«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет117/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Эфир майлары
-ӛте ҧшқыш, хош иісті, химиялық қҧрамы жағынан емдік 
қасиеттері бар, әр тҥрлі қосындылардың кҥрделі қоспасы. Ол кӛп жиналған 
дақылдар- ақжелкен, балдыркӛк, аскӛк, желкен, шомыр, сарымсақ, пияздар. 
Эфир майларын-мҧрын, тамақ, тҧмау ауруларына қарсы ингаляция ретінде 
пайдаланады, оның бактерицидтік қасиеттері бар, сондықтан антибиотиктер 
әсер 
ете 
алмайтын 
микробтарға, 
инфекцияланған 
жарақаттарға 
дезинфекциялық дәрі ретінде пайдаланады.
Фитонцидтер
-адам ағзасындағы микроағзаларды жоюға ҥлкен әсерін 
тигізетін химиялық қҧрамы тҥрлі қоспалардан қҧралған. Фитонцидті кӛкеніс 
дақылдары- желкен, шомыр, сарымсақ, пияздар. Кӛптеген ауруларды- 
тҧмауды, демікпені, тіс ауруларын, терінің іріңді жараларын емдеуге-
фитонцидті терепия қолданылады. Сонымен қатар фитонцидтер ішек-
қарынның қозғалыс-секрециялық қызметін кҥшейтіп, ішектегі шіру мен іру 
процестерін жойып оның жҧмысын жақсартады. 
Ақуздар, майлар
, кӛміртегілер-тағамдағы негізгі компоненттер.
Ақуыздар заттардың алмасуы қоспаларының қҧрамдарына амин қышқылдары, 
амидтермен анықталады, бҧлардың ішіндегі 9 ауыстыруға болмайтын амин 
қышқылдары-цистин, лизин, триптофан, аргинин, метионин кӛкеніс 
дақылдарында кездеседі. Кейбір лейцин, тирозин, аргинин, гистамин 
дақылдардың пісіп келе жатқан дәндерінде, тамырларында, тҥйнектерінде 
еркін жағдайда қалыптасады.
Кӛміртегі- ағзадағы кҥш қуаттың қайнар кӛзі, әр тҥрлі қанттар тҥрінде 
сақталады, оның моно, олиго, полисахаридтер деген тҥрлері бар.
Моносахаридтердің ішінен глюкоза, фруктоза дақылдардың жапырақтарында, 
жемістерінде кӛп болады. 
Диасахаридтерге-сахароза жатады, бҧл кӛкеністің жапырақтарында, 
сабақтарында, дәндерінде, жемістерінде, тҥйнектеріндеболады.
Полисахаридтер-
сақтық қор (крахмал, инсулин), скелеттік (клетчатка, 
лигнин, пектин) болып келеді және глюкоза молекулаларына қҧралады. 
Пектиндер галоктрон қышқылынан қҧралған дақылдардың ҧлпаларындағы 
жасушаарлық заттардан жасалынады. Пектиндерсіз ағза дҧрыс қызмет істей 
алмайды. Олардың сору және тҧтқырлық қасиеттерімен улы заттарды зиянсыз 
етіп шығаруда және артық холестеринді ағзадан шығаруға себепші әсерін 
тигізеді. Пектин ас қорытуды жақсартады, тазалайды, ӛтті айдауға, несеп 
жҥргізуге, ішті босатуға әсер етеді. Жас кӛкеністердің жемістерінде пектин ӛте 
кӛп болады, ең кӛбі шалқанда, ас қызылшасында, балдыркӛкте.


Майлар-
кӛміртегі сияқты адам ағзасына қажетті қуатты кҥшпен 
қамтамасыз етеді және қандағы холестериннің мӛлшерін тӛмендетіп 
атерсклероздың дамуын тежейді.
Минералдық элементтер -
макроэлементтер -К, Сa, Mg, Si, P, Fe,- 
бҧлардың барлығы да кӛкеніс дақылдарында айтарлықтай кӛп.
Микроэлементтер
- B, J, Cu, Mn, Ni, Co, Mo, Zn ,-кӛкеніс дақылдарында 
аздаған мӛлшерде болады. B, Cu, Zn,- орамжапырақтарда, сәбізде бор мен йод, 
ас қызылшасында йод, темір, мыс, марганец кӛптеп кездеседі.
Кӛкӛністер және жемістер витаминдердің негізгі кӛзі болып саналады. 
Ӛсімдікте олар ферменттер мен гармондардың қҧрамына кіреді, фотосинтез, 
демалу, азотты сіңіру, амин қышқылдарын тҥзу және жапырақтан олардың 
қайтуын жеделдетеді. Адам ағзасында олар биохимиялық реакциялардың 
катализаторы және негізгі физиологиялық ҥрдістердің реттеушісі болады: зат 
алмасу, ӛсу және кӛбею процестеріне қатысады. Тиамин (витамин В1), 
витамин Е сияқты жемістің эмбрионалдық кезеңінің дамуын және 
углеводтардың керкті мӛлшерде ыдыратылуын қамтамасыз етеді. Рибофлавин 
(В2) клеткалардың бӛлінуін және ӛсу ҥрдістеріне оң әсерін тигізеді, жарақатты 
жазуға ықпал жасайды. Каратин (провитамин А) сҥйектің, ҧлпаның және 
кӛздің кӛруін жақсарту ҥшін қажет. Никотин қышқылы (РР) ас қорыту 
органының жҧмысын жақсартады, амин қышқылының тҥзілуін тездетеді
тотығу – тотықсыздану ҥрдістерін реттейді, нерв жҥйесінің жҧмысын 
жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет