«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет121/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

9.3 Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі. 
 
Адам 
қорегіне 
пайдаланатын 
кӛкӛніс 
дақылдарының 
ішінде 
қырыққабаттың алатын ҥлесі едәуір. Ол егіс кӛлемі және жалпы тҥсімі 
бойынша бірінші орында тҧр. 
Түрлері мен түршелері, олардың таралуы
. Кӛкӛністердің бҧл тобына ақ 
қауданды, қызыл қауданды, савой, брюссель, гҥлді, брокколи, кольраби, 


жапырақты, қытай қырыққабаттары біріктірілген. Сондай-ақ мал азықтық
және сәндік қырыққабаттар да ӛсіріледі. 
Ең кеңірек таралғаны - ақ қауданды қырыққабат. Ол Солтҥстік 
Қазақстанда кӛкӛніс егістігінің 50% - тен астам жеріне егіледі. Бҧл жоғары 
дәмдік қасиеттеріне және тағамға алуан тҥрлі пайдалануына байланысты. 
Шикі, пісірілген, қуырылған, ашытқан және маринадталынған кҥйінде 
пайдаланылады. Тасымалдауға қолайлы. Ерте пісетін және сақтауға шыдамды, 
кеш пісетін сорттары жыл бойы жас кҥйінде пайдалануға мҥмкіндік береді. 
Қырыққабатқа емдік қасиетке ие, онымен бауырдың және буындардың 
жарасын, асқазан және ащы ішек жараларын, атеросклероз және басқа да 
ауруларды емдеуге қолданылады. 
Ресей медицина академиясының қоректендіру институты бір адамға 
жылына 34 кг қырыққабат жеуді ҧсынады. Қырыққабаттың шырыны ӛте 
пайдалы. Қазір дәрі-дәрмек ӛнеркәсібі жас ӛсімдіктен ақ, сары және қоңыр 
тҥсті қҧрғақ шырынды ҧнтақ дайындауда. 
Гүлді, брокколи, брюссель, савой қырыққабаттары
ӛте аз тараған, 
сонымен бірге олар ақ қауданды қырыққабатқа қарағанда дәмді қасиеттері 
жоғарырақ, сіңімді белок пен дәрумені кӛбірек, ӛздеріне назардың әсіресе 
әуесқой-бақшашылардың молырақ аударғанын қажет етеді.
Қырыққабат-екі жылдық ӛсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, 
жапырақтарын және қалданын, екінші жылы гҥл ӛркендерін, бҧршаққындарын 
және тҧқымдарын қалыптастырады.
Қырыққабаттың жемісі-ҧзындығы 8 см дейін болатын екі ҧялы 
бҧршаққын. Тҧқымдары ҧсақ, диаметрі 1,5 мм жуық, тҥсі ашық сҧрдан, қара 
қоңырға дейін ӛзгереді. Мың дәннің массасы 2,5-4 г. ыққабат суыққа тӛзімді 
ӛсімдік. Тҧқымдары 2-3
0
С жылылықта ӛне бастайды. Температура жоғарлаған 
сайын ӛну процесі де жеделдей тҥседі. 11
0
С жылылықта ӛскіндері 10-
11тәулікте, ал температура оңтайлы болғанда 3-4 тәулікте пайда болады. 
Қырыққабат 5
0
С жылылықта тҥптене бастайды, бірақ ӛсуге оңтайлы 
жылылық 15-18
0
С. Оның жақсы шынықтырылған және жерсіндірілген 
кӛшеттері ӛткінші 5-6
0
С бозқырауға шыдайды, ал шынықтырылмаған және 
жерсіндірілмеген кӛшеттері 2-3
0
С бозқырау да зақымданады.
Ақ қауданды қырыққабат
. Ӛсу-даму кезеңінің ҧзақтығына қарай 
қырыққабаттың сорттары 6 топқа бӛлінеді, бірақ Солтҥстік Қазақстанның 
кӛкӛніс шаруашылығында сорттардың ҥш тобын ажыратады: ерте (95-120 
тәулік), орташа (130-145), кеш пісетін (150-170 тәулік). 
Ерте пісетін қырыққабат қарқынды ӛсумен, дамуымен және қауданының 
жедел қалыптасуымен ерешеленеді. Жас кҥйінде пайдалануға ӛсіріледі. 
Сорттары: Точка (гном), Грибовский 147 бірінші номері. 
Орташа және әсіресе кеш пісетін сорттары ірі жапырақтарынан ҥлкен 
дегелек қалыптастырады. Қаудандары ірі, жақсы сақталады, ашытуға 
қолданылады. Орташа пісетін сорттары: Слава Грибовская 231, Слава 1305; 
кеш пісетіндері: Лебяжинская местная, Подарок, Столичная, Русиновка, 


қырыққабат адам азығына ҥлкен мәнге ие, ӛйткені оның қҧрамында ағзаға 
қажетті кӛмірсуы, минералды тҧздар, азотты және басқа да заттар бар. 
Ерте 
пісетін 
қырыққабаттың 
агротехникасы. 
Ерте 
пісетін 
қырыққабатты жеңіл, жақсы жылынатын топырақтарда орналастыру керек. Ең 
жақсы алғы дақылдар-қияр, тамыржемістілер, қызанақ, ерте пісетін картоп. 
Сҥдігерді жыртқан кезде гектарына 40-50 т орташа шіріген кӛңді немесе 
15-20т жақсы шіріген қарашірікті және 4-5ц суперфосфатты енгізеді. 
Топырақта калий жетіспегенде суперфосфатпен бірге 1,2-1,5 ц хлорлы калий 
енгізеді. Кӛктемде культивацияның алдынан гектарына 3,0-3,5 ц амиак 
селитрасын енгізеді. 
Ерте кӛктемде танапқа тырма жібереді, содан кейін культивациямен бірге 
тырмалап, топырақты шығыршықты таптағыштармен тығыздайды. 
Ерте пісетін қырыққабатты тек кӛшетпен ӛсіреді. Ауа райы жағдайына 
қарай аймақтың оңтҥстік аудандарында кӛшеттерді ашық жерге мамырдың 
бірінші он кҥндігінде, солтҥстігінде-мамырдың орта кезінде отырғызады. 
Отырғызуды кешеуілдету оның ӛнімділігін кемітеді және ӛнім жинау мерзімін 
кешеуілдетеді, бҧл ерте пісетін қырыққабат технологиясының экономикалық 
тиімділігін тӛмендетеді. Қыш қҧмырада және қҧмырасыз ӛсірген кӛшеттерді 
―Беларусь немесе ДТ-75 тракторларына тіркелген СҚНБ-4А немесе СҚН-6А 
машиналарымен отырғызады. Қолмен отырғызғанда танапты алдын ала қашау 
табанды культиватормен, танаптың ҧзын бойына 13-14см тереңдікке қарықтар 
жыртады. Кӛшет отырғызар алдында дайындалған учаскенің гектарына 200-
250 м3 су жіберіп суарады. Кӛшетті шапқымен жасалған топырақ ҧясына 
отырғызады. Әрбір ҧяға алдын ала мҧқият араластырылған 200-300 г 
қарашірікті және 10-15г суперфосфатты салады. Ҧядағы органикалық және 
минералдық тыңайтқыштар қырыққабаттың ӛнімділігін едәуір кӛтереді. Қыш 
қҧмырада және топырақ текшесінде ӛсірген кӛшеттерді отырғызғанда ҧяларға 
тыңайтқыштарды салмайды, себебі олар қҧмыраларда бар. 
Қҧмыраларды ҧяларға отырғызғанда олардың кемері топырақ бетінен 2-3 
см тӛмен болуы керек. Қырыққабатты отырғызу тәсілі ӛнімділікке және оның 
жинау мерзіміне әжептәуір әсерін тигізеді. Тәжірибе кӛрсеткендей, 
ӛсімдіктерді оңтайлы жиілігіне дейін жеткізу ӛнімділікті едәуір кӛтереді.
Кӛшетті 
қажетті 
тереңдікке, 
алғашқы 
кәдімгі 
жапырағына 
дейін,отырғызу - ӛте маңызды. Саяз отырғызылған ӛсімдік нашар 
бекиді,топырақта жеңіл орналасады және оңай сынады. Қазіргі кезде ерте 
пісетін қырыққабатты тӛмендегі тәсілмен отырғызады: қатар аралығы -70 
см,қатардағы аралық 30 см. Бір гектарға 47,6 мың ӛсімдік отырғызады. 
Отырғызғаннан соң ізінше кӛшетті судың аз мӛлшерімен -250 -300 м
3
/га 
суарады. 4-5 тәуліктен кейін шықпай қалған ӛсімдіктердің орнына жаңа 
кӛшеттер отырғызады. Отырғызуға шымыр, жақсы жетілген кӛшетті, тамырға 
жабысқан топырағымен бірге алады, ең дҧрысы топырақ текшесінде ӛсірген 
кӛшет болады. Топырақ тығыздалғанда қатараралықтарын КРН-2, 8МО, 
КРСШ-2, 
8А, 
КОР-4,2 
немесе 
ФПУ-4,2, 
ФПН-2,8 
фрезерлі 
культиваторларымен ӛңдейді. Қатараралықтарын әрбір суарудан немесе кҥшті 


жаңбырдан кейін қопсытады. Жиі суарғанда культивацияны бір суарудан кейін 
ӛткізеді. Бірінші рет таяз 5-6 см қопсытады, кейінгі ӛңдеулерден тереңдігін 10-
14 см дейін жеткізеді.. Ӛсімдіктер қатараралықтары жапырақтарымен 
жабылғанда топырақ ӛңдеуді тоқтатады. Қырыққабаттың дамуының бас 
кезінде арамшӛптермен қатты ластанатынына байланысты, ӛсімдіктердің 
қатарларында отау жҧмысын 2-3рет қолмен жҥргізеді немесе гербицидтерді 
қолданады. 
Ерте пісетін қырыққабатты орта есеппен 10 кҥн сайын суарады, ал ауа 
райы ыстық болғанда 6-7 кҥн сайын. Жалпы бҧл ӛсімдікті ӛсу- даму кезеңінде 
8-10 рет суарады. Алдыңғы ҥш суарудың гектарлық су мӛлшері 250-300м
3
болса, соңғыларын 400-450 м
3
жеткізеді. Жеңіл қҧмдақ топырақтарда суаруды 
жиі жҥргізеді, бірақ аз мӛлшерімен- 300-350 м
3
/га. Қырыққабаттың ӛсу- даму 
кезеңіндегі суару аралықтарының ҧзақ ҥзілістері қолайсыз әсерін тигізеді, 
әсіресе ауа райы ыстық болғанда.
Ерте пісетін қырыққабат ҥстеп қоректендіруді жақсы қабылдайды. Оны 
екі рет қоректендіру керек: біріншісін кӛшет отырғызғаннан 10-15тәулік ӛткен 
соң, бҧл кезде олар орнығады және ӛсімдіктер ӛсе бастайды, екіншісін –
қаудандары қалыптаса бастағанда. Бірінші қоректендіргенде әр гектарға 0,5-
0,8ц аммиак селитрасы, бір центнер суперфосфат және 0,3-0,4ц хлорлы калий 
енгізеді. Екінші ретте 1-1,5ц аммиак селитрасы, бір центнер суперфосфат және 
0,5ц хлорлы калий ерітінді тҥрінде немесе суарудың алдынан қҧрғақ кҥйінде 
енгізеді. Бірінші рет қоректендіргенде қҧрғақ тыңайтқыштарды, ӛсімдіктердің 
қатарының екі жағынан, тамырларын зақымдамау ҥшін ӛсімдіктен 10см алшақ 
6-8см тереңдікке, ал екінші ретте қатараралықтың ортасына 10-15см тереңдікке 
енгізеді. 
Сҧйық тыңайтқыштар жаңбырлатқыш машиналарға орнатқан арнайы 
қондырғылар арқылы бҥркіледі. Бірақ бірінші рет қоректендіргенде 
тыңайтқыш ерітіндісінің концентрациясы 0,75%, ал екінші ретте 1% аспауын 
қадағалау керек. Минералды тыңайтқыштардың орнына қҧс саңғырығы және 
сҧйытылған сиыр қиын енгізу жақсы нәтиже береді. Бірінші рет қҧс 
саңғырығымен қоректендіргенде, гектарына 3-4ц, екінші ретте 5-6ц, 
сҧйытылған сиыр қиын тиісінше 1,5 және 3т енгізеді. 
Ерте пісетін қырыққабат бір мезгілде піспейді. Сондықтан оларды 
пісуіне қарай 3-4 рет таңдап қаудандарын пышақпен кесіп алады. Салмағы 0,4 
кг-ға жеткен қаудандар ӛткізуге жарамды деп саналады, оларда ластанудан 
және тасымалдағанда зақымданудан сақтайтын 2-3 жасыл жапырақтары болуы 
керек. Ерте пісетін қырыққабаттың ӛнімін жарым жартылай механикаландыру 
ҥшін ТН-12 ілінгіш транспортерді қолданады. 
Шілде айындағы жиналған ерте пісетін қырыққабат, ӛсу-даму кезеңінің 
соңында 
тыныштық 
қалпындағы 
қолтық 
бҥршіктерінен 
қаудан 
қалыптастырып, екінші ӛнім беру қабілетіне ие. Сол ҥшін негізгі ӛнім жинау 
кезінде қаудандарды байқап кесіп, жапырақтарын сақтап қалады. Алғашқы 
ӛнім жиналғаннан соң қырыққабат танабын мол сумен суарады және 
қоректендіреді. 15-20 тәуліктен кейін бҥршіктері ӛсе бастағанда ӛсімдіктерде 


2-3 ең жақсы жетілген бҥршіктерін қалдырып, басқаларын жҧлып, 
қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет