Минералды тыңайтқыштар жер қыртысындағы органикалық заттардың
тікелей кӛзі болмағанымен, топырақ ертіндісінің қолайсыз жағдайында
шіріндінің минералдану процесінің бағыты мен қарқынын ӛзгертеді.
Тыңайтқыштардың жоғары мӛлшерін қолданғанда топырақтағы энергетикалық
материал мен қоректік элементтердің қалыпты ара қатынасы бҧзылып,
шіріндінің ыдырау процесі тездетіледі де, тиімді қолданылған минералды
тыңайтқыштардың, шірінді мӛлшерін бір деңгейде сақтауға, тіпті кейде
кӛтеруге мҥмкіндік туғызатындығын аңғартады.
Топырақ
шіріндісінің тҥзілу процесінде ӛсімдіктердің аңыздық
қалдықтарын шірітудегі бактериялардың, саңырауқҧлақтар мен балдырлардың
белсенділігін арттыруда азоттың алатын орны ерекше. Ал осы элементтің
жетімсіздігінен органикалық заттардың минералдануы баяуласа, азотпен
салыстырғанда фосфор тыңайтқыштары шіріндінің сапалық қҧрамын
жақсартуда ӛте қолайлы әсер етеді.
Тыңайтқыштар қолданудың ғылыми негізделген жҥйесін жетілдіру
барысында азотты қорек ілімін оңтайландыру мәселесі ерекше орын алады.
Топырақтың ылғалдылығы мен температурасына байланысты азот басқа
қоректік элементтерге қарағанда ӛзінің тез ерігіштік әрі ӛзгергіштік
қасиеттерімен айрықшаланады. Топырақтағы азот айналымы оның сан алуан
минералды қоспалар тҥрінде кездесіп, ӛсімдіктердің қоректену жағдайларын,
тыңайтқыштар тиімділігін және ӛнім мӛлшері мен сапасын анықтайтындығын
дәлелдейді. Соған қарамастан ешқандай негізсіз, есеп-қисапсыз қолданылған
тыңайтқыштардың бҧл тҥрі топырақтың биологиялық қасиеттеріне кері әсер
етіп, экологиялық және гигиеналық дағдарыстың кҥйзеліске ҧшырауына
себепші болуда.
Топырақтағы фосфор қорегін оңтайландыру сіңірілетін тыңайтқыш
тҥрлеріне, ертіндіде болатын қосылу және айналу процестерінің бағытына
тікелей тәуелді. Жер қыртысындағы фосфордың табиғи қоры, кескіндер
бойынша бӛлінуі оның топырақ тҥзуші жыныстардағы мӛлшерімен
анықталады. Мәселен, сҧр топырақтан басталып қара топыраққа дейін, яғни
шіріндінің мӛлшері мен қалыңдық қабаты ҧлғайған сайын ондағы жалпы
фосфордың шамасы да ӛсе тҥседі. Бірақ аталған кӛрсеткіштің сандық мәні
топырақтың генетикалық ерекшеліктеріне, оның механикалық, минералдық
және химиялық қҧрамына сәйкес айтарлықтай мағынада ауытқып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: