«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет88/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Күздік бидай
–негізгі егіс кӛлемі еліміздің оңтҥстік және оңтҥстік-
шығысында орналасқан Алматы, Жамбыл, Оңтҥстік Қазақстан, Қызылорда 
облыстарының тәлімі және суармалы жерлерінде егіледі. Кҥздік бидайдың 
жаздық бидайға қарағанда ӛнімділігі жоғары, себебі, дақыл кҥзде және ерте 
кӛктемде тҥсетін жауын-шашынды ӛте тиімді пайдаланады. 
Бидай негізінен тамақ ӛнеркәсібінде қолданылады. Ӛндірілетін ҧнның 
сапасына байланысты жҧмсақ бидай кҥшті, орташа және нашар болып ҥш топқа 
бӛлінеді; 
1.
Кҥшті бидайда ақуыз мӛлшері 14%, шикі клейковина - 28%, мӛлдірлігі 
(шынылығы) 60% -дан кем болмауы тиіс. Ондай бидай ҧнынан ӛте 
сапалы нан пісіруге болады. 
2.
Егер дәнде ақуыз 11-13,9%, шикі клейковина 25-27% болса, ол орташа 
сапалы бидайға жатады, ондай бидайдан кҥшті бидай ҧнын қоспайақ 
тәуір нан пісіруге болады. 
3.
Егер де бидай дәнінде ақуыз 11% -дан тӛмен, клейковина 25% -дан кем 
болса, ондай бидайдың сапасы нашар болып саналады. Оның наны 
жӛнді кӛтерілмейді, сапасы тӛмен болады. Бҧл бидайдың ҧнынан 
жақсы нан алу ҥшін, оған кҥшті бидайдың ҧнын міндетті тҥрде қосу 
керек. 
Кҥздік бидай жаздық бидайдан 10-15 кҥн ерте піседі. Сондықтан ол 
ауылшаруашылық жҧмыстарын қарбалассыз ҧйымдастыруға ҥлкен жеңілдік 
туғызады. 
Қазақстанда ӛсірілетін барлық кҥздік бидай сорттары бидайдың жҥмсақ 
тҥріне жатады. 
Республикада аудандастырылған кҥздік бидай сорттарының кӛпшілігі - 
жергілікті селекция сорттары. Кең тараған сорттарға Безостаямен қатар, 
Қазақстан ғалымдары шығарған Богарная-56, Опакс, Қарлығаш, Жеті-су, 
Алматы, Стекловидная-24, Красноводопадская-210, Казахстанская-10, тағы 
басқа сорттарды айтуға бола-ды. 
Сыртқы ортаға қойылатын талаптар. 
Кҥздік бидай тҧқымы 1-2 °С-та 
ӛне бастайды, ал жылдам ӛну ҥшін 12-15 
0
С қажет. Жылу және ылғал жеткілікті 
болған жағдайда тҧқым жер бетіне 7-9 кҥнде шығып ҥлгереді. Топырақта ылғал 
жеткілікті болса, кҥзде тҥптеніп, шынығу сатыларынан толық ӛтеді. Кҥздік 
бидай кӛктемде қайта тҥптенеді. Оның тамыры 1,5 м тереңдікке дейін тарап, 
топырақтағы ылғалды жақсы сіңіреді. 
Пісу кезеңіндегі ең қолайлы температура - 20-25 °С. Кҥздік бидайдың 
ылғалды ең кӛп қажет ететін кезеңі - масақ пайда бола бастағаннан-гҥлденгенге 


дейін. Одан кейін ылғалды кӛп жҧмсамайды, дәннің сҥттену кезінде топырақта 
ылғал болмаса, оның салмағы азайып, ӛнімі тӛмендейді. 
Алғы дақыл. 
Кҥздік бидайдың ӛніміне ең жақсы алғы егіс болып таза және 
екпелі сҥрі жерлер жатады. Сонымен қатар шӛпке арналып себілген қара бидай 
мен ноқат, сҧлы мен асбҧршақ қоспасы, жҥгері және қонақ жҥгері сияқты 
отамалы дақылдар да да кҥздік бидай ӛніміне жақсы әсер етеді. 
Суармалы жерлерде кҥздік бидайдың ең жақсы алғы егісі болып 
жоңышқа, бҧршақ, қант қызылшасы, жҥгері және тағы басқа отамалы дақылдар 
есептелінеді. 
Мысалы, жоңышқадан кейін кҥздік бидайды 2-3 жыл ӛсіріп, жоғары ӛнім 
алуға болады. Отамалы дақылдарға, әдетте, кӛп мӛлшерде органикалық және 
минералды тыңайтқыштар беріледі, олардың қалдықтарын кҥздік бидай ҥнемді 
пайдаланып жақсы ӛседі және сапалы мол ӛнім береді. 
Тыңайту. 
Тыңайтқыштарды 
беруді 
жоспарлағанда 
егістіктің 
агрохимиялық картограммасын қолдана отырып, топырақтағы қоректік 
заттардың қорын біліп, олардың керекті мӛлшерін анықтайды. 
Кҥздік бидай тҥптену кезеңі аяқталып, тҥтік шығару сатысы басталған 
кезде тыңайтқышты кӛптеп қажет етеді. Азот дақылға ӛсуінің алғашқы 
сатыларында және дәні толысар кезінде керек. Фосфорды кӛктеуден гҥлдену 
кезеңіне дейін сіңіреді. Фосфор тыңайтқышы бидай тамырының жылдам ӛсуіне 
және дәннің тез пісуіне әсер етеді. Калийді бидай кӛктегеннен масақтанғанға 
дейін сіңіреді. Азот тыңайтқыштары суда тез еритін болғандықтан кҥзде 
шайылып кетпес ҥшін 20-30% -ы ғана беріледі.Ерте кӛктемде азотпен ҥстеп 
қоректендірудің тәжірибелік маңызы зор. Бҧл кезде берілген тыңайтқыш кҥздік 
бидайдың жақсы тҥптеніп, бірнеше сабақ тҥзуіне мҥмкіндік жасайды. 
Дән пайда болып, тола бастағанда азот жеткіліксіз болса, бидайдың 
сапасы тӛмендейді. Осы мерзімде берілген азот бидайда ақуыз мӛлшерін 
жоғарылатып, кҥшті бидай қатарына қосылуына әсер етеді. Сондықтан кҥздік 
бидай егісі аммиак селитрасымен әр гектарға әсерлі затпен 30-45 кг мӛлшерде 
ҥстеп қоректендіріледі. 
Фосфор тыңайтқыштары суда нашар ериді. Сондықтан, бҧл 
тыңайтқышпен ӛсімдік қоректене алуы ҥшін оны топырақтың ылғалды 
қабатына кҥзде сіңіруіміз қажет. Фосфор жеткілікті болған жағдайда ӛсімдік 
кҥзде жақсы жетіледі және кҥздік бидайдың қыстан аман шығуына кӛп септігін 
тигізеді. Фосфор тыңайтқышының басым бӛлігін негізгі тыңайтқыш ретінде 
кҥзде жер ӛңдеу алдында танаптарға сіңіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет