«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет95/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Күріш.
 
Кҥріш

бағалы әрі дәмді, әрі сіңімді.жармалық дәнді дақыл. 
Кҥріш – астық тҧқымдастарының бір туысы. Оның 20-ға жуық тҥрі бар. Екпе 
кҥріш – биіктігі 60-150 см, бір жылдық ӛсімдік. Ол негізінен тропикте, 
субтропикте таралған. Кҥріш Қазақстанның суармалы оңтҥстік аудандарында 
ӛсіріледі, масағы бір гҥлді не қылтанақты немесе қылтанақсыз тҥрлері де 
кездеседі. Ал аталығы–6, жемісі қабықты дәнек, піскенде тӛгілмейді, кҥріш 
ӛздігінен және айқас тозаңданады, іріктемесіне байланысты ӛсу кезеңі 90-130 
кҥнге созылады, ол жылуды, суды кӛп қажет ететін дақыл. Кҥріштің бірнеше 
іріктемелі тҥрі бар. Кӛбірек тарағаны ерте пісетін Алакӛл іріктемесі.
Ол Қытай, Ҥндістан, Корея, Вьетнам және басқа елдердің халықтары сҥйіп 
жейтін тағамы. Басқа дақылдармен салыстырғанда кҥріште белок аздау 6,0-11,2 
процентке дейін ғана, ал басқа заттар – крахмал 58-80, қант 1,5-3,0, клетчатка 9-
12, май 2-5, минералдық заттар 5-7 процент шамасында болады. 
 
Кҥрішті ақтағанда одан сақ тҥседі. Одан спирт, футин, арақ, сыра, 
дәрігерлік крахмал және пудра алуға болады. Кҥріштің кебегінде белок, май, 
витаминдер, фосфорин заттар-футин, лецитин сияқты адам және малдың 
денсаулығына керекті заттар кӛп. Сондықтан оны малға жем ретінде 
пайдаланады.
Кҥріш майы майлықышқыл қҧрама бойынша тәуір тамақ (салат) 
майларының, яғни, арахис, атвна және басқалары сияқты тҥрлеріне жатады. 
Тазартылған тҥрде бҧл май кондитер заттарын, майонез, әр тҥрлі санаттар, мен 
соустар дайындауға пайдаланылады.
Кҥріш дәнді дақылдар тҧқымдасына жатады, Егістік кҥріш, біржылдық 
ӛсімдік. Тамырында ауа ҧстайтын тҥтікшелері бар. Гҥл шоқтары сіңсібас. 
Кҥріш ӛзімен-ӛзі және айқас тозаңданатын ӛсімдік. Кҥріштің крахмалы 
кӛбінесе аминопектиннен тҧрады. Сондықтан ол йодпен болғанда қоңыр тҥске 
боялады. Кҥріштің ауыл шаруашылығындағы маңызы ӛте зор. 
Кҥріштің аршылмаған дәнін қазақша шалы дейді. Ол ортасында сайы жоқ, 
қабықты, қабығының сырты және ішкі дәні де қырлы-қырлы болады. 
Қабығынан айырғаннан кейін алынған дән сопақтау келеді, тҥсі әртҥрлі, ҧзыны 
4,4-10,0 мм, кӛлденеңі 2,3-4,0 қалыңдығы 1,3-2,8 мм арасында болады. 
Эндоспермі шыны немесе ҧн тәрізді болады. Қазіргі егіліп жҥрген сорттарының 
эндоспермінің шынылығы 90 процентке жақын. Дәні ҧрықтан және 
эндоспермадан тҧрады. Дәннің тҥсі әр тҥрлі - ақ кҥміс тәріздес, қызыл, 
кҥңгірт-қоңыр және қара болып келеді. 


Дәннің пішіні де әртҥрлі — ҧзынша және жіңішке, қысқа және дӛңгелек. 
Ҧрық эндосперманың тӛменгі шетінде, қуыста тӛменгі гҥл қауызы жағына 
қарай орналасқан. 
Дәнектегі гҥл негізі ҧрық пен эндосперм арасында орналасқан. Гҥл 
негізінде физиологиялық активтік ткань — ферменттер бар. Тҧкым ӛсерде осы 
ферменттер әсерімен эндоспермдегі қоректік заттар ӛңделіп ҧрыққа беріледі. 
Дәнек салмағының 2-3,5 проценті ҧрыққа жатады. Ҧрықтың салмағы кӛбейген 
сайын оның қуаты да артып, соның арқасында вегетацияның алғашқы ӛсу 
дәуірінде кездесетін әртҥрлі қолайсыз жағдайларға тӛзімділігі кҥшейеді. Дәннің 
кӛпшілік бӛлігі эндоспермдегі қоректік заттар қорынан тҧрады. 
Кҥріш – азықтық дақылдардың бірі. Кҥріштің жармасы ӛте дәмді, ағзаға
сіңімді дәнінен ҧн, крахмал, спирт, фитин В дәрумені алынады. Оның 
сабағынан қағаз, картон, қалпақ, жіп жасалады, себет, бойра тоқиды. Қазба 
қалдықтардан алынған таңбалар кҥріш отанының Оңтҥстік – Шығыс Азия 
екені дәлелденді. 
Кҥріштің сабанынан жоғары сортты қағаз, қҧрылыс материалы, арқан, 
қап жасалады. Сондай-ақ, одан әр тҥрлі сәнді қалпақ, ҥйде киетін жеңіл аяқ 
киім, еденге тӛселетін шағын кілемдер, әшекей бҧйымдар, балалардың 
ойыншықтары жасалады. 
Кҥріштің 1 кг сабанында 0,25 малазықтық ӛлшем болғанымен, ол нашар 
қорытылады. Бірақ, концентранттар қосылса, оны мал азығы ретінде 
пайдалануға әбден болады. 
Кҥріш егісі негізінен Қызылорда облысында орналасқан. Сонымен қатар, 
ол Алматы облысының Балқаш (Ақдала алқабы), Қаратал аудандарында және 
Оңтҥстік Қазақстан облысының Шардара ауданында негізінен сҧр топырақты 
жерлерде ӛсіріледі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет