жақсартады, тереңдегі ылғалды тҧқымға жақындатады, тҧқымның жер бетіне
бір мезгілде ӛніп шығуын қамтамасыз етеді, ӛнімнің 1-3 центнерге артуына
мҥмкіндік береді.
Арамшӛптерді азайту ҥшін тарыны сепкеннен 3-4 кҥн ӛтісімен бір рет, 5-
6 жапырақ пайда болғанда екінші рет тырмалау керек.
Арамшӛптерге қарсы 2,4-Д тобындағы натрий, амин тҧздарын, бутил,
октил эфирлерін қолдануға болады. Бҧл гербицидтерді тары тҥптене бастағанда
шашу керек. Амин тҧзының (40% ерітінді) әр гектарға жҧмсалатын мӛлшері
1,5-2 кг, бутил және октил эфирінің (43% эмульсия) мӛлшері - 0,7-1,0 кг.
Базарган 48 пайыз н.р. (2,0-4,0 кг/га).
Өнімді жинау.
Тарының бір ерекшелігі - дәні бір мезгілде пісіп
жетілмейді, алдымен оның сыпыртқы тәріздес басының ең ҧшында тҧрған
дәндері, содан кейін біртіндеп тӛмендегілері пісе бастайды. Тӛменде
орналасқан дәндері пісіп болғанша бҧрын піскендері жерге тӛгіліп қалады. Осы
себепті тарыны тікелей комбайнмен оруға болмайды, алдымен оны дестеге
салып, содан 5-7 кҥннен кейін комбайнмен жинап алу керек. Дестеге салуды ең
жоғарыда орналасқан дәндер пісе бастағанда бастайды. Дестелеу кезінде тары
сабағы 12-15 см биіктікте орылады. Одан тӛмен орылса, десте жерге жабысып
қалады да, жӛнді кеппейді және жерде жатқан дестені комбайнның алуы
қиындайды да, астық тӛгіліп шашылады.
Жай қатарлап себілген тарыны дестеге салу ҥшін агрегат тары себілген
бағытпен жҥруі керек. Сонда ғана десте жерге қҧламай, аңыздың ҥстіне тҥсіп
тез кӛбейеді, комбайнмен оңай жиналады. Дәннің зақымдануын азайту ҥшін
тарыны жинау кезінде комбайн барабанының жылдамдығын минутына 600-700
айналым жасайтындай етіп реттеу керек.
Жамбыл облыстық тәжірибие станциясының зерттеу алаңына ИКБА дан
алынған жақсартылған линиялары бар сҧрыптардың жоғарғы ӛнім беретін
тҧқымдары егілді. Жҥргізілген зерттеу жҧмыстарында 25 – 30
0
С
температурадағы жылы су арқылы дымқалдап, дәнді ӛз массасының 30% сумен
қамтыдық. Дәннің дымқылдағы 20 – 30% жеткендерін кептіріп бір кҥнде егілді,
бҧл әдіс дәндердің бірыңғай кӛтерілуіне кӛмектеседі.
Тәжірибе жағдайында аммиак селитрасымен беттік ҥстеп қоректену
азоттың 40 кг/га әсер ету дозасымен екінші суғару кезінде берілді, ал вегетация
кезінде ҥш рет суғару жҥргізілді
15–кестеде келтірілген мәліметтер тарының жасыл биомассасының
аккумуляциялық деңгейі жоғары екендігін кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: