«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет123/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Көшетсіз өсіру.
Қырыққабатты кӛшетсіз ӛсіру кӛшет тәсілімен 
салыстырғанда рентабельді болып келеді. Кӛшетсіз ӛсірілген қырыққабат 
суыққа шыдамды, 4-5С уақытша ызғарларға қиналмай шыдайды. Ӛсу процесі 
кезінде топырақта терең бойлайтын қуатты тамыр жҥйесін дамытады, бҧл 
ӛсімдікті қорекпен және сумен қамтамасыз етуді жақсартады. Бҧл суару 
арасындағы ҧзақ ҥзілістерге және жаздың жоғары температураларына 
шыдауға мҥмкіндік береді. Кӛшетсіз ӛсіргендегі ӛсу-даму кезеңі 13-15 
тәулікке қысқарады. 
Қырыққабатты кӛшетсіз ӛсіру ҥшін жеңіл, қҧнарлы, арамшӛптерден таза 
топырақтар қажет. Батпақтанатын ауыр топырақтар аса қолайлы емес, ӛйткені 
ӛскіндері қабыршақтан ӛте алмайды. Жеңіл қҧмдақ топырақтар да жарамайды, 
себебі олардың ҥстіндегі қабаты тез кеуіп кетеді, сонымен қатар кҥшті жел 
болғанда ӛскіндері қҧммен зақымданады.
Топырақты кӛшетке дайындағандай дайындайды. Сҥдігерді жыртқанда 
органикалық және минералды тыңайтқыштарды кӛшет ҥшін енгізілген 
мӛлшерде қолданады. Кӛктемде танапты екі рет тырмалайды, содан соң 4-5 см 
тереңдікке культивациялайды. Егіс алдында арамшӛп ӛскіндерін жою ҥшін 
сондай тереңдікке қайтадан культивациялайды және таптағыштармен 
тығыздайды. 
Аймақтың солтҥстік аудандарында ең оңтайлы себу мерзімі 10-18 мамыр, 
оңтҥстігінде 5-15мамыр.
Егіс алдынғы топырақ ӛңдеу мен себу аралығында алшақтық болмауы 
керек. Егіске әр тҥрлі тҧқым сепкіш машиналарын қолданады: СОН-2,8, 
СКОН-4,2 немесе СКОСШ-2,8, ізінше топырақты тығыздайды. Себуге 
елеуіштерде іріктелінген бірінші класты тҧқымдар қолданылады. Оларды себер 
алдында ТМТД мен (8г/кг) немесе фентиураммен (5г/кг) ӛңдейді. Тҧқымдарды 
3-4 см тереңдікке себеді, мӛлшері гектарына 1,2-1,5 кг. Тҧқымдарды бір 
қалыпты тереңдікке сіңіру ҥшін дискілердің шектегіштерін мҧқият реттейді 
және серіппені қатты қысады. Қатараралықтардың ені-70 см. Ауыр 
топырақтарда және кешіктіріп сепкенде себу мӛлшерін 25% кӛбейтеді. 
Бірқалыпты себуді қамтамасыз ету ҥшін қырыққабаттың 1 кг тҧқымына 2-3 кг 
қуырылған тарыны қосып, оларды жақсылап араластырады. Тарының орнына 
алдын ала еленген, тҥйіршіктелген суперфосфатты қолдануға болады. (4 кг/кг 
тҧқымға). Оларды нақ себу алдында араластырады. Толықтырғыш 
міндетінорындай отырып суперфосфат алғашқы ӛсу кезеңінде тыңайтқыш 
ретінде пайдасын келтіреді. Жақсы нәтижені сырты қапталған (дражеленген) 
тҧқымдармен себілген егістер береді. 
Ауа райы қҧрғақ кезде біркелкі ӛскіндер алу ҥшін себер алдында танапты
жаңбырлатқыш 
қондырғылармен 
суландырады, 
сосын 
культивация 
жҥргізгеннен кейін себеді. Ӛскіндері шықпай қабыршық пайда болса торлы 
тырмалармен тырмалайды,бірақ ең дҧрысы кҥн аралтып немесе кҥнде судың 
аз мӛлшерімен суару. Шыққан ӛскіндерді кресгҥлділердің бҥргелері 
зақымдауы мҥмкін. Сондықтан ӛскіндер пайда болардан 1-2 тәулік бҧрын егісті 
метафоспен немесе вофатокспен (15-20 кг/га) ӛңдейді. 


Ӛскіндері пайда болғаннан 30-40 тәулік ӛткен соң кӛшетсіз қырыққабат 
мҧқият кҥтіп баптауды қажет етеді. Топырақ борпылдақ және арам шӛптерден 
таза болуы керек. 
Жас ӛсімдіктерді топырақпен жаппас ҥшін культиваторға жақсы 
қайралған ҧстара табандарды орнатады және жҧмысты шамалы шапшаңдықта 
ӛткізеді. Қорғау аймағы 12-15 см. Қатарларында бір мезгілде жеңіл қол 
кетпендерімен топырақты қопсытады. Қырыққабаттың кәдімгі екі жапырағы 
тҥзілгенде қатараралықтарын және қатарларын ӛңдеуді қайталайды. Осы кезде 
ӛсімдіктердің арасын 20-25 см етіп сиретеді. Екінші рет, ақырғы сиретуін 4-5 
жапырақ тҥзілген кезде ӛткізеді. Қатардағы ӛсімдіктердің бір бірінен 
қашықтығын сортқа байланысты 45-60 см дейін жеткізеді. Сирету жҧмыстарын 
кешіктіру ӛсімдіктердің бойшаң болуына әкеп соғады, нәтижесінде ӛнім 
кемиді. Егістік таза болса, сиретуді кәдімгі 3-4 жапырағы пайда болғанда бір 
қимылда ӛткізуге болады. Қатардағы арамшӛптермен кҥрескенде, қол еңбегін 
азайту ҥшін гербицидтерді қолданады.
Қырыққабаттың бірқалыпты ӛсуіне және дамуына қажетті топырақ 
ылғалдылығы кіші су сыйымдылығының 75-80%. Бҧл әсіресе ӛсе бастағанда, 
ал тамыр жҥйесі әлі әлсіз дамыған кезде ӛте маңызды. Суаруды ӛскін пайда 
болғаннан 5-6 тәулік ӛткен соң аз мӛлшерлі сумен жҥргізеді, ал кейінгілерін 8-
10 тәулік сайын гектарына 400-450 м3 су жіберіп суарады. 
Ӛсу-даму кезеңінде қырыққабатты ҥш рет ҥстеп қоректендіреді: 2-3 
жапырақ кезеңінде жапырақ дегелегі қалыптасқаннан кейін , қаудан пайда 
бола бастағанда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет