Сыртқы ортаның факторларына койылатын талаптар.
Кҥріш -
жылуды сҥйетін дақыл. Оның ӛнуіне қолайлы температура 10-12°С, ал ӛсу
кезеңіндегі қолайлы температура 25-30 °С. Оның жаңа шыққан кӛгі ҥшін 0,5 °С
салқынның ӛзі қауіпті. Кҥріштің толық ӛсіп жетілуі ҥшін 3000-3500 градус
жылулық қажет. Барлық ауылшаруашылық дақылдарының ішінде суды кӛп
пайдаланатын осы кҥріш. Оның транспирациялық коэффициенті 500-600. Суды
ең кӛп қажет ететін кезі тҥптенуден шашақ бас шығаруға дейінгі уақыт.. Бір
гектар кҥріш егісіне 15-18млн. тек-ше метр су жҧмсалады.
Алғы дақыл.
Кҥрішті бір жерге екі, әрі кетсе ҥш жылдан артық себуге
болмайды. Ӛйткені, топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Сонымен
қатар, топырақтың ауа режимі бҧзылады, анаэробты процесс жҥріп, алюминий,
темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сӛйтіп, кҥріштің ӛсуіне
зиян келтіреді. Сондықтан, кҥрішті жақсы алғы егістен кейін орналастырудың
ҥлкен маңызы бар. Ғылыми зерттеу мекемелері мен озық шаруашылықтардың
тәжірибесі кҥріштің ең жақсы алғы дақылы - жоңышқа екенін кӛрсетті.
Қазақстанда негізінен кҥріштің 7 танапты ауыспалы егісі игерілген.
Ондағы дақылдардың орналасуы мынадай: 1,2-танап - жоңышқа, 3, 4-танап -
кҥріш, 5-танап -екпе немесе таза сҥрі жер, әйтпесе сҥрлемдік жҥгері
(мелиоративтік танап), 6,7-танап - кҥріш.
Тыңайту.
Ылғи суда ӛсетін кҥріш егісіне минералдық және органикалық
тыңайтқыштар беру аса тиімді. Тыңайтқыштарды қолдану жердің
мелиорациялық жағ-дайына, топырақтың қҧнарлылығына, алынатын ӛнімнің
мӛлшеріне тікелей байланысты. Мысалы, бір гектардан 1 тонна дән және сол
шамалас сабан алынғанда, жыл сайын кҥріш топырақтан 25 кг азот, 15 кг
фосфор және 30 кг калий пайдаланады.
Кҥріш азотты ҧнатады. Оған аса зәру шағы - тҥптену мен генеративтік
мҥшелерінің қҧралу кезеңі. Азот тапшы болса, кҥріш баяу ӛсіп, нашар
тҥптенеді және шашақтары шала дәндейді.
Фосфор кҥрішке кӛктеп шыққан уақытта керек. Ол жетіспеген жағдайда
ӛсімдіктегі ақуыз алмасуы бҧзылады, тамырлардың ӛсуі кешеуілдейді.
Калий жеткілікті болуы қажет. Кҥріш оны ӛсу кезеңінің екінші
жартысында
кӛбірек
пайдаланады.
Кҥріштің
осындай
биологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып минералды және органикалық тыңайтқыштарды
қолдану оның ӛнімін арттыруға жәрдемдеседі.
Минералды тыңайтқыштарды топыраққа енгізу ҥшін тҧқым себер
алдында қопсыту кезінде барлық азоттың 50-70%-ын, фосфордың 100%-ын
РТТ-4,2, І-РМГ-4 ма-шиналарымен шашып, ЛПЛ-10-25, БДТ-7 қҧралдарымен
топырақтың 10-12 см тереңдігіне сіңіреді.
Егісті азот минералдық тыңайтқыштарымен ҥстеп қоректендіру
делтоплан немесе КА-26 машинасымен кҥріштің 3-4 жапырағы пайда болған
кезде жҥзеге асы-рылады.
Қазақтың кҥріш ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, алғы
дақылдарына байланысты егістікке минералды тыңайтқыштар енгізудің тиімді
мӛлшері мынадай: кӛп жылдық шӛптер қыртысынан кейін 3 ц аммоний
сульфаты, 5 ц суперфосфат, кӛп жылдық шӛптердің екінші айналымынан кейін
- гектарына 5-6 ц аммоний сульфаты, 4 ц суперфосфат, ал ҥшінші жыл кҥріш
егілген жерге - гектарына 7-8 ц аммоний сульфаты, 4-5 ц суперфосфат беріледі.
Суару жуйесі.
Кҥріш ылғалдылықты, жылылықты сҥйетін ӛсімдік.
Сондықтан ӛніп шыққаннан соң піскенше суда ӛседі. Оны суғарудың кӛп
тҥрлері бар.
Кҥріш ӛндіруді механикаландыру ҥшін инженерлік суару жҥйесін жасау
керек. Суару жҥйесінің басты элементі - атыз. Атыздың ені 20 м, ҥзындығы
700-1500 м болғаны дҥрыс. Су бас арықтың екі жағынан бірдей жіберіледі. Әр
атыздың ҧзына бойына, бас арыққа қарама-қарсы тереңдігі ең кем дегенде 0,7 м
қашыртқы арық қазылады. Ол негізінен егістің бетіндегі артық суды шығаруға
арналады. Су бас арықтан атызға және одан қашыртқы арыққа ашып-жабатын
қақпағы бар қҧбырлы тоспалар арқылы ағып барады.
Топырақ өңдеу
кӛбіне алғы дақылдарға байланысты. Кӛп жылдық
шӛптерден кейін оның қыртысын сәуір-мамыр айларында 6-8 см тереңдікте
БДТ-2,8, БДТ-4,0 ауыр дискілі тырмалармен ӛңдейді, содан кейін ПН-4-35
тҥренді соқамен 18-20 см тереңдікте жыртады. Мамыр айында топырақты 8-10
см тереңдікте БДТ-3, БДТ-7 дискілі қҥралдарымен екінші рет ӛңдейді, содан
кейін ПА-ЗА, Д-20Б қҥралдарымен танапты тегістейді. Топырақ ірі
тҥйіршіктерін ҥгіту және жерді тегістеу ҥшін егін себер алдында танапты ЗКК-
6А, ЗКК-1,4 катоктарымен нығыздайды.
Тұқымды себуге әзірлеу және себу.
Тҧқымды себер алдында кҥн
шуағында қыздыру керек. Бҧл жҧмысты егін себуге 7-10 кҥн қалғанда
жҥргізген дҧрыс.
Кҥрішті суға шашып сепкенде тҧқымды себер алдында 1,5-2 тәулік
бойына таза суға немесе қоректік заттар (5-10% аммоний сульфаты) ерітіндісіне
салып жібітеді. Әр тҥрлі ауруларға қарсы (фузариоз, бактериоз және басқа)
шара ретінде тҧқымды 80% бенлат және 50% дерозол препараттарымен
дәрілейді. Фундазол 50 пайыз с.п. (2-3 кг/га). Оның мӛлшері 1 тонна тҥқымға -
2-3 кг.
Кҥріштің ең қолайлы себу мерзімі - топырақтың тҧқым сіңірілетін
тереңдігі 12-14°С-қа қызған уақыт немесе мамыр айының 1-20 жҧлдыздары
аралығы.
Себу мӛлшері топырақтың қҧнарлылығына, тҧқымды сіңіру тереңдігіне,
себу
мерзіміне,
сорттың
биологиялық
ерекшеліктеріне,
танаптың
арамшӛптерден тазалығына, тҧқым сапасына, алғы дақылға тікелей
байланысты.
Кӛп жылдық шӛптердің қыртысынан кейін сепкендегі қолайлы тҧқым
себу мӛлшері бір гектарға 7-8 млн. ӛнгіш дән, кӛп жылдық шӛптің екінші
айналымнан кейін орналасқанда - 7,0-8,5 млн., ал мелиоративтік та-наптан
кейін - 6,0-8,5 млн. ӛнгіш дән.
Кҥрішті СЗ-3,6 РН-3,6 дән сепкіштерімен тар қатарлы немесе тоғыспалы
әдіспен 1,0-1,5 см тереңдікте себеді.
Егістпі күтіп-баптау және жинау.
Кҥріш - бҥкіл ӛсу кезеңінде танапта
судың кӛлкіп тҧруын тілейтін дақыл. Сондықтан, тҧқым себіліп бітісімен 2-3
кҥннің ішінде атызға 3-5 см деңгейде су қҧйылады. Кҥріш тҥптенгеннен кейін
су деңгейі 12-15 см-ге дейін жеткізіледі.
Кҥріш егісіндегі бір жылдың астық тҧқымдас арамшӛптерді жою ҥшін
оның 2-3 жапырағы пайда болғанда бір гектарға 5,6-8,3 л мӛлшерінде 72
пайыздың ордрам 6Е және 2 л 48% базарган гербицидтерін ңолданады. Ӛсімдік
1-4 жапырақ шығарған кезде бір гектарға 15-18 кг мӛлшерінде 50 пайыздық
Аураплюс 7,5 пайыз к.э. 1,5 кг/га гербицидін қолдануға болады.
Кӛп жылдық арамшӛптерді (тҥйнек ӛлең, алисма және басқалары) қҧрту
ҥшін ӛсімдіктің толық тҥптену кезеңінде литр есебімен бір гектарға мына
гербицидтерді ңол-дануға болады: Базарган 48 пайыздың Н.Р. 2,0-4,0 кг/га,
бутил эфирі (бутанон - 1,2-1,4 кг).
Кҥрішті жинау - ең жауапты кезең. Оны ору қыркҥйек-қазан айларында
жҥргізіледі. Шабу кезінде жер толық қҧрғақ болуы ҥшін кҥріштің дәні
қамырланғанда атыздарға су қҧю тоқтатылады, сондықтан кҥріш толық піскен
кезде 1 гектардағы су тартылып, жер қҧрғайды. Кҥріш негізінен катокпен
орылады.
Ең алдымен ЖНУ-4, ЖРК-5 жаткаларымен шашаң бітімі дәннің 85-90
пайызы толық піскенде кҥріш дестеге орылады, содан 3-5 кҥннен кейін СКД-
5Р, СКПР-6, СКГД-6 комбайндарымен жинап бастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |