Сұлы
–
халық шаруашылығының барлық саласында кеңінен пайдаланатын
ӛте қҧнды дақыл, әрі ӛсімдік белогы, майы және крахмалдың қайнар кӛзі. Сҧлы
белогында адамдар мен жануарлар ағзасына ӛте қажетті ауыстырылмайтын
лизин, аргинин, триптофон сияқты амин қышқылдары кездеседі. Сондықтан
сҧлының белогы бидай мен арпанікіне қарағанда қҧнды болып саналады.
Сҧлының халық шаруашылығындағы пайдасы ӛте зор. Сҧлы дәнінен
жҧғымдылығы жоғары, жеңіл, сіңімді жарма, жаншыма, ҧн, талқан жасалып,
кӛптеген диеталық және балалар тағамы дайындалады және спирт алынады.
Сҧлы дәні жылқы малы ҥшін, әсіресе тӛлдер мен қҧстарға және мал
бордақылауда таптырмайтын азық болса, қалған мҥшелерін кӛк азық, шӛп
ҧнтағы, тҥйіршік, сҥрлем, пішен, мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Дҥние жҥзінде сҧлының егістік кӛлемі 50 млн га болса, Қазақстанда 250
мың га, яғни дәнді дақылдардың ішінде тӛртінші орын алады. Қазақстанда сҧлы
егістері қоңыржай климатты солтҥстік облыстарда және оңтҥстік ӛңірінің
таулы аймақтарында кеңінен ӛсіріледі. Сҧлыдан жарма, жаншыма алуға, не
болмаса жемге жарамдылығын ол толық піскен соң, ору кезеңінде тҧрған
кезінде анықтайды. Мҧнда оны сыртқы кӛрінісіне қарай Москва, Харьков,
инетәрізді және ҧзынқауызды деп бӛледі.
Москва типті - сҧлының дәні ірі, жалпақ, жуан, белі бҥкірлеу, ақ не сары
тҥсті болады. Дән қауызының жоғарғы басының аузы ашық болады, ядросы
оның ішінде бос жатады.
Харьков типі – жіңішкерек, сары тҥсті, жоғарғы басы жабық, оның ішінде
ядросы бос жатады. Бҧл екеуінің қауызы тез аршылады. Сондықтан оларды
жарма алуға пайдаланады.
Инетәрізді тип – жіңішке, ҧзын, тҥзу, жоғарғы басы ҥшкір, ақ, сары тҥсті
болады. Ҧзынқауызды типтің дәні Харьков типіне ҧқсас, бірақ қауызы ӛте
ҧзын, оның ішінде ядросы бос жатады. Бҧл екеуін кӛбінесе малға жем ретінде
пайдаланады.
Қазақстанның
сҧлы
ӛсірілетін
аймақтарындағы
топырақ-климат
жағдайларының ӛзгешеліктері бҧл дақылдың селекциялық жҧмыстарының
негізгі бағыттарын анықтайды.
Сҧлының дәндік сорттарына жоғары ӛнімділік, дән қабыршығының
жҧқалығы, тез тҥсуі, жатып қалуға, тӛгілуге, қҧрғақшылыққа, аурулар мен
зиянкестерге тӛзімділігі, жемдік және жармалық сапасының жақсы болуы,
экологиялық бейімділігіне жалпы талаптар қойылады. Сҧлы сортының
биологиялық қасиетіне және ӛсіп шығу ортасына байланысты сҧлы дәнінің
қҧрамында белок мӛлшері 7 пайыздан 26 пайызға дейін болады, оның
қҧрамында адамға және малға керекті барлық амин қышқылдары бар.
Сҧлы - дәнді дақылдар тҧқымдасына, сҧлы (Avena) тегіне жатады,
тҥрлері аз, ТМД мәдени ӛсімдіктері кітабында (1935) 16 тҥрі бар деп
кӛрсетілген. Оның ҥшеуі – мәдени, басқасы жабайы немесе арам шӛптер.
Мәдени сҧлыға – Егістік сҧлы (Avena sativa), Византия (A.Virantina), және Қҧм
(A.Strigora) сҧлылары жатады. ТМД – да тек егістік сҧлы ӛседі. Ӛзбекстанда,
Әзірбайжанда аздап Византия сҧлысы кездеседі.
Сҧлының дәні негізінде қабықты, жалаңаш дәнді тҥрлері де аздап
кездеседі.
Сҧлының жақын туысы қара сҧлы (Avena fatua) ӛте қауіпті және жайылып
кеткен арамшӛп. Оңтҥстікте - оңтҥстік қара сҧлысы ӛседі. Оңтҥстік қара сҧлы
дәнінің тҥп жағында таға сияқты таңбасы бар. Сондықтан піскеннен кейін
тӛгіліп кетеді. Ал басқа (Avena fatua) қара сҧлысының тізе сияқты бҥгілген
қылтығы бар. Ол тізенің тҥп жағы спираль тҥрде ширатылып біткен. Су тисе,
таңертең шық тҥскенде ол тарқатылады, ал кҥндіз кепкенде қайта ширатылады
да ӛзінің тҥскен жерінен алыс жҥріп кете алады. Сондықтан қара сҧлы далада
қозғалып жҥреді деп те айтады.
ТМД – да мәдени сҧлының ҥш тҥрі тараған. Олар: мутика, ауреа,
аристата. Олар бірінен бірі сіңсібастарының қҧрылыстарына қарай ажырайды.
Олар жан – жағына шашылған немесе атжалды сіңсібасты, жалаңаш немесе
қабықты сҧлы болып бӛлінеді. Дәндерінің тҥсі – тҥгі де әртҥрлі – ақ, не сары
болады. Оның ішінде қызғылт тҥстілер де кездеседі.
Сҧлы егісі жатып қалса оның дәні сарғайып кетеді. Егер ақ сҧлы мен сары
сҧлыны айыру қиын болса, оны азот қышқылының 10 процентті қоспасына 10
минутқа салып, содан кейін кептірсе, 18 сағаттан кейін ақ сҧлы ақшыл қоңыр,
сары сҧлы – ашық сары болып ӛзгереді. Кейде піспей жиналған сҧлы кӛк
болып кӛрінеді.
Сонымен қатар сҧлының бір жылдық – екпе тҥрлері және кӛп жылдық –
шабындық, дала шӛбі сияқты тҥрлері (кездеседі) болады. Кӛп тараған тҥрі екпе
сҧлы. Сҧлының биіктігі 60-100 см, гҥл шоғыры масақ, тҧқымы дәнек.
Вегетациялық дәуірі 80-100 кҥн, ылғал сҥйгіш, тҧқымы 1-2
0
С – та кӛктейді,
кӛгі 7-8
0
С қысқы мерзімді суықты кӛтереді. Ӛсіп - ӛнуіне ең қолайлы
температура 15-22
0
С. Ӛздігінен тозаңданады, айқас тозаңдануы ӛте сирек
кездеседі. Шымды кҥлгін топырақта, орманның сҧр топырағында, қара
топырақта жақсы ӛседі, қҧмды топырақта да ӛсуге бейім.
Сҧлы – мал азығы ҥшін егілетін негізгі дәнді екпе дақыл. Сабаны, кӛк
балаусаны жақсы мал азығы; бҧршақ, жем бҧршақ, ноғатық, сиыр – жоңышқа
аралас пішен алуға, сҥрлемге салуға болады. СССР – де, АҚШ, Канада,
Польша, ГФР – де кӛбірек егіледі.
Сҧлы – бағалы азықтық, жемшӛптік әрі дәрілік ӛсімдік. Сҧлыдан жарма,
жаншыма, ҧн және спирт алады. Оның дәні қҧрамында белок жеткілікті
мӛлшерде, ауыстырылмайтын амин қышқылдары толық, крахмал 21-50%,
витамин В
1
(тиамин-4,5-8,0 мг/кг), В
2
(рибофлавин – 1,05-1,50 мг/кг), кҥл – 3,6-
4,1%. Сондықтан оның дәнінен дайындалған ҧнды диеталық және балалардың
тамағының қҧрамына ем-дәмдік дәрі ретінде кӛп қосады. Оның ҧны, печеньесі
жас организмге ӛте керекті толық бағалы белоктарды кӛп ҧстайды. Малдың жас
тӛліне де ӛте қажет. Лизинді 0,8-1,92, кейде 8,0 процентке дейін ҧстайды. Сҧлы
тағамдарын АҚШ, Англия сияқты елдерде тамаққа кӛп пайдаланады. Сҧлы
жармасын тамақ ретінде пайдаланылған ретте адам денесінде майдың
байлануын - жиналуын азайтады, ал бҧлшық ет тканьдарын кӛбейтеді..
Сондықтан АҚШ, Германия, Англия, тағы басқа елдерде сҧлы жармасын
тамаққа жиі пайдаланады.
Сҧлы егіс кӛлемі бойынша 5–ші орында. Оның барлық егістігінің
жартысы АҚШ – та егіледі, ал ТМД сҧлы егісінің кӛлемінен 3-ші орында.
Біздің елде сҧлының бір гектарынан алынатын ӛнім 20-30 центнер және одан да
жоғары болады. Сҧлы жылы және ылғалды аудандарда жақсы ӛседі. Сондықтан
Прибалтика және соған жақын аудандарда кӛп тараған. Аздаған аязға да
тӛзімді, тамыры жер қыртысында терең орналасқан. Сондықтан су мен қоректік
заттарды жердің тӛменгі қабаттарынан тартып ала алады.
Сҧлы дәнінің ҧзындығы 8-16 мм-ге дейін, кӛлденеңі 1,4-4,0 мм,
қалыңдығы 1,2-3,6 мм болады. Қабықтары 20-30 процентке жетеді. Бҧл дәнінің
ірілігіне байланысты болады. Ҧрығы ірі – 3-4 процент, алейрон қабаты екі
қатары клеткалардан тҧрады – 6-8 процент, эндоспермі ҧн тәріздес дәннің 50-55
процент кӛлемін алып жатады. Бір литр дәнінің массасы 460-510 г/л. Дәннің
химиялық қҧрамы: белок 9-19 %, крахмал 31-51 %, клетчатка 8-19 %, май 3-
7 %, минералдық заттар 3-5 % және витаминдер болады. Кейбір сорттарда
дәнінің майлылығы 11 % дейін жетеді.
Қазақстанның
сҧлы ӛсіретін аймақтарындағы топырақ климат
жағдайларының ӛзгешеліктері бҧл дақылдың селекциялық жҧмыстарының
негізгі байыптарын анықтайды. Дегенмен сҧлының дәндік сорттарына жоғары
ӛнімділік, дән қабыршағының жҧқалығы, тез пісу, жатып қалуға, тӛгілуге,
қҧрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге тӛзімділік, жемдік және жармалық
сапасының жақсы болуы, экологиялық бейімділік тағы сол сияқты жалпы
талаптар қойылады.
Сҧлының әр гектарына 30-45 кг N, 45-60 кг Р
2
О
5
және
К
2
О
тыңайтқыштары шашылады. Тҧқымын себу кезінде тҥйіршікті суперфосфатпен
әр гектарына 10-15 кг-нан тыңайту, дән ӛнімін гектарына 2,5-3 ц арттырады.
Тҧқымы қатарлап себіледі. Қатар аралығы 15 см, тар қатарлы болса- қатар
аралығы 7,5 см және бҧл жақсы нәтиже береді. Гектарына 1,8-2,5 ц тҧқым
себіледі. Тҧқымды ылғалы жеткілікті жерде 3-4 см, сазды қҧмды топыраққа
және қуаң ауданда 5-6 см тереңдікке себеді. Сҧлыны Батыс, Шығыс, Сібір,
Қазақстанның солтҥстік облыстарында мамырдың екіңші жартысында еккен
нәтижелі. Сҧлы 8-10 кҥнде кӛктеп шығады. 3-4 жапырақты сатысында
(кӛктегеннен кейін 7-9 кҥн) тҥптенеді. Сҧлы біркелкі піспейді, сондықтан
жоғарғы масақ дәндері толық пісе бастағанда, бӛлектеп ору әдісімен орылады,
комбайнмен тікелей оруға да болады.
Сҧлының аса қауіпті және ӛнім тҥсіміне айтарлықтай шығын келтіретін
патогендері ретінде тат және қара кҥйе ауруларының қоздырғыштары жатады.
Аудандастырылатын сорттардың және селекциялық материалдардың бҧл
аталған ауруларға тӛзімділігі мемлекеттік сорт сынау инспекциясының
талаптарымен қадағаланады. Соңғы ғасырда жҥргізілген фитопатологиялық
және селекциялық ізденістердің нәтижесінде бҧл ауруларды қоздыратын
патогендердің биологиясы мен сҧлының тӛзімділік генетикасы жақсы
зерттелген деуге болады. Ауру қоздыратын патогендер популяциясының
экологиялық топтарының вируленттік ерекшеліктері физиологиялық нәсілдер
деңгейінде зерттелген. Коллекциялық сорттық ҥлгілердің ішінде тӛзімділік
қасиетінің кӛптеген донарлары анықталған. Бҧл жетістіктер сҧлының
тӛзімділік селекциясын ғылыми тҧрғыда қалыптастыруға негіз болды.
Сҧлы
– халық шаруашылығының барлық саласында кеңінен
пайдаланылатын дақыл, әрі ӛсімдік белогы, майы және крахмалының қайнар
кӛзі, қауызды сҧлы дәнінде 8-10 % ӛзек болады. Сҧлы белогы адам мен
жануарлар ҥшін қажетті барлық ауыстырылмайтын, оның ішінде әсіресе, лизин,
аргинин және триптофон сияқты амин қышқылдарынан тҧрады. Дәнінен
жҧғымдылығы жоғары, жеңіл, сіңімді жарма, ҧн, талқан жасалып, кӛптеген
диеталық және балалар тағамдары дайындалады. Сҧлы дәні жылқы малы ҥшін,
әсіресе тӛлдер мен қҧстарға таптырмайтын қҧнарлы азық болса, қалған
мҥшелерін кӛк азық, шӛп ҧнтағы, тҥйіршік, сҥрлем, пішен, мал жайылымы
ретінде пайдаланады.
Сонымен сҧлы бағалы азықтық, жемшӛптік және дәрілік ӛсімдік,
сондықтанда адамдардың бауыр ауруларын жазу ҥшін, сонымен бірге тӛрт
тҥлік малдың барлығына да жем ретінде сҧлы дәнін беру керек, ал бҧл олардың
бауырының жҧмысын жақсартады, нәтижесінде экологиялық таза ет, сҥт, тағы
да басқа мал шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіруге болады. Аталған жағдайларға
байланысты сҧлы дәні және жармасы коммерциялық сҧранысқа ие. Сондықтан
сҧлы дақылының егіс кӛлемін ҧлғайтып, оның селекциялық ӛсіру
технологиясын зерттеп тҧжырымдау және жетілдіріп ӛндіріске енгізудің мәні
зор.
Достарыңызбен бөлісу: |