Өнімді жинау.
Кҥздік бидай
Республиканың оңтҥстік және оңтҥстік-шығысында бҧл дақыл жаздың
ортасында - шілде айында толық пісіп ҥлгереді. Сондықтан, кҥздік бидайды
комбайнмен тікелей шауып бастырады. Ал, егер кҥздік бидай себілген танапта
арамшӛптер кӛп болса, онда даңылды екі сатылы әдіспен жинайды. Алдымен,
дәннің қамырлану сатысында астық шабылып дестеге тҥсіріледі, содан 4-5 кҥн
ӛткен соң дестедегі астық жиналып, бастырылады.
Алгы дақыл.
Жаздық бидайдың ӛнімділігіне, оның дәнінің сапасына алғы
дақылдардың тигізетін әсері зор. Кӛптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің
зерттеулері мен озық шаруашылықтардың тәжірибелерінің нәтижелеріне
қарағанда, таза және ықтырма сҥрі жерлер, сҥрлемдік жҥгері, бір жылдық
шӛптер қоспалары, картоп, кӛп жылдық шӛптер жаздық бидай ҥшін қолайлы
алғы дақылдар болып саналады.
Қазақстанда жаздық бидай егісі негізінен солтҥстік облыстарда
орналасқан. Аталған аймақтарда алғы егіс ретінде таза және ықтырма сҥрі
жерлердің алатын орны ерекше. Бҥл ӛңірлерде жауын-шашынның жылдық
мӛлшері аз. Сондықтан, мҥнда ылғал жинау басты мәселе. Ал, сҥрі жерлерде
басқа алғы дақылдарға қарағанда ылғал мол жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: