8.3
Зиянды жәндіктер мен кеселдерге қарсы кҥрес.
Ӛсімдіктердің аурулары . Ӛсімдік ӛмір сҥру барысында қоршаған
ортамен тікелей байланыста болады. Оның ӛсуі, дамуы міндетті тҥрде
температураға, ылғалдылыққа, топырақтың химиялық қҧрамына, ауаға, әртҥрлі
фактілерге байланысты болады.
Қоршаған ортаның жағдайлары ӛсімдіктің керекті талаптарына сай
болса, оның морфологиялық және функционалдық ӛзгерістері болмас еді. Кез-
келген ӛзінің мӛлшерінен асып немесе кем болса, ӛсімдікке басқа бӛгде
организмдер әсер етіп, зат алмасуы және физиологиялық қызметтері,
анатомиялық қҧрылысы және ӛсімдіктің сыртқы бейнесі ӛзгеріп патологиялық
процесс немесе ауруға ҧшырауы мҥмкін.
Ӛсімдіктің ауруы – бҧл ӛте кҥрделі патологиялық процесс, сыртқы
факторлардың әсер етуі.
Қоршаған ортаның зиянды факторлары ӛсімдіктің ауруының дамуына
әсер етуін биотикалық және абиотикалық деп бӛлуге болады. Биотикалық
дегеніміз ӛсімдікке тірі организмдердің әсері. Абиотикалық дегеніміз тірі емес
фактордың әсер етуі.
Егер ауру тірі организммен берілсе, онда ол міндетті тҥрде ауру
ӛсімдіктен сау ӛсімдікке беріледі. Бҧндай ауруларды жҧқпалы деп атайды.
Ауру организмді ауруды шақырушы аурудың қоздырғышы немесе патоген деп
атайды. Ӛсімдіктің ауруын шақыратын организмдерді фитопатоген деп атайды.
Ӛсімдікке кіріп, оның тамағымен қоректенетін патогенді – ӛсімдіктің иесі деп
атайды.
Ӛсімдіктің
жҧқпалы
ауруларын
кӛбінесе
фитопатогенді
микроорганизмдер шақырады: саңырауқҧлақтармен (саңырауқҧлақпен берілсе,
микоз деп аталады), бактериямен (бактериоз), гельминттермен (гельминтоз),
актиномицеттермен және вирустармен, микоплазмамен.
Ауру фитопатогенді организмдермен емес, керісінше абиотикалық
факторлармен беріліп және ауру ӛсімдіктен сау ӛсімдікке берілмесе, онда оны
жҧқпалы емес аурудың тҥріне жатқызуға болады.
Жҧқпалы болсын, жҧқпалы емес болса ауруларды бір-бірінен бӛлек
қарастыруға болмайды. Табиғатта ол екеуінің арасында анықталған
байланысты байқауға болады: ҥнемі жҧқпалы аурулар алдын ала зақымдаған
ӛсімдіктің жҧқпалы емес ауруымен ауруынан пайда болады.
Кӛптеген жағдайларда жҧқпалы емес патологиялық процесс ӛсімдікке
патогеннің енуіне негіз болды. Ағаштардың қабығының кҥйіп қалуы немесе
ҥсіп кету жҧқпалы ісік ауруларының алдыңғы сатысы. Физиологиялық
процестердің нашарлауы және ҧсақ тамырлардың ӛлуі, оттегінің жетіспеуінен
топырақтың тығыздануына қылқан жапырақтыларда тамырірінге әкеп соғады.
Жҧқпалы аурулармен кӛбінесе ағаш тектес ӛсімдіктер зақымдалады.
Дәнді-бҧршақты дақылдарға кӛптеген зиянды жәндіктер мен кеселдер
тҥсіп, кӛп зиян келтіреді. Дәнді-бҧршақты дақылдардың тҧқымдық егісіне
тҥсетін зиянды жәндіктер мен кеселдерден егісті сақтау шаралары
қолданылады. Қазақстанда дәнді-бҧршақты дақылдарға тҥсетін мынадай
зиянды жәндіктер мен кеселдер кӛп таралған;
1. Тҥйнекке тҥсетін бізтҧмсық - сояның, сиыржоңышқаның, чинаның,
атбҧршақтың егістігіне зиян келтіреді. Бҧл диаметрі 3 миллиметрден 5,5
миллиметрге жететін- сҧр қоңыз, личинкалары ақ, басы ашыққоңыр. Дәнді-
бҧршақты
дақылдардың
тҥйнегіне
кейде
тамырына,
тамырдың
қылтанақтарына және сағасына зиян келтіреді. Қоңыздың ӛзі дән
тармақтарына, ӛсімдіктің жапырақтарына зиян келтіреді — шетінен кертештеп
жейді, ал тым кӛп тҥссе, ӛркендерді мҥлде жеп қҧртады.
Бізтҧмсық қоңыздан келетін зиянды азайту ҥшін дәнді бҧршақты
дақылдардың тҧқымға арналған егісін ерте мерзімде егу, жерді сыдыра
жырту және терең зябь жырту керек. Мҧның ӛзі қоңыздың куколкалары мен
личинкаларын едәуір азайтады. Егісті, бізтҧмсық қоңыз қыстап шығатын беде
мен жоңышқадан неғҧрлым аулақ орналастыру керек.
Ӛсімдіктер екі-ҥштен жапырақтанған кезде қоңыздарды тікелей жою
ҥшін егістің ӛркендеріне, бір гектарға 15—20 килограмм есебімен, вофатокс
немесе ДДТ препараты, сондай-ақ 10—12 килограмм есебімен гексахлоран
тозаңдатып себіледі.
2. Ӛсімдік биті асбҧршаққа, сиыржоңышқаға, чинаға және басқа дәнді-
бҧршақты дақылдарға зиян келтіреді. Бҧршақ биті — кҥңгірт жасыл тҥсті,
ҧзын аяқты, кӛп жылдық шӛптердің егісінде қыстап, тамыр сағақтарына
жҧмыртқа салады. Сиыржоңышқа, чина, атбҧршақ егістерінде сиыржоңышқа
биті кӛп кездеседі. Оның бҧршақ битінен ӛзгешелігі — сарғыш жасыл тҥсті,
арқасында кӛлденең сҧр жолақ болады. Атбҧршақ бҧршақ битінен немесе
қызылша битінен зиянданады. Ол жасылдау немесе қоңыр реңді қара тҥсті
болады.
Дәнді-бҧршақты дақылдарды ӛсімдік битінен сақтау ҥшін ерте мерзімде
егіп, ӛсімдіктердің ӛсуі кезінінде егісті, гектарына 40— 50 килограмм
есебімен, 5 проценттік анабадустпен немесе никодустпен, не болмаса.
гектарына 15—20 килограмм есебімен 12 проценттік гексахлоран (немесе
ДДТ) дустымен тозаңдандыру керек. Сондай-ақ егіске, гектарына 1000—1200
литр есебімен, сабын қосқан 0,1 процент никотинсульфат немесе
анабазинсульфат ерітіндісін бҥркеді.
3. Бҧршаққоңыз (брухус) — ең қауіпті жәндік. Бҧл қоңыздың ҧрғашысы
асбҧршақтың балауса бҧршағына жҧмыртқа салады. Бҧл жҧмыртқалардан
ӛсіп шыққан личинкалар атбҧршақтың қапсырмасы арқылы дәнге ӛтіп, сол
дәнмен қоректенеді. Кҥздігҥні немесе келесі жылдың кӛктемінде ол кҧрттар
бҧл дәндерден қоңыз болып ҧшып шығып, атбҧршақтар шыкқан кезде
тағыда оган жҧмыртқа салады.
Бҧршаққоңызға қарсы кҥресу ҥшін тҧқымды дихлорэтанмен және басқа
улармен газдау, гексахлоранмен опалау әдістерін қолдануға болады. Ал
бҧршақтың шанақтауы жане гҥлдей бастауы кезінде ӛсімдіктерді, гектарына
15—20 кнлограмм есебімен, 12 проценттік гексахлоранмен тозаңдандырады.
Мезгілсіз тозаңдандыру ойдағыдай нәтиже бермейді.
4. Бҧршақ кӛбелек дәнді-бҧршақты дақылдардың кӛбіне зиян келтіреді.
Ӛсімдіктер гҥлдей бастаған кезде кӛбелек болауса бҧршақтарға, кей кездерде
ӛсімдіктің сабағы мен жапырақтарына жҧмыртқа салады. Жҧмыртқадан ӛсіп
шығатын қҧрттар (гусеница) дәнге тҥседі.
Бҧл кӛбелектің зиянын азайту ҥшін агротехникалық және химиялық
шаралар қолданылады. Бҧршақ кӛбелекті қыру ҥшін терең зябь жырту, ерте
мерзімде егу сияқты агротехникалық шаралар жҥргізіледі. Гектарына 10
килограмм есебімен 12 проценттік гексахлоран дустысымен тозаңдандыру —
химиялық тәсілі қолданылады.
5. Мақта кӛбелегі оңтҥстік аудандарда ноқатқа тҥседі. Оның қҧрттары
әуелі жапырақтармен қоректенеді, онан кейін бҧршақтағы дәнді жейді. Бҧл
кӛбелекке қарсы кҥресу ҥшін егісті ДДТ препаратымен тозаңдандырады.
6. Тот кесел сиыржонышқаға, атбҧршаққа, асбҧршаққа, чинаға тҥседі.
Ол саңырауқҧлақтың әртҥрінен туады. Ӛсімдіктердің жапырақтарында,
сабақтарында, бҧршақтарында тотты қоңыр тҥсті споралар (қоңыз) пайда
болады. Олар паразитке қолайлы жағдайда тез таралып, бҥкіл ӛсімдікке
жайылады. Кҥзге қарай ӛсімдіктерде қысқы споралардың қара тҥсті
тӛмпешіктері пайда болады. Паразит осы тӛмпешіктерде қыстап шыгады.
Бҧған қарсы кҥресу шаралары: тҧрақты сорттар шығару, жоғары
агротехникалық негіз жасау, арам шӛптерді, әсіресе, паразитті кӛп
сақтайтын сҥттікенді жоқ қылу.
7. Ақҧнтақ (мучнистая роса) кеселі біржылдық бҧршақты
ӛсімдіктердің бәрінің дерлік жапырақтарында ақшыл тор тҥрінде пайда
болады. Жаздың аяқ шенінде қоңыр тартып, онда әуелі ашық сары, онан
кейін қара домалақ тҥйіршіктер паразиттің кысқы жемісті денелері пайда
болады. Кеселдің қоздырғыштары егіңді жинағаннан кейінгі қалдықтарда
қыстайды.
Бҧл кеселге қарсы кҥресу ҥшін, тҧрақты сорттар шығарудан және
жоғары агротехникалық негіз жасаудан басқа, егісті бордос ерітіндісімен
бҥрку кҥкіртпен тозаңдату тәсілдерін ҧсынуға болады.
8. Аскохитоз кеселі дәнді - бҧршақты дақылдардың кӛбіне тҥседі.
Ӛсімдіктің жапырақтарында, сабақтарында, бҧршақтың қапсырмаларында
сҧрғылт сары, ортасы ақшыл, қоңыр жиекті теңбілдер пайда болады.
Кесел оған душар болған ӛсімдіктердің дәндері мен аңыз қалдықтары
арқылы таралады.
Тҧқымды гранозанмен дәрілеу, аңыз қалдықтарын жою, тҧқымды
мҧқият кептіру бҧл кеселге қарсы кҥресте жақсы нәтиже береді.
9. Ақшірік кеселі әр тҥрлі бҧршақ ӛсімдіктеріне тҥседі. Ауа райы
ылғалды болғанда, ондай кесел тҥскен ӛсімдіктердің сабақтарында,
жапырақтарында, бҧршақтарында жіпсілең шірік пайда болады, онан
ӛсімдік ақырында қҧриды. Сабақтың ішінде, бетінде мақта тәрізді ақ
грибница ӛседі. Онда әуелі ақ, онан кейін қара склероциялар пайда болады.
Ӛсімдіктер семіп, қараяды, онан кейін қурайды. Кеселдің қоздырғышы
топырақта сақталып, тҧқыммен бірге таралады. Бҧған қарсы кҥресу
шаралары: тҧрақты сорттарды шығару, тҧқымды склероциялардан тазарту,
дҧрыс ауыспалы егіс енгізу.
10. Фузариоз шірік кеселінен азықтық бҧршақ дақылдарының және
басқа кейбір бҧршақты ӛсімдіктердің тамырындағы, тамыр сағағындағы
тканьдар қоңыр тартып бҧзыла бастайды. Кесел ҧлғая келе ӛсімдіктің
жапырақтары мен сабақтары қарайып, қурайды. Кесел аңыз қалдықтары
және тҧқым арқылы таралады.
Бҧған қарсы кҥресу шаралары: дҧрыс ауыспалы егіс енгізу, тҧқымды
дәрілеу, аңыз қалдықтарын жою.
11. Антракноз кеселі кӛбінесе ӛсімдіктің бҧршақтарына тҥседі.
Бҧршақтарда дӛңгелек, сәл қысыңқы, айналасы кӛтеріңкі қоңыр жиекті,
қоңыр қызыл кең жолақты, қоңырқай теңбілдер пайда болады. Теңбілдер кӛп
уақытта қосылып кетеді, онда бҧршақтың қапталы шҧрық тесілген болады.
Кесел тҧқым және егіннің топырақтағы қалдықтары арқылы таралады. Мҧнда
фузариоз шірік кеселіне карсы кҥрестегі шаралар қолданылады.
12. Бактериоз жапырақтарда, бейне екі жақтан қысып шығарғандай,
майланып тҧрған ҥлкен теңбілдер пайда болады: бҧл теңбілдер кӛп уақытта
кепкен, жарылған, қураған болады. Бҧршақтарда қызғылт жиекті, суланған
жҧмсақ теңбілдер пайда болады.
Бактериоз кебінесе кесел тҥскен тҧқым және егіннің топырақтағы
қалдықтары арқылы таралады.
Мҧнда да фузариоз шірікке қарсы кҥрестегі шаралар қолданылады.
|