«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Рапс майын алу технологиясы



Pdf көрінісі
бет109/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

7.6 Рапс майын алу технологиясы 
Май алуда майсыққыштық тәсілді қолдану. Соңғы жылдары Қазақстан 
Республикасында майлы ӛсімдіктерден май шығару ӛндірісі екі есе ӛсіп, ал 
кейбір облыстарда ҥш есеге жетіп отыр. Ал бірнеше облыстарда олардың 
кӛлемі дәнді дақылдармен бірдей (мысалы Солтҥстік Қазақстан облысы). Бҧл 
кӛрсеткіш ӛсімдік майын пайдалану деңгейі, ӛндіру деңгейінен тӛмен қалып 
бара жатқанын кӛрсетеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері 
бойынша импортқа шығаратын ӛсімдік май мӛлшері 60 млн. долларға жетті. 
Бҥгінгі таңда әлемде ӛсімдік майын ӛндірудің, 70 – 80 % ірі арнайы 
майсыққыш зауыттарда ӛндіріледі. Олардың негізгі тәсілі майлы ӛсімдік дәнін 
тазалап, майдалап арнайы тізбекті буландырғыштарда жеңіл еріткіш 
сҧйықтықтармен ерітіп бӛлініп алады. Ал жергілікті шағын және орташа 
кәсіпорындарда ӛсімдік майының 20 – 30 % ӛңдеуден ӛткізіледі. 
Қазақстан Республикасында ірі арнайы майсыққыш зауыттар санаулы 
ғана болғандықтан, еліміздің кӛп жерлерінде май дәнін алысқа тасымалдап 
кӛлік шығыны кӛп жҧмсалады. Сондықтан ӛз қҧны 25 – 30 % кӛбейеді. 
Қазіргі кезде республикамыздағы негізгі ӛндірісінде қолданыста жҥрген 
Ресей мен Қытай майсыққыштары. Олардың артықшылық және кемшілік 
жақтары да бар. Мысалы, елімізде кең таралған Ресей майсыққыштарының – 
олар ӛте қарапайым жасалған, пайдалануға ыңғайлы. Бірақ олар майды аз 
шығарады, сапасы тӛмен және энергияны кӛп жҧмсайды. Қытай 
майсыққыштары майды кӛп шығарады, бірақта олардың шнектері баяу 
айналатын болғандықтан майлы дәнді алдын ала қыздырып уақтауды керек 
етеді. Оралмалы шнектерінің жҧмыс істеуі 40 – 60 сағатқа ғана жарайды. Содан 
кейін оларды алмастыру керек. Ал біздің жағдайымызда ол қиындық 
тудырады. 
Әлемдегі жаңа технологияның бірі экструзиялық технология болып 
отыр. Оның артықшылығы май шығаруға керекті қосымша жҧмыстар (ҧсақтау, 
булау, жылу сору және қысу) бір машинада істелінеді. Бҧл тез айналатын 
шнектің 
кӛмегімен 
жасалынады. 
Шнек 
орамаларының 
айналымы 
қозғалысының ең тиімді айналу жиілігі n = 300 – 550 айнал/мин аралығында 
болады. 


Елімізде май ӛндірудегі экономикалық тиімді әдісі негізінен кіші және 
орта кәсіпорындарда болғандықтан келешекте сағатына 100 – 250 кг ӛнім 
беретін майсыққыштар сҧранысқа ие болып отыр.. 
Майлы дәнді майдалаудың май сығуда тиімді екені белгілі. Ал тез 
айналатын шнекті майсыққыштарда ірілеу етіп майдалау шнек орамаларының 
май дәніне ҧрылуынан болады және ол ары қарай сығылуға ҧласады. Демек, 
тез айналу кезіндегі екпінді кҥштің әсері энергетикалық ҥнемділігін 
арттырады.
Ӛсімдік майларын ӛндіруде Қазақстан мен Ресей ӛзінің мҥмкіншілігін 
толық пайдаланбай -50 пайызға дейін оны шетелден тасымалдайды. Бір адам 
басына шаққанда Қазақстанда ӛсімдік майлары 14,1 доллар, Ресейде 31,5 
доллар және Батыс Европада 50,5 доллар тҧрады. Сондықтан тағамдық маймен 
елді қамтамасыз ету ҥшін, ӛсімдік майлардың маңызы және ролі ӛте зор,
себебі жоғарғы сапалы май ӛнімінің сҧранысын, тек қана ӛсімдік майлары 
арқылы қамтамасыздандырады.
Рапс дәнін нығыздау және экстракциялау арқылы алады. Оны екі тҥрде 
шығарады: тазартылган дезодоранталмаған /сортка бӛлінбейді/ және 
тазартылмаған бірінші және екінші сорттар. Тазартылған дезодоранталмаған 
бірінші сорт және тазартылмаған екінші сорт техникалық мақсатта 
пайдалануға жіберіледі. 
Органолептикалық және физикалық-химиялық сапа кӛрсеткіштері 
МЕМ СТ 8988-77 "Рапс майы. Техникалық шарт" /код ОКП 314123, ТН ВЭД 
1514/ талаптарымен шектеледі. 
Тазартылған рапс майының кепілдік сақталу мерзімі, жасалған кҥннен 
бастап бір жыл. Ӛсімдік майын ӛндіру негізі екі топтан тҧрады: майларды 
шығаратын шикізаттан - кҥнбағыс, мақта, майбҧршақ , рапс т. б. және тазарту
әдістерінен (рафинациялау) – фильтрлеу, гидраттау, тазарту, дезодорантау т.б.
Жоғарыда айтылғандай ӛсімдік майын екі әдіспен- нығыздау немесе 
экстракциялау арқылы алынады. Нығыздап алуда майды шнекті 
нығыздағышта қысыммен бӛледі. Экстракциялық тәсіл майды бензинмен 
ерітіп, әрі қарай су буымен дистиляциялау арқылы бӛлуге негізделген.
Экстракталған май тағамға арналған болса міндетті тҥрде тазартылады 
және дезодоранттылады (1,2-схема ). 
Технологиялық операциялар 
Тазалау 
Ӛлшемі және ылғалдылығы бойынша 
желдету 
Қопару 


Қабықтардан дәнді бӛлу 
Майдалау 
Қуыру 
Форпресстеу 
Соңғы майсыздандыру 
Экспеллирлеу 
Сығынды 
Тазарту 
Қҧю 
Буып-тҥю, таңбалау 
1-схема. Ӛсімдік майларын ӛндіру ( толық тазартылмаған) 
Шикі май 
Механикалық қоспалардан тазарту; 
тҧндыру, сҥзу 
Гидратация 
Сілтілі тазарту, бейтараптау 
Майды жуу және кептіру 
Адсорбциялық тазарту 


Дезодорация 
Тазартылған май 
2-схема. Ӛсімдік майын толық тазарту схемасы 
Ӛсімдік майлар тазарту әдісіне байланысты бӛлінеді: тазартылмаған
механикалық тазартудан ӛткен май ( сҥзу арқылы, центрифуга әдісін пайдалану 
немесе тҧндыру; гидратталған май –ыстық сумен (70
0
С) тозандырылған, ыстық 
майдан (60
0
С) ӛткізілген; тазартылған май ( рафинированное) сілтемен 
ӛңделген, майдың тҥсі мӛлдір, тҧнбасыз, ӛзіне тән дәмі және иісі; 
дезодоратталған май (дезодорированное) – қҧрғақ ыстық пармен 170-230

С 
ӛңделген вакуумда. Май тҥссіз, мӛлдір болады.
Стандарт бойынша органолептикалық және физикалық-химиялық 
кӛрсеткіштеріне қарай ӛсімдік майлар сорттарына бӛлінеді. Тазартылған май бір 
сорт пен шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет