Гҥлді қырыққабатты кӛбінесе ашық жерге екі мерзімде себеді: ерте
кӛктемде және кҥзде. Жазда себілсе жоғары температураның әсерінен нашар
ӛседі. Ӛнімді ерте жинау және жаздың ыстығына дейін шоқпарбасы тҥзілу
ҥшін – ерте пісетін сорттарды және 50-55 тәулік қыш қҧмырада немесе
текшелерде ӛсірілген кӛшетті онкҥндігенде отырғызады. Ӛсу алаңы 70х30 см.
Кӛшетті отырғызғаннан кейін қуатты жапырақ тҥзілуіне қолайлы жағдай
жасау керек. Тек сонда ғана ӛсімдік ірі, тығыз шоқпарбастарын
қалыптастырады. Сондықтан жҥйелі суару және қоректендіру қажет. Кӛшет
отырғызғаннан 7-10 тәулік ӛткен соң бірінші қоректендіруді аммиак
селитрасымен (гектарына 1-1,5ц), екіншісін біріншіден екі жҧма ӛткен соң
(гектарына 1-1,5ц аммиак селитрасы, 1,5ц суперфосфат және 0,5ц хлорлы
калий), ҥшінісін бҥршіктер тҥзілген кезде, екінші рет қолданылған мӛлшерде
енгізеді.
Тура тҥсетін кҥннің кӛзінен гҥлді қырыққабаттың шоқпарбасы сарғаяды,
шашылады және тауарлық қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан сыртындағы
бірнеше жапырақтарын иіп немесе бір-біріне шоқпарбастың ҥстінен кӛмкере
байлап, оны колеңкелейді. Шоқпарбастар пісіп жеткен соң оларды таңдап,
бірнеше рет жайғайды, 4-6 жамылғы жыпырақтарымен бірге кесіп алады.
Олардың шеттері шоқпарбастан 2-3 см жоғары болуы керек. Шоқпарбастардың
диаметрі 8см-ден кем болмағаны дҧрыс, реңі ақ немесе шамалы ақшыл
сарытҥсті, ішкі жапырақтары кӛктемеген және бҧзылмаған болуы керек.
Ҥлгіқалыпты жәшіктерге тығыз қатар-қатарымен салып тасиды.
Гҥлді қырыққабаттың ӛнімін кҥзде алу ҥшін оны кӛшетсіз ӛсіреді. Ӛнім
жинауға дейін 90-100 тәулік бҧрын калибрленген ірі тҧқымдарымен (1,2-1,5
кг/га), маусымның 10-15-нен қалдырмай себу керек. Қапталған (дражеленген)
тҧқымдар азырақ шығындалады. Кешірек егіс алаңдарына шҧқыршақтарға
қолмен себеді. Қатараралықтарының ені 70 см.
Екінші кәдімгі жапырақ тҥзілген соң егістіктерді бір немесе екі рет
сиретеді. Басқа кҥтіп-баптау шаралары қырыққабатты кӛшетпен ӛсіргенге
ҧқсас
Достарыңызбен бөлісу: