткасының
пісіп-жетілуімен сипатталады.
Қартаю – цитоплазма коллоидтарының тҧтқырлығының артуымен, оның
ӛткізгіштігінің тӛмендеуімен сипатталады. Қоректік заттардың келіп тҥсуінің
қиындауының нәтижесінде ӛсімдіктің бҥкіл мҥшесі бірте-бірте ӛле береді.
Су жетпеген клетканың ӛсуі баяулайды немесе біржола тоқтайды, олар
ҧсақ болып қалыптасады; фотосинтез кҥрт басылады нәтижесінде ӛнім
тӛмендейді. Ойдағыдай ӛсу және даму ҥшін жарықтанудың және жарықтың
қҧрамының мәні ӛте зор.
Ӛсімдіктің ӛсу мен дамуына қоршаған орта жағдайының әсері әр тҥрлі
болу мҥмкін. Ӛсімдіктің қҧрамы, соған байланысты, ӛнім қҧрылымы
онтогенезде ӛсу мен даму процестерінің ӛзара әрекетінің нәтижесінде
қалыптасады. Ӛсімдіктің ӛсуі мен дамуына ойдағыдай әсер ететін кӛптеген
тәсілдер бар. Кӛкӛніс дақылдарының ӛсуі мен дамуын басқару агротехникалық
әдістерімен іске асырылады: дақылмен, кӛктеумен, ӛсіріп жетілдірумен: бҧған
шартты тҥрде пісіріп жетілдіру және сақтауды жатқызуға болады. Ӛсімдіктің
ӛсуі мен дамуына жасушаларда және ҧлпаларда пайда болатын табиғи
ҥдеткіштер, ауксиндар, гиббереллиндер, дәрумендер, сондай-ақ ӛсуді
тежегіштер – жасанды ҥдеткіштер және ингибиторлар әсер етеді.
Ӛсімдіктің кӛбеюі – оның ағзасының, ҧрпақ қалдыру мақсатындағы, ең
бір маңызды қасиеті. Тҥрдің сақталуының немесе оның санының артуының
кепілі ретінде қызмет жасайды.
Кӛкӛніс дақылдарының басым бӛлігі тҧқымынан кӛбейеді.
Тұқыммен көбею.
Тҧқым - ағзаның сорттық тҧқым қуалаушылық
белгілері мен қасиеттерін сақтаушы. Тҧқым ҧрықтанған бҥршігінің ҧлғаюының
нәтижесінде пайда болады. Практикада кӛбінесе тҧқым деп, жатынның
ҧлғаюынан пайда болған қҧрғақ жемісті атайды. Сәбіздің, ақ сҥттігінің,
ақжелкеннің жемісі – тҧқымша, саумалдықтікі, жаңғақша, қызылшанікі
жемістері жанасып біткен –жеміс шоғыры (шоғырмақ).
Тҧқым ҧрықтан, қоректік заттары жинақталған жарнақтардан
(бҧршақтар, асқабақтар, қырыққабаттар тҧқымдастары), немесе эндоспермнен
(пияз, қояншӛп, сәбіз, жҥгері, қызылша, саумалдық) және қабықтан тҧрады.
Кӛкӛніс дақылдарының кӛпшілігінде (қырыққабат, қызанақ, баклажан,
қияр, асқабақ, қызылша) тҧқым жарнақтары топырақ бетіне шығады да,
алғашқы жасыл жапырақтардың міндетін атқарады. Мҧндай дақылдар жас
кезінде кӛшіріп отырғызуды жеңіл кӛтереді. Бҧршақ тҧқымдасының тҧқым
жарнақтары топырақта қалып қоректік заттарды жинайтын орынның міндетін
атқарады. Міне сондықтан, ас бҧршақ, бҧршақбас, жҥгері кӛшіріп отырғызуды
кӛтере алмайды, себебі мҧндайда олардың тҧқым жарнақтары жеңіл
жҧлынады. Бҧл дақылдарды ӛскіндері пайда болған кезде зақымдауға
болмайды.
Кӛкӛніс дақылдарының тҧқымдары ӛзара мӛлшерлері (кӛлемі, пішіндері,
тҥстері, иістері ) бойынша ажыратылады. Тҧқымдарының кӛлемі (массасы)
бойынша В. И. Эдельштейн кӛкӛніс дақылдарын 1 грамдағы тҧқым санына
байланысты бес топқа бӛледі:
-ӛте ірілер, тҧқым саны 10 – нан аспайтындар – бҧршақбас, ҥрме бҧршақ,
ас бҧршақ, асқабақ, қарбыздың ірі дәнді сорттары, қантты жҥгері;
-ірілер- (11 – 100 дана) – карбыздың ҧсақ дәнді сорттары, қауын, қияр,
қызылша, рауғаш, саумалдық, шалғам, шалқан;
-орташалар (150 - 300 дана) – қызанақ, қырыққабат, тарна, пияз, бҧрыш,
баклажан, ботташық, аскӛк;-
-ҧсақтар (600 – 1000 дана) сәбіз, ақжелкен, шомыр, ақ сҥттіген;
- ӛте ҧсақтар – (1000 – нан асатындар) – қымыздық, қызылшӛп,
балдыркӛк.
Ҧсақ дәнді дақылдар ҥшін топырақты себер алдында ӛте мҧқият ӛңдеу
және тегістеу қажет, тҧқым сепкішті себу тереңдігіне дәлірек реттеу керек.
Ҧсақ тҧқымдарды топыраққа терең сіңіруге болмайды.
Тҧқымның егістік (себу) және сорттық сапасын ажыратады. Себу
сапасына: тазалығы, ӛнгіштігі, кӛктену (ӛну) энергиясы ӛміршеңдігі (тіршілік
қабілеттілігі), ӛсу кҥші, ылғалдылығы, аурулармен және зиянкестермен
залалдануы, себу жарамдылығы, егістік ӛнгіштігі, тіршілігінің ҧзақтығы
жатады. Себу сапасы бойынша тҧқымдарды екі класқа бӛледі. Тҧқымның
сорттық сапасын олардың сорттық тазалығы, яғги аталынған сортқа
жататындығы бойынша анықтайды. Сортық сапасы бойынша кӛкӛніс
дақылдары элита, 1 және 2 сорттық тҧқымы болып ҥш категорияға бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |