«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет94/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Алғы дақыл.
. Қазақстанның суармалы оңтҥстік және оңтҥстік-шыгыс 
аймақтарында жҥгері ҥшін жақсы алгы егіс – дәнді бҧршақты дақылдар, мақта, 
ерте пісетін жаздық масақты дәнді және бақша дақылдары.. Ал сҥрлемдік 
жҥгері ӛсіретін солтҥстік облыстарда оны мал фермаларының қасына тҧрақты 
жерде қайталап себу экономикалық жағынан тиімді және биологиялық 
тҧрғыдан дҧрыс екені зерттеулер нәтижесінде дәлелденді. 


Тыңайту. 
Топырақта қоректік заттардың жетіспеуі жҥгерінің ӛсіп-
дамуына, оның ӛнімділігіне зиянын тигізеді.. Азотты кӛп мӛлшерде гҥлдену 
мен дәннің пайда болу кезеңінде керек етеді. Жҥгері сҥттеніп-қамырланып пісу 
кезеңінде фосфорды кӛп мӛлшерде, ал калийді дән ӛне бастағаннан шашақ 
шығаруға 10-12 тәулік қалғанға дейін елеулі мӛлшерде пайдаланады, ал бҧдан 
кейін оны аса кӛп қажет етпейді. 
Бір тонна дән қҧрау ҥшін, жҥгері топырақтан 24,6 кг азот, 9,9 кг фосфор 
және 25,5 кг калий алады, ал осындай мӛлшердегі кӛк балаусаға 2,53 кг азот, 
0,83 кг фосфор және 3,44 кг калий керек. Сондықтан жҥгеріден мол ӛнім алу 
ҥшін органикалық және минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану керек. 
Органикалық тыңайтқыштарды минералдық тыңайтқыштармен ҧштастырып 
қолданудың зор маңызы бар. Әр гектарға 20-30 тонна органикалық тыңайтқыш 
қолдану қажет. 
Топырақ өңдеу. 
Республиканың суармалы егіншілік аймағында жҥгері 
ҥшін топырақты негізгі ӛңдеу кҥзде алғы егісті жинап алысымен танапты БДТ-
7 ауыр тыр-мамен 10-12 см тереңдікте қопсытудан басталады. Содан кейін 
гранулометриялық қҧрамы ауыр және орташа топырақтарды ПТК-9-35 тҥренді 
соқамен 27-30 см терең-дікте жыртады, ал кӛктемде (сәуір-мамыр айларында) 
жер 22-25 см тереңдікте қайталап жыртылады. Гранулометриялық қҧрамы 
жеңіл топырақты кӛктемде 22-25 см тереңдікке жыртады. Ылғал жабу кӛктемде 
топырақ дегдісімен БЗСС-1,0 тырмасымен 1-2 қайтара жҥргізіледі. Ал тҧқым 
себер алдындағы топырақ ӛңдеу РЗК-5,6 қопсытқышымен дән себу тереңдігінде 
жҥргізіледі. 
Қазақстанның суарылмайтын (солтҥстік және батыс облыстар) және 
тәлімі (оңтҥстік және оңтҥстік-шығыс облыстар) жерлерінде кҥздігҥні 
(қыркҥйек-қазан айла-рында) топырақты КПГ-250 жазықтабанды сыдыра 
тілгішпен 25-27 см тереңдікте қопсытады, немесе ПН-4-35 тҥренді соқамен 25-
27 см тереңдікте жыртады.Егін себер алдында топырақты 6-8 см тереңдікте 
КПІН-5, КПІП-9, КППІ-11 сыдыра жыртқыш қопсытқыштарымен қопсытады.
Егер танапта арамшӛп басым болса, топырақты ӛңдеу қайталанады және 
ОН-400, ОПІП-15 қҧралдарымен бір гектарға 7-8 литр мӛлшерде 80% алерокс, 
эрадикан , раундал 36 пайыз - 2,0-5,0 кг/га, гезагард 50 - 2,0-4,0 кг/га 
гербицидтері шашылып, БИГ-3 А тырмасымен топыраққа сіңіріледі. 
Тұқымды себуге әзірлеу және себу. 
Ғылыми-зерттеу мекемелері мен озық 
шаруашылықтардың тәжірибелері республиканың солтҥстік облыстарында 
сҥрлемдік жҥгеріні мамыр айының 12-25 жҥлдызы аралығында, ал оңтҥстік 
облыстарда сәуірдің 10-нан 20-на дейін сепкенде мол ӛнім алынатындығын 
дәлелдейді. 
Жҥгерінің ӛнімділігін арттыруда тҧқым себу мӛлшерін дҧрыс белгілеудің 
де маңызы зор. Егер ӛсімдік сирек болса, онда оны арамшӛп басып кетеді, ӛнімі 
тӛмендейді, ӛсімдік жиі болған жағдайда қҧрғақшылық жылы ылғал 
жетіспегендіктен дақыл нашар ӛсіп, мол ӛнім бере алмайды. 
Солтҥстік Қазақстанда сҥрлемдік жҥгері ҥшін әр гектарда 80-100 мың 
ӛсімдік болуы шарт, ал ору кезінде 70 мың тҥп ӛсімдік болуы керек. 


Республиканың оңтҥстік облыстарында дәнге арналған жҥгері ҥшін әр гектарда 
63-64 мың, ал жинау алдында 45 мың тҥп ӛсімдік болса жеткілікті. 
Жҥгеріні негізінен СПЧ-6 немесе СУПН-8 дән сепкіштерімен кең қатарлы 
әдіспен себеді. Қатараралығының кеңдігі 60 не 70 см болады.Соңғы кезде 
жҥгеріні нҥктелі (пунктирлі) себу әдісі қолданылып жҥр. Тҧқым сіңірілу 
тереңдігі 7-8 см, ал топырақтың беткі қабатында ылғал аз болған жағдайда оны 
8-10 см тереңдікке сіңіреді.. 
Суармалы жерлерде сҥрлемге егілген жҥгеріні гранулометриялық қҧрамы 
ауыр топырақтарда 3-5 рет, ал жеңіл топырақтарда 6-10 рет суару қажет. Дән 
ҥшін егілген жҥгеріні бҧдан 1-2 рет артық суарады. 
Бірінші рет суару ӛсімдік кӛктеп шыққан 30-40 кҥннен кейін жҥргізіледі. 
Ең соңғы суару гранулометриялық қҧрамы ауыр топырақтарда егін жинауға 10-
15, ал жеңіл топырақты жерлерде 7-9 кҥн қалғанда жҥргізіледі. Әрбір суару 
мӛлшері - бір гектарға 500-700 текше метр. Суару мерзімдерін жҥгері 
дамуының неғҥрлым жауапты кезеңдеріне, яғни ӛсімдікте 4-5 нағыз 
жапырақтың пайда болу, сабақтану, масақтану, шашақтану, гҥлдену, дәні 
толысу кезеңдеріне тҥспа-тҥс келтіріп отыру керек. 
Жҥгерінің қатараралығын ӛңдеу ӛсімдік бойлап ӛскенге дейін КРН-4,2, 
КРН-5,6 қопсытқышымен кемінде 2-3 рет жҥргізіледі. Қатараралықтарын 
алғашқы ӛңдеу 6-8 см тереңдікте, ал келесі ӛңдеулер 12-14 см тереңдіктерде 
жҥргізіледі. Қатараралықтарын ӛңдеумен бір мезгілде ӛсімдікті ҥстеп 
қоректендіріп отыру қажет. Алғашқы ҥстеп қоректендіруді мҥмкіндігінше 
ертерек, яғни ӛсімдіктің 3-4 нағыз жапырақ жайған кезінде жҥргізген жӛн. 
Екінші рет ҥстеп қоректендіру екінші суарудың алдында жҥргізіледі. Ӛсімдікті 
тыңайтқыштармен ҥстеп қоректендірудің мӛлшері топырақ кар-тограммасында 
кӛрсетілген жҧғымды элементтердің және жоспарланып отырған ӛнімнің 
мӛлшеріне қарай белгіленеді.

Жҥгері сорттары және гибридттері:ВИР – 156 - екі линия аралық будан. 


Собығы ӛте ірі, ҧзындығы 20 –25 см, салмағы 400-420 г., 18 –20 дән қатарынан 
тҧрады,қызыл ӛзекті,сабағында 90 – 100 см биіктікте орналасады. Сабағы ӛте 
биік болса да, жатып қалмайды.Мың дәнінің салмағы 280 – 300 г. Ӛте кеш 
піседі, дән кҥйесімен зақымданбайды, фузариоз бактериозға тӛзімсіз.
Будан 237МВ 1994ж., бастап Шығыс Қазақстан,Батыс Қазақстан 
Қарағанды, Алматы облыстарында пайдаланылады. Ҥш линия аралық будан. 
Орташаерте мерзімді гибрид және вегетациялық кезеңі 90 – 100 кҥн. 
Суарылмалы жердегі ең жоғарғы дән ӛнімі 80 – 100 ц / га, жасыл желеңі – 500 – 
570 ц / га, тәлім жерлердегі дән ӛнімі 45 – 55 ц / га, ал жасыл желеңі – 350 –450 
ц / га. Дәндегі крахмал мӛлшері – 71, 0 %, майы – 6,6%. 
Ӛсімдіктің биіктігі 244 см,жапырақ саны – 16, собық ҧзындығы – 22 см. 
Собықтың салмағы – 151 г., 1000 дәнінің салмағы – 308 г. Авторлар: 
Н.К.Потапова Б.А Алмаханов., Я. Л.Сейфуллин, З. Т Турсунова. 


Алатау 107 ТВ 1992 ж., бастап Ақмола,Жезқазған, Батыс Қазақстан, 
Қарағанды облыстарында пайдаланылып жҥр. Ӛсу кезеңі 118 кҥн. Дәнінің ең 
жоғарғы ӛнімі 45 – 50 ц / га, жас желеңі – 350 – 450 ц /га. Дәндегі крахмал 
мӛлшері – 657,6 %, майы – 6,5 %.
Ӛсімдік биіктігі – 210 – 220 см. Басты сабағындағы жапырақ саны - 14. 
Собығының ҧзындығы – 22 см. Собықтың салмағы – 210 г., 1000 дәнінің 
салмағы 230-250-г. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет